ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Ұлан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жариялағаннан кейін Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Ұлан ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № 143 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 7168 нөмерімен тіркелген, 2020 жылдың 11 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Жөргекбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі.
Ұлан ауданы әкімі | Н. Сақтағанов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Ұлан аудандық мәслихат | |
хатшысы | О. Сыдықов |
"___"___________2020 жыл
Ұлан аудандық әкімдігінің 2020 жылғы "30" желтоқсандағы № 428 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандарының лауазымдары:
1) халықты жұмыспен қамту орталығының директоры;
2) халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары;
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистенттер;
4) үйде әлеуметтік қызмет көрсететін бөлімшесінің меңгерушісі;
5) әлеуметтік қызмет көрсететін бөлімшенің кеңес берушісі;
6) әлеуметтік қызмет көрсететін бөлімшенің әлеуметтік жұмыскері.
2. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:
1) директор және директордың орынбасары
2) мәдени ұйымдастырушы;
3) кітапханашы;
4) аккомпаниатор;
5) мәдени тынығу жұмысының қызметкері;
6) музыкалық оператор;
7) музыкалық жетекші;
8) вокалдық тобының басшысы;
9) хореограф;
10) концертмейстер;
11) демалыс ұйымдастырушы;
12) техникалық әртіс, дыбыстық оператор;
13) әдіскер;
14) сектор меңгерушісі;
15) клуб меңгерушісі;
16) суретші;
17) хормейстер;
18) солист;
19) қоюшы-режиссер.