ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 35 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 14-бабының 4) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 4 қарашадағы қорытындысының негізінде, Мариногорка, Жұмба ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, Мариногорка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкпекті ауданының Мариногорка ауылының келесі көшелерінің атауларын:
1) Советская көшесі Байтерек көшесі;
2) Пролетарская көшесі Талды көшесі болып өзгертілсін.
2. Көкпекті ауданының Жұмба ауылының келесі көшесінің атауы:
1) Чапаев көшесі Қалба көшесі болып өзгертілсін.
3. Көкпекті ауданының "Мариногорка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді:
1) осы шешімді Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялау үшін жеберуді;
3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
4. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мариногорка ауылдық округінің әкімі | К. Сурашев |