Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 30.11.2021 № 10/3-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 11-бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тарбағатай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 6-6 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4732 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 15 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары оқу жылы ағымында ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.";
2 тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"5) шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеліп соққан жағдайлар туындаған кезде (мүгедек бала он сегіз жасқа толғанда, мүгедектігін алғанда, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқыған кезеңінде, мүгедек бала қайтыс болғанда) төлем сәйкес жағдай туындаған айдан келесі айда тоқтатылады.";
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. ИЛЬЯСОВ |
Аудандық мәслихат хатшысы | С. Жакаев |