Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 06.04.2020 № 50/10-VI шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгiзiледi).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 546-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шемонаиха ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2011 жылғы 19 наурыздағы № 35/6-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-19-146 тіркелді, 2011 жылғы 21 сәуірде "ЛЗ Сегодня" газетінде жарияланды).
2) "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" 2011 жылғы 19 наурыздағы № 35/6-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 41/6-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-19-162 тіркелді, 2012 жылғы 12 қаңтарда "ЛЗ Сегодня" газетінде жарияланды).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Г. Андронова |
Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы | А. Боровикова |
Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 23/4-VІ шешiмiне қосымша |
Рет № | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салық мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | 2 | 3 |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 5 |
2 | Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 3 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 2 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 5 |
7 | Уәкілетті ұйымның арнайы аймақта орналасқан айырбастау пункті | 5 |