ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үржар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 72 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5035, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылдың 27 мамырында жарияланған) қаулысына төмендегі өзгерістер енгізілсін:
Осы қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
1) "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы"
2) көрсетілген қаулының қосымшасындағы 1, 2, 3, 4 тармақтардағы төмендегі сөздер алынып тасталсын:
1 тармақ "Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары":
- психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер; кадр жөніндегі инспектор;
2 тармақ "Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары":
-экономист, хатшы, кітапханашы, есепші, тәрбиешінің көмекшісі, мейірбике (мейіргер);
3 тармақ "Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары":
- есепші;
4 тармақ "Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары":
-әдіскер, экономист, мемлекеттік сатып алу бойынша менеджер, іс қағаздарын жүргізуші, бас есепші сөздері алынып тасталсын.
3) 5 тармақ: "Ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдары" алынып тасталсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Үржар ауданының әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Сарбаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Токсеитов |