ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, 27-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1- тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мекемелерге ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмысшылардың тізімдік санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін:
1) 50-ден (елуден) 100 (жүз) адамға дейін - 2 (екі) пайыз мөлшерінде жұмысшылардың тізімдік санынан;
2)101-ден (жүз бірден) 250 (екі жүз елу) адамға дейін - 3 (үш) пайыз мөлшерінде жұмысшылардың тізімдік санынан;
3) 251-ден (екі жүз елу бірден) артық адамға дейін - 4 (төрт) пайыз мөлшерінде жұмысшылардың тізімдік санынан.
2. "Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Ұлан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Ұлан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 446 "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2019 жылғы 21 қаңтарда № 5-17-214 тіркелген, 2019 жылғы 1 ақпанда "Ұлан таңы" № 5 (8113) газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Әбдікәримовке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлан ауданының әкімі | Н. Сақтағанов |