Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 446 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық Әділет басқармасында 2019 жылғы 21 қаңтарда № 5-17-214 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № 397 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 07.12.2020 № 397 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, 27-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1- тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Деңсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген), мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Ұлан ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 53 "2018 жылға арналған мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5498 тіркелген, 2018 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланды), Ұлан ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 235 "Ұлан ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 53 "2018 жылға арналған мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы"" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-17-184 тіркелген, 2018 жылғы 27 шілдеде "Ұлан таңы" газетінде және 2018 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланды) күштері жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұржан Оразбекович Әбдікәрімовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлан ауданының әкімі Н. Сақтағанов

  Ұлан ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "14" қаңтардағы
№ 446 қаулысына қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квота мөлшері

Тізімдік саны бар ұйымдар

Квота мөлшері (%)

Елуден жүз адамға дейін

2

Жүз бірден екі жүз елу адамға дейін

3

Екі жүз елу бірден артық адам

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады