ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 2-бабы 2) тармақшасына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 23/4-VI "Тіркелген салық мөлшерлемелері туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-178 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Г. Андронова |
Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы | А. Боровикова |