Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 03.09.2020 № 56/7-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 49-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы № 29/10-VI "Шемонаиха ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-192 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің қолданылуы 2020 жылдың 1 қазанына дейін тоқтатылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Г. Андронова |
Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы | А. Боровикова |