ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 – бабының 2-тармағына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұлан ауданы мәслихатының 2016 жылғы 18 наурыздағы № 316 "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4495 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған, 2016 жылғы 29 сәуірде "Ұлан таңы" № 20 газетінде, 2016 жылғы 16 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2020 жылғы 8 маусымнан қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Ұлан аудандық мәслихат хатшысы |
О. Сыдыков |