Үржар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 53-657/VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 шілдеде № 7387 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 қаңтардағы № 11-230/VIII шешімі.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 20.01.2024 № 11-230/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8- бабының 2- тармағына және 9- бабының 5- тармағына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Үржар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Каирбаев
      Үржар аудандық мәслихатының хатшысы К. Карашев

  Үржар аудандық мәслихатының
2020 жылғы 24 маусымы
№ 53-657/VI шешіміне
қосымша

Үржар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      1. Осы Үржар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт және қарусыз жиналып, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттеу өткізу құқығының іске асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

      Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.

      Бейбіт жиналыстарды өткізілетін күні бейбіт жиналыстар сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

      2. Үржар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын болып Үржар ауылында, Зейнолла Сәнік көшесінде орналасқан "Болашақ" демалыс саябағының алдындағы алаң анықталсын.

      Материалдық-техникалық жабдықтау: жасанды жарық; электр энергиясын қосуға арналған нүкте; бейнебақылау және бейнебекіту камералар; 10 автокөлік қою орны (10 кіру, 10 шығу). Шекті толу нормасы 150 адам.

      3. Шеру мен демонстрацияның маршруты: Үржар ауылындағы Жамбыл-Зейнолла Сәнік көшелерінің қиылысынан, Зейнолла Сәнік көшесінің бойымен төмен "Болашақ" саябағының алдындағы алаңға дейін. Маршрут ұзақтығы 1 километрді құрайды: көше бойында жарықтандыру, бейнебақылау және бейнебекіту камералары бар. Шекті толу нормасы 150 адам.

      4. Үржар ауданы әкімдігінің өкілі хабарламаны/өтінішті оң қараған кезде бейбіт жиналысты ұйымдастырушымен не ұйымдастырушының өкілімен бірлесіп, бейбіт жиналысты өткізу тәртібін келісу үшін бір күн ішінде арнайы өткізу орнына мынадай сұрақтар бойынша:

      1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыларының айырым белгісі;

      2) периметрді анықтау және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамаларымен танысу үшін;

      3) ұйымдастырушымен не ұйымдастырушының өкілімен осы Заңда көзделген жағдайларда бейбіт жиналыстар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін дыбыс деңгейі бар дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалану;

      4) ұйымдастырушымен не ұйымдастырушының өкілімен бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне- және фототүсірілім жасауға арналған техниканы пайдалану;

      5) шеру және демонстрация маршрутымен танысу үшін барады.

      5. Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар және оның қатысушылары Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңның (бұдан әрі – Заң) 5 және 6-баптарының талаптарын сақтауы қажет.

      6. Заңның 9-бабының 5-тармағында көзделген объектілердің іргелес аумақтарынан 300 метрден кем емес қашықтық пикет жүргізуге тыйым салынған шекаралар болып белгіленсін.

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Урджарском районе, порядке их использования, нормах их предельной заполняемости, требованиях к их материально-техническому и организационному обеспечению, границах прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

Решение Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 24 июня 2020 года № 53-657/VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 22 июля 2020 года № 7387. Утратило силу решением Урджарского районного маслихата области Абай от 20 января 2024 года № 11-230/VIII.

      Сноска. Утратило силу решением Урджарского районного маслихата области Абай от 20.01.2024 № 11-230/VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 8 и пункта 5 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", Урджарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Урджарском районе, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест, а также границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Каирбаев
      Секретарь Урджарского районного маслихата К. Карашев

  Приложение
к решению Урджарского
районного маслихата
от 24 июня 2020 года
№ 53-657/VI

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Урджарском районе, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест, а также границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

      1. Настоящие специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Урджарском районе, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест направлены на обеспечение реализации установленного Конституцией Республики Казахстан права граждан Республики Казахстан собираться мирно, без оружия, проводить собрания, митинги и демонстрации, шествие и пикетирование.

      Запрещается проведение мирных собраний в иных местах, за исключением пикетирования.

      Мирные собрания не могут начинаться ранее 9:00 часов и заканчиваться позднее 20:00 часов по местному времени в день проведения мирных собраний.

      2. Специализированным местом для организации и проведения мирных собраний в Урджарском районе определить площадь у парка отдыха "Болашак", распложенный по улице Зейноллы Саник.

      Материально-техническое оснащение: искусственное освещение; точка для подключения электроэнергии; камеры видеонаблюдения и видеофиксации; 10 парковочных мест (10 заезда, 10 выезда). Норма предельной наполняемости 150 человек.

      3. Маршрут шествий и демонстраций: село Урджар, от пересечения улиц Жамбыла –Зейнолла Саника, вниз по улице Зейноллы Саник до площади у парка отдыха "Болашак". Протяженность маршрута составляет 1 километр: вдоль улицы имеется уличное освещение, камеры видеонаблюдения и видеофиксации. Норма предельной наполняемости 150 человек.

      4. Представитель акимата Урджарского района, при положительном рассмотрении уведомления/заявления, совместно с организатором или представителем организатора мирного собрания выезжает на специализированное место проведения за один день для согласования порядка проведения мирного собрания по вопросам:

      1) отличительного знака организаторов мирных собраний;

      2) для определения периметра и ознакомления с материально-техническими характеристиками места проведения;

      3) использования организатором или представителем организатора при проведении мирных собраний звукоусиливающих технических средств с уровнем звука, соответствующим законодательству Республики Казахстан, плакаты, транспаранты и иные средства наглядной агитации, а также транспортные средства в случаях, предусмотренных настоящим Законом;

      4) использования организатором или представителем организатора средств аудиовизуальной техники, а также техники для произведения видео- и фотосъемки при проведении мирных собраний;

      5) для ознакомления с маршрутом шествия и демонстрации.

      5. В день проведения мирного собрания организаторам и его участникам необходимо соблюдать требования статей 5 и 6 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" (далее-Закон).

      6. Определить границами, в которых запрещено проведение пикетирования расстояние не менее 300 метров от прилегающих территорий объектов, предусмотренных пунктом 5 статьи 9 Закона.