ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңының 8, 13 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ұлан ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аблакет ауылдық округі бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ш. Захарьянов |
Ұлан аудандық мәслихат хатшысы | Н. Сыдыков |
Ұлан аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 420 шешіміне қосымша |
Аблакет ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған жоспар
Аблакет ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған жоспар (бұдан әрі – Жоспар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 "Жайлымдардың жалпы алаңына жүктеменің рұқсат етілген шекті нормасын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды ұйымдастыру үшін:
- жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар бөлінісінде Аблакет ауылдық округі аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (1-қосымша);
- жайылым айналымдарының қолайлы схемалары (2-қосымша);
- жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен аудандары көрсетілген карта (3-қосымша);
- жайылым пайдаланушыларының су көздеріне қол жеткізу схемасы (4-қосымша);
- жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін учаскелерге ауыстыру схемасы (5-қосымша);
- жеке және заңды тұлғалардың шалғайдағы жайылымдарына ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру схемасы (6-қосымша);
- ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және қозғалудың маусымдық бағыттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кесте (7-қосымша) жасалды.
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық тексерудің жай-күйі туралы мәліметтерді, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтерді, ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны туралы деректерді, олардың иелерін – жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсетумен, малдардың түрлері мен жыныстық-жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректерді, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының басын қалыптастыру туралы мәліметтерді, мәдени және аридті жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктерін, мал айдауға арналған сервитуттар туралы мәліметтерді және мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректерді ескере отырып қабылданды.
Аблакет ауылдық округі Ұлан ауданының орталық бөлігінде Ертіс өзенінің сол жағалауын бойлай, таулы-дала және құрғақ дала аймақтарында орналасқан.
Таулы-дала аймағы таулы шалғынды-дала, тау бөктеріндегі далалық орташа-ылғалды және далалық орташа-құрғақ кіші аймақтарға бөлінеді. Климаты орташа-құрғақ, орташа ыстық, жылдық орташа жауын-шашыны 360-390 ММ. Орташа жылдық температурасы +10. Салыстырмалы ылғалдылығы - 68 %. Оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бағыттағы желдер басым, орташа жылдық жылдамдығы 2,7 м/сек.
Топырағы қара-қоңыр, оңтүстік таулы қара топырақты, кәдімгі қара топырақты, оңтүстік қара топырақты, жай қара топырақты таулы сілтілі қара топырақты.
Өсімдік жамылғысы: бетегелі-бетегелі-жусанды, бетегелі-бетегелі-түрлі шөпті, түрлі шөпті-дәнді, жұмсақ қабатты және түрлі шөпті бұта-шым-дәнді дақылдар болып табылады.
Тұрақты қар жамылғысы қараша айының ортасында орнықтайды, сәуір айының бірінші онкүндігінде кетеді. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 130-150 күн.
Гидрография Ертіс өзенінің бассейні болып табылады. Ең ірі өзендер: Ұранхай, Сібе және көптеген басқа бұлақтар.
Әкімшілік орталығы Сағыр ауылы аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 23,0 км жерде орналасқан.
Аблакет ауылдық округі 82898,9 га алаңды алып жатыр, оның ішінде: егістік – 5352,2 гектар, жайылым – 51395,3 гектар, шабындық – 9436,5 гектар.
Жер санаттары бойынша:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер- 61634,1 гектар;
елді мекендердің жерлері - 5430 гектар;
өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер – 8,7 гектар;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері-73 гектар;
су қорының жері – 15753 гектар;
босалқы жерлер -5116 гектардан құралады.
2020 жылдың 1 қаңтарына Аблакет ауылдық округінде ауыл шаруашылығы малдарының саны: ірі қара мал 8578 бас, оның ішінде аналық мал 3338 бас, ұсақ қара мал 10536 бас, жылқы 4289 бас (№1 кесте).
№ 1 кесте |
Округте ауыл шаруашылық жануарлары мен құстарына ветеринарлық қызмет көрсету үшін 1 – ветеринарлық пункт, 2 – мал қорымы ұйымдастырылған.
Ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз ету үшін Аблакет ауылдық округі бойынша 51395,3 гектар жайылым жерлер бар, елді мекендер шегінде 4374 гектар жайылым бар.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңының 15-бабына сәйкес, Аблакет ауылдық округі жергілікті халықтың мұқтаждығы үшін ауыл шаруашылығы малдарының аналық (сауын) мал басын ұстау бойынша елді мекеннің 4374 гектар бар жайылымдық алқаптарында қажеттілігі 8023,5 гектар құрайды (№ 2 кесте), оны малдарды қорада ұстау есебінен толықтыру жоспарлануда.
№ 2 кесте |
№ | Ауылдық округі |
Жайылым |
Сауын сиырлардың бар |
Жайылымға қажеттілік |
Жайылымдардың |
Жетіспеушілігі, |
1 | Аблакет | 4374 | 1653 | 7,5 | 12397,5 | 8023,5 |
Аблакет ауылдық округінің жергілікті тұрғындарының малын жаю үшін 4766 гектар берілді.
Жергілікті тұрғындардың басқа ауыл шаруашылық малдарын жаю бойынша 28515 гектар көлемінде жайылымдық алқап қажеттілігі бар, ІҚМ басына түсетін жүктеме нормасы – 7,5 га/бас, ұсақ мал - 1,5 га/бас, жылқы - 9 га/бас (№ 3 кесте).
№ 3 кесте |
23749 гектар мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қалыптасқан қажеттілігін 05-079-002 есептік кварталының шалғайдағы жайылымдарында халықтың ауыл шаруашылығы малдарын жаю есебінен толықтыру қажет.
Аблакет ауылдық округінің ЖШС, шаруа және фермер қожалықтарындағы мал басы: ірі қара мал 4979 бас, ұсақ қара мал 5870 бас, жылқы 3520 басты құрайды (№ 4 кесте).
№ 4 кесте |
ЖШС, шаруа және фермер қожалықтарының жайылым алаңы 44083,7 гектар құрайды. ЖШС, шаруа және фермер қожалықтарының жайылым алқаптарының 33743,8 гектар көлемінде қалыптасқан қажеттілігін босалқы жерлер мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының жем-шөп базасы есебінен толықтыру қажет.
Аблакет ауылдық округінде 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 1-қосымша |
Аблакет ауылдық округі аумағында құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 27.12.2021 № 107 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Шартты белгілер:
Аблакет ауылдық округі жайылымдарының орналасу схемасына (картасына) қоса берілетін жер учаскелері меншік иелерінің тізімі
№ | Меншік иесінің атауы | Жайылым алаңы (га) | Түрлері бойынша малдардың саны (бас) | ||
ІҚМ | ҰҚМ | Жылқылар | |||
1 | Нурлан Адылканович Рамазанов | 54 | 120 | 450 | 85 |
2 | Амантай Кабдошевич Бакин | 98,6 | 94 | 430 | 120 |
3 | Хайрулла Туканович Жигитаев | 0,9 | 30 | 0 | 42 |
4 | Кайрат Базарович Абсалямов | 1,7 | 300 | 300 | 325 |
Аблакет ауылдық округі жайылымдарының орналасу схемасына (картасына) қоса берілетін жер учаскелерінің жер пайдаланушыларының тізімі
№ | Жер пайдаланушының атауы | Жайылым алаңы (га) | Түрлері бойынша малдардың саны (бас) | ||
ІҚМ | ҰҚМ | Жылқылар | |||
1 | Марат Абдеханулы Абдеханов | 260,4 | 0 | 0 | 0 |
2 | Кайрат Базарович Абсалямов | 400,5 | 300 | 300 | 300 |
3 | Даулетказы Болатказинович Абылхахов | 523,1 | 0 | 0 | 0 |
4 | Сергазы Айтказин | 2,3 | 0 | 0 | 0 |
5 | Советхан Молдашевич Акпеков | 296 | 0 | 0 | 0 |
6 | Анатолий Иванович Алешин | 10,7 | 0 | 0 | 0 |
7 | Аслан Алимбекович Алимбеков | 260,4 | 0 | 0 | 0 |
8 | Окажан Рамазановна Аманова | 3 | 21 | 0 | 2 |
9 | Газиз Кабыкешович Амерханов | 123,8 | 70 | 120 | 20 |
10 | Сәуле Өмірбекқызы Андамасова | 63,2 | 16 | 15 | 0 |
11 | Турсынбек Аргынбек | 2,9 | 13 | 0 | 0 |
12 | Нурлан Жумажанович Асылов | 11,4 | 0 | 0 | 0 |
13 | Нуржан Ахметов | 340,7 | 50 | 100 | 78 |
14 | Альмира Сәкенқызы Ахметова | 366,3 | 0 | 0 | 0 |
15 | Ахметсалимқызы Аэлита | 990,1 | 0 | 0 | 0 |
16 | Жанабай Ашимов | 35,9 | 0 | 0 | 0 |
17 | Серік Сапарұлы Баибосынов | 102,6 | 0 | 0 | 0 |
18 | Марат Байжуманов | 219,7 | 3 | 0 | 18 |
19 | Мастура Дюсеновна Байжуминова | 42,9 | 0 | 0 | 0 |
20 | Кажимукан Исаинович Баймуратов | 20,9 | 2 | 15 | 3 |
21 | Бекен Баймухаметов | 48,7 | 0 | 0 | 0 |
22 | Амантай Кабдошевич Бакин | 970 | 0 | 0 | 0 |
23 | Бауыржан Қайнарұлы Бақашев | 75,2 | 64 | 0 | 40 |
24 | Жұмағазы Бақтияров | 111,6 | 29 | 88 | 12 |
25 | Зебониссо Мелибойевна Баткульдина | 13,2 | 0 | 0 | 0 |
26 | Рашит Төлегенұлы Баяндинов | 130 | 6 | 5 | 0 |
27 | Талгат Мелсович Бекеев | 28,7 | 0 | 0 | 0 |
28 | Кайрат Алдиярханович Богусов | 289,5 | 0 | 0 | 0 |
29 | Лидия Николаевна Болгова | 19,6 | 0 | 0 | 0 |
30 | Кайрат Сатыбалдинович Габдуллин | 24 | 21 | 30 | 6 |
31 | Юрий Константинович Гостев | 161,4 | 0 | 0 | 0 |
32 | Николай Михайлович Гринцов | 93,6 | 3 | 15 | 0 |
33 | Толкын Даутхановна Даутханова | 496,1 | 0 | 0 | 0 |
34 | Қажбек Сағдатұлы Дәулетов | 45 | 9 | 20 | 0 |
35 | Толеу Амирович Елемесов | 63,2 | 34 | 0 | 0 |
36 | Ерсын Казкенович Елеукенов | 32 | 0 | 0 | 0 |
37 | Қанипа Әбілқасым | 13 | 0 | 0 | 0 |
38 | Бердіқан Көшерханұлы Әділбаев | 14 | 25 | 0 | 4 |
39 | Мұратбек Ақашұлы Әмержанов | 28,4 | 0 | 0 | 0 |
40 | Лаззат Жанузакова | 43,8 | 0 | 0 | 0 |
41 | Самархан Айтқазыұлы Жанұзақов | 1086,2 | 5 | 0 | 30 |
42 | Кенже Камзаевич Жексембаев | 6 | 0 | 0 | 0 |
43 | Кулдарай Уаткановна Жексенова | 77,4 | 0 | 0 | 0 |
44 | Аскар Абдеханович Жуанышев | 260,4 | 120 | 120 | 128 |
45 | Магиза Жубаниязова | 218,2 | 0 | 0 | 0 |
46 | Гайния Омарбековна Жунусова | 270,4 | 116 | 300 | 16 |
47 | Думан Кеңесқанұлы Жүнісов | 27,2 | 20 | 0 | 3 |
48 | Баянбай Жұмағұлов | 33,7 | 0 | 0 | 0 |
49 | Көпжасар Жұмақанұлы | 10 | 0 | 0 | 0 |
50 | Солтанғали Зейнолда | 399,1 | 141 | 150 | 44 |
51 | Михаил Петрович Зудяев | 289,5 | 0 | 0 | 0 |
52 | Гүлнұр Зұлқаршын | 60 | 0 | 0 | 0 |
53 | Павел Николаевич Иванов | 67 | 0 | 0 | 2 |
54 | Асылгазы Кабидуллинов | 15 | 14 | 30 | 3 |
55 | Мертай Кажиякперов | 37,5 | 21 | 27 | 3 |
56 | Дамир Кайрат | 515,3 | 0 | 0 | 0 |
57 | Ерзада Килимбекович Кайсин | 90,2 | 0 | 0 | 0 |
58 | Назым Сериковна Каманова | 218,2 | 0 | 0 | 0 |
59 | Ербол Абылкаирұлы Карімов | 8,2 | 2 | 0 | 0 |
60 | Дастан Кайролдинович Кемешев | 1332,5 | 380 | 350 | 360 |
61 | Руслан Набиолданович Кемешев | 377,8 | 260 | 250 | 178 |
62 | Ева Афанасьевна Котельник | 67 | 0 | 0 | 0 |
63 | "УКРАИНКА" шаруа қожалығы | 492 | 0 | 0 | 0 |
64 | "Урувель" шаруа қожалығы | 551,3 | 0 | 0 | 0 |
65 | Ерлан Амангельдыевич Кырыкбаев | 1259,8 | 10 | 30 | 30 |
66 | Күлзәда Мақсұқызы Қабдуллина | 1,4 | 14 | 30 | 3 |
67 | Сайымбек Қабылов | 73 | 21 | 27 | 3 |
68 | Эрик Мазенұлы Қадылов | 20 | 0 | 0 | 0 |
69 | Шаяхмет Қамбарұлы Қалиев | 11,1 | 0 | 0 | 0 |
70 | Михаил Касьянович Лактионов | 14,5 | 0 | 0 | 0 |
71 | Аян Муратович Макиев | 17,4 | 0 | 0 | 0 |
72 | Дастан Максутхан | 83 | 2 | 17 | 0 |
73 | Жақып Имантайұлы Мақажанов | 31,6 | 4 | 5 | 1 |
74 | Мақсұтқан Мамбет | 101,7 | 0 | 0 | 0 |
75 | Абай Комбайнович Мухамадиев | 1436,9 | 27 | 0 | 84 |
76 | Марат Кусманұлы Мұқажанов | 81,4 | 0 | 0 | 0 |
77 | Маркаш Набия | 36,8 | 6 | 10 | 0 |
78 | Амангелды Дюсупканович Назбиев | 122,7 | 120 | 260 | 104 |
79 | Жаксыкельды Назбиев | 318,3 | 50 | 90 | 30 |
80 | Шынар Назтай | 55 | 0 | 0 | 0 |
81 | Динара Какеновна Наккажина | 3,8 | 14 | 0 | 27 |
82 | Меруерт Тилеубайқызы Нурахметова | 42,9 | 0 | 0 | 0 |
83 | Аскар Абилхаевич Нургалеев | 2,3 | 0 | 0 | 0 |
84 | Болат Әбілұлы Нұрғалиев | 6,7 | 30 | 150 | 30 |
85 | Саябек Тулегенұлы Онгарбаев | 110 | 0 | 0 | 0 |
86 | Мурат Маданиятович Оразаев | 229,6 | 200 | 340 | 200 |
87 | Бакытбек Илянбаевич Оразаманов | 21,2 | 6 | 10 | 0 |
88 | Болат Маратұлы Орынбаев | 17,5 | 18 | 20 | 0 |
89 | Тулеген Камалдинович Оспанов | 206,7 | 0 | 0 | 0 |
90 | Елена Николаевна Поволяева | 67 | 0 | 0 | 0 |
91 | "Достар" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі " өндірістік кооперативі | 1360,2 | 0 | 0 | 0 |
92 | Алтынхан Райхан | 2,1 | 0 | 0 | 0 |
93 | Тастембек Ракишев | 14,2 | 23 | 15 | 2 |
94 | Нурлан Адылканович Рамазанов | 647,2 | 120 | 450 | 85 |
95 | Серікбай Расоль | 98,6 | 55 | 95 | 0 |
96 | Амангелді Бакешұлы Рахымбаев | 137,5 | 0 | 0 | 0 |
97 | Майдан Сагинкумаров | 1170,7 | 1133 | 454 | 362 |
98 | Ерканат Казбекович Сакиев | 107,3 | 0 | 0 | 0 |
99 | Фарида Самарканова | 1,1 | 15 | 7 | 3 |
100 | Қайрат Самашев | 7 | 0 | 0 | 0 |
101 | Жахсыбай Саргали | 118,3 | 60 | 326 | 44 |
102 | Бағатпек Сексенбайұлы Сарыпов | 45,4 | 0 | 0 | 0 |
103 | Марат Айтказинович Сатыбаев | 289,5 | 0 | 0 | 0 |
104 | Рахимгали Мухаметкалиевич Саулебаев | 340 | 3 | 0 | 80 |
105 | Владимир Николаевич Сдержиков | 587,8 | 20 | 0 | 48 |
106 | Күләй Хамитқызы Сегізбаева | 85 | 0 | 0 | 0 |
107 | "Дарын" ауылдық тұтыну кооперативі | 508,9 | 0 | 0 | 0 |
108 | Михаил Юрьевич Семенов | 28,4 | 0 | 0 | 0 |
109 | Сләмбек Сәукетаев | 37 | 5 | 7 | 1 |
110 | Тамаша Солтан | 157,2 | 34 | 100 | 44 |
111 | Бердмурат Суйениш | 58,5 | 448 | 864 | 275 |
112 | Ерик Ермекович Сыдыков | 56,5 | 144 | 0 | 60 |
113 | Гаухар Абдикаримовна Темекова | 16 | 0 | 0 | 0 |
114 | Бауыржан Темирхан | 125 | 19 | 25 | 0 |
115 | Руслан Абдугалиевич Тлеубергенев | 50 | 40 | 20 | 5 |
116 | "Алдияр и б" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 1128,6 | 430 | 0 | 120 |
117 | "жанартау kz" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 296 | 231 | 0 | 0 |
118 | "Жерім Ай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 81,2 | 0 | 0 | 0 |
119 | "Ленинка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 194 | 0 | 0 | 0 |
120 | "Нурбек мырза" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 700 | 0 | 0 | 0 |
121 | "Сагинкумаров" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 1300,3 | 0 | 0 | 0 |
122 | "ШАМИЛЬ и Ко" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 2,6 | 0 | 0 | 0 |
123 | Айдар Жаниұлы Тоқтасынов | 19 | 28 | 30 | 5 |
124 | Қурманбек Кундакбайұлы Тоқтасынов | 10,4 | 0 | 0 | 0 |
125 | Оралкан Турсын | 165 | 13 | 50 | 3 |
126 | Ерболат Ниязбекұлы Тұңғұшпаев | 87,9 | 0 | 0 | 0 |
127 | Төрехан Тұрлабеков | 130 | 17 | 80 | 5 |
128 | Өмірбек Оңғарбекұлы Тұрсынбеков | 30 | 5 | 0 | 0 |
129 | Айдарбек Маулимханович Уалханов | 148,1 | 70 | 0 | 49 |
130 | Мәулімхан Уалханов | 500 | 70 | 70 | 30 |
131 | Айдар Байгеренұлы Уразаев | 5,5 | 0 | 0 | 0 |
132 | Турахмет Нургумарович Урконев | 135 | 0 | 0 | 0 |
133 | Александр Владимирович Филянов | 58 | 0 | 0 | 0 |
134 | Кумис Халтыкей | 125 | 0 | 0 | 0 |
135 | Геннадий Михайлович Харульский | 2,1 | 0 | 0 | 0 |
136 | Кунболат Хуаныш | 15,9 | 0 | 0 | 0 |
137 | Қажымұқан Самашайұлы Чекебаев | 184,1 | 6 | 20 | 11 |
138 | Магиша Шакирова | 7,2 | 0 | 0 | 0 |
139 | Осерхан Шолпан | 10,2 | 72 | 10 | 91 |
140 | Ерлан Иманханович Юсупов | 68 | 9 | 20 | 12 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ІҚМ - ірі қара мал;
ҰҚМ- ұсақ қара мал.
Аблакет ауылдық округінде 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 2-қосымша |
Жайылым айналымының қолайлы схемалары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 27.12.2021 № 107 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Шартты белгілер:
Аблакет ауылдық округінде 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 3-қосымша |
Жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен аудандары көрсетілген карта
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 27.12.2021 № 107 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Шартты белгілер:
Аблакет ауылдық округінде 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 4-қосымша |
Жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемасы
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 27.12.2021 № 107 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Шартты белгілер:
Аблакет ауылдық округінде 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 5-қосымша |
Жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін учаскелерге ауыстыру схемасы
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 27.12.2021 № 107 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Шартты белгілер:
Аблакет ауылдық округінде 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 6-қосымша |
Жеке және заңды тұлғалардың шалғайдағы жайылымдарына ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру схемасы
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 27.12.2021 № 107 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Шартты белгілер:
Аблакет ауылдық округінде 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 7-қосымша |
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және қозғалудың маусымдық бағыттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кесте
Ауылдық округ | Малды жайылымға шығару мерзімі | Малдарды шалғайдағы жайылымдардан қайтару мерзімі |
Аблакет | сәуір - мамыр | қыркүйек - қазан |