ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 1-тармағына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұлан ауданы мәслихатының 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 133 "Сот шешімімен Ұлан ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5332 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің қолданылуы 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылсын.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Ұлан аудандық мәслихат хатшысы |
О. Сыдыков |