Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 6-6 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 4 қарашада № 4732 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 қарашадағы № 10/3-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 30.11.2021 № 10/3-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабы 4) тармағына, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабы 1) тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары оқу жылы ағымында ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 27.03.2020 № 52-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Келесі тәртіп айқындалсын:
      1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу Тарбағатай ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы жүзеге асырылады;
      2) үйде оқытылатын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға шығындарды өндіру (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне немесе мүгедек балалардың заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;
      3) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағына сәйкес ұсынылады (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11342 тіркелді);
      4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық – медициналық - педагогикалық кеңесінің қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған жағдайда өтініш берген айдан бастап тағайындалады;
      5) шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеліп соққан жағдайлар туындаған кезде (мүгедек бала он сегіз жасқа толғанда, мүгедектігін алғанда, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқыған кезеңінде, мүгедек бала қайтыс болғанда) төлем сәйкес жағдай туындаған айдан келесі айда тоқтатылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 27.03.2020 № 52-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Құнафиянов
      Тарбағатай аудандық
      мәслихатының хатшысы С. Жакаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады