Абай облысы Үржар ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 72 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 мамырда № 5035 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 30.11.2023 № 369 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексiнiң 18-бабының 2) - тармақшасына, 139 - бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Абай облысы Үржар ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 23.12.2022 № 589 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2.Осы қаулының орындалуын бақылау Үржар ауданы әкімінің орынбасары Қ.Сейтқановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үржар ауданының әкімі С. Зайнулдин
      "КЕЛІСІЛДІ":
Үржар аудандық мәслихатының
сессия төрағасы
" 21 " сәуір 2017 жыл
М. Ақпеков

  Үржар ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 17 наурыздағы
№ 72 қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Абай облысы Үржар ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 23.12.2022 № 589 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      2) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      3) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 30.11.2023 № 369 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);

      4) барлық атаудағы әртістері;

      5) кітапханашы;

      6) дирижер;

      7) әдістемеші;

      8) музыкалық жетекші;

      9) режиссер;

      10) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      11) ұжым (үйірме) басшысы;

      12) хореограф;

      13) дизайнер;

      14) барлық атаудағы менеджер;

      15) жарық аппаратурасы операторы;

      16) дыбыс жазба операторы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады