Батыс Қазақстан облысының қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 33-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 наурызда № 6087 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 13-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 28.06.2024 № 13-2 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №235 "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10886 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 04.08.2023 № 5-5 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары бекітілсін.

      2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Потиченко
      Мәслихат хатшысы М. Құлшар

  Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2020 жылғы
18 наурыздағы №33-4
шешімімен бекітілген

Батыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Батыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) бұйрығына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 12.10.2022 № 14-3 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қағидалар Батыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру саласындағы тәртіпті айқындайды және қатынастарды реттейді.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) абаттандыру – сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;

      2) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар – халық үшін қолжетімді немесе ашық болатын аумақтар, объектілер;

      3) қатты тұрмыстық қалдықтар – қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар;

      4) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;

      5) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;

      6) уәкілетті орган – коммуналдық шаруашылықты реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      7) ұйым – абаттандыру саласында маманданып жүрген жеке немесе заңды тұлға;

      8) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – өз бетімен жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтер, ақпарат алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды пайдаланатын адамдар, қарттар, мүгедектер;

      9) шағын архитектуралық нысандар – декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);

      10) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.

2-тарау. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету

      4. Жеке және заңды тұлғалар барлық аумақта, оның ішінде жеке үй иелері аумақтарында тазалықты сақтайды және тәртіпті қолдайды, қалалар мен елді-мекендердің абаттандыру элементтерінің (жолдар, тротуарлар, көгалдар, шағын сәулеттік нысандар, жарықтандыру, су бұрулар) зақымдануына және бұзылуына жол бермейді.

      5. Жергілікті жерлерді ағымдағы санитариялық күтіп-ұстауды аумақтарды абаттандыру саласында маманданған ұйымдар жүзеге асырады.

      6. Барлық ұйымдық-құқықтық нысандардың жеке және заңды тұлғалары, оның iшiнде күрделі және уақытша объектілердің иелері мыналарды:

      1) дербес өз қаражаты есебінен немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етеді;

      2) кез келген меншік объектілеріне ұқыпты қарайды, мемлекеттік меншік объектілеріне залал келтірілген жағдайлар туралы тиісті органдарды хабардар етеді;

      3) көшелер және үй нөмірлері көрсетілген тақталарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта ұстайды;

      4) қоршауларды (шарбақтарды) және шағын сәулеттік нысандарды тиісті жағдайда (қоршаудың (шарбақтың) сыртқы жағын бояу, әктеу) күтіп-ұстайды.

3-тарау. Аумақтарды жинауды ұйымдастыру

      7. Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды жинау және күтіп-ұстау қызмет көрсетудің мынадай түрлерін қамтиды:

      1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;

      2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;

      3) сыпыру;

      4) қамысты, қурайды, шөптерді және басқа да жабайы өсімдіктерді шабу және шығару;

      5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын ағымдағы жөндеу және сырлау.

      8. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарда орналасқан парктерді, скверлерді, бульварларды, су айдындарын, жағажайларды, зираттарды, оның ішінде оларда орналасқан тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, саты баспалдақтарын жинауды заңды және жеке тұлғалар мен осы объектілерге қызмет көрсететін және пайдаланатын аумақтарды бекіту субъектілері жүргізеді.

      9. Объектілердің меншік иелері жапсарлас аумақтарда (автотұрақтар, боксты гараждар, ангарлар, қосалқы қойма құрылыстары, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету объектілері) санитариялық тазалауды және жинауды коммуналдық шаруашылық ұйымдарымен қамтамасыз етеді немесе оны өз бетінше жүргізеді.

      10. Көшелер мен өтпе жолдардың бойында орналасқан тротуарларды, жолаушылар көлігінің аялдама алаңын жинауды жүру бөліктерін жинауға және күтіп-ұстауға жауапты ұйымдар жүргізеді.

      11. Аялдама кешендерін және қоғамдық жолаушылар көлігінің аялдама алаңында оларға іргелес аумақтарды, ақылы автотұрақтар, гараждардың аумақтарын, сондай-ақ кіреберіс жолдарды, іргелес аумақтарды жинауды және жууды олардың иелері жүзеге асырады.

      12. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізгізу кезінде құрылыс қоқыстарын осы жұмыстарды жүргізген ұйымдар шығарады.

      13. Су ағатын желілерде ластануды болдырмау үшін су ағатын коллекторларға, жауын суын қабылдайтын құдықтарға және арық жүйесіне қоқыстардың тасталуына жол берілмейді.

      14. Жерүстi инженерлік құрылыстарын пайдаланушы ұйымдар мен иелері инженерлік желілердің қорғалатын аймақтарының шекарасында іргелес аумақтардың санитариялық күтіп-ұсталуын қамтамасыз етеді.

      15. Көшелер мен өтпе жолдардан қарды шығару жергілікті атқарушы органдар айқындаған жерлерге жүзеге асырылады.

      16. Қарды уақытша жинау орындары қар ерігеннен кейін қоқыстардан тазартылады және абаттандырылады.

4-тарау. Қалдықтарды жинау және шығару

      17. Жеке және заңды тұлғалар, олардың қызметі нәтижесінде пайда болған өндіріс және тұтыну қалдықтары пайда болған кезінен бастап қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалар қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтайды.

      18. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды ұйымдар уәкілетті орган белгілеген бекітілген кестеге сәйкес мерзімдерде жүзеге асырады. Кестелер қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау алаңдарында ілінеді.

      19. Құрылыстарды және (немесе) жылжымайтын объектілерді жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс қоқысын өз бетінше арнайы орындарға немесе Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес қоқыс шығаруды жүзеге асыратын ұйыммен шарт бойынша шығаруы тиіс

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 12.10.2022 № 14-3 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      20. Үй иелерінің аумағында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шiлдедегi № ҚР ДСМ-67 "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидалары (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 шiлдеде № 28925 болып тіркелді) 7-тармағының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21934 болып тіркелген) 55, 56, 57 және 58-тармақтарының талаптарына сәйкес мамандандырылған көлік үшін ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдар болады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 12.10.2022 № 14-3 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      21. Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге және контейнерлік алаңдарда күл тастауға және жинауға жол берілмейді.

      22. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығаратын көліктермен, кәріз тартылмаған үй иелерінен сұйық қалдықтар ассенизациялы вакуумдық көліктермен шығарылады.

      23. Сұйық қалдықтар мамандандырылған автокөлікпен арнайы бөлінген орындарға шығарылады. Контейнерлер босатылғаннан кейін сол жерде дезинфекциялық ерітіндімен өңделеді немесе босатылған орындарда өңдеуден өткен тазаларына ауыстырылады. Контейнерлерді өңдеу орындарын тазалауға, жууға және дезинфекциялауға арналған, ыстық және суық су өткізілген, судың ағып кетуі ұйымдастырылған құрылғылармен жабдықтау қажет.

      24. Сұйық тұрмыстық қалдықтар мен ірі көлемді қоқыстарды қоқыс шығару құбырына тастауға болмайды.

      25. Қоқыс шығару құбырын пайдалануды иелігінде тұрғын үй бар пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.

      26. Жеке тұлғалар контейнер алаңдары аумағында орналасқан, құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды жинау үшін арнайы контейнерлерде құрамында сынап бар істен шыққан шамдар мен аспаптарды қауіпсіз жинауды қамтамасыз етеді.

      27. Контейнерлік алаңдарды және контейнерлерді пайдаланатын және оларға қызмет көрсететін ұйымдар мыналарды:

      1) контейнерлік алаңдарды және оған іргелес аумақтарды тиісті санитариялық күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;

      2) оларға уақтылы жөндеу жүргізеді және одан әрі пайдалануға жарамсыз контейнерлерді ауыстырады;

      3) қоқыс қабылдайтын камералардың, алаңдардың, сондай-ақ қалдық жинағыштардың тұрақты жуылуын, дезинфекциялануын, шыбындарға, кеміргіштерге қарсы дезинсекциялануын, дератизациялануын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.

      28. Контейнерлерден қоқыс шығаратын машинаға тиеу кезінде шашылып қалған қоқыстарды қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысшылары шығарады.

      29. Вокзалдарда, базарларда, әуежайларда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлiгі аялдамаларында, сауда объектілерінің кіреберістерінде қоқысқа арналған құтылар орнатылады. Халықтық жаппай баратын орындарында құтылар бір-бірінен кемінде 50 метр арақашықтықта, аулаларда, саябақтарда, алаңдарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта құтылар орнатылады. Жолаушылар көлiгі аялдамаларында және сауда объектілерінің кіреберістерінде екi құтыдан орнатылады.

      30. Құтыларды орнатуды, тазартуды және жууды аумақты пайдаланатын ұйымдар немесе аумаққа иелік ететін немесе пайдаланатын ұйымдар жүргізеді. Құтылар толуына қарай, бiрақ кемінде күніне бір рет тазартылады.

      Құтылар ластануына қарай, бiрақ кемінде аптасына бір рет жуылады.

5-тарау. Көшелерді, тұрғын үй орамдарын және шағын аудандарды абаттандыру

      31. Қалалар мен елді мекендердің аумағын абаттандыру кезінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын қоса алғанда, халықтың барлық санаттары үшін жалпыға ортақ пайдаланылатын, тұрғын және рекреациялық мақсаттағы орындарға, сондай-ақ Заңның 20-бабының 23-16) тармақшасынаа сай бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін оңтайлы жағдайлармен және құралдармен қамтамасыз етіледі.

      32. Қаланың сәулеттік келбетін бұзатын қоршауларды және басқа да кез-келген конструкцияларды ортақ пайдаланылатын жерлерде орнатуға жол берілмейді.

      33. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген қалалар мен елді мекендердің аумақтарындағы абаттандыру жөніндегі барлық жұмыс түрлері бекітілген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6-тарау. Ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп-ұстау

      34. Қарамағында ғимараттар мен құрылыстар бар жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері көрсетілген объектілердің қасбеттерін және олардың жекелеген элементтерін (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтіру, жөндеу және бояу бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қасбеттерде орналастырылған ақпараттық тақтайшаларды, ескерткіш тақтайларды таза және дұрыс жағдайда ұстайды. Дүкендер мен кеңселердің көшелерге қасбеттермен шығатын витриналары жарықпен безендіріледі.

      35. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттерін және олардың конструктивтік элементтерін қайта жабдықтауға жол берілмейді.

7-тарау. Сыртқы жарықтандыруды және субұрқақтарды күтіп-ұстау

      36. Көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын объектілердің сыртқы жарығын қосу жергілікті атқарушы орган бекіткен кесте бойынша табиғи жарық деңгейінің азаюы кезінде кешкі ымырт кезінде 20 люкске дейін, ал сөнуі – таңғы күңгіртте 10 люкске дейін артуы кезінде жүргізіледі.

      37. Сыртқы жарық құрылғылары мен байланыс желілерінің элементтері, металл бағаналары, кронштейндер тазалықта ұсталып, тот басу ошағы болмай, сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды тиісті ұйымдар жүзеге асырады.

      38. Істен шыққан құрамында сынап бар газ разрядты шамдар осы мақсаттарға арналған арнайы бөлінген үй-жайларда сақталады және олар кәдеге жарату үшін арнайы кәсіпорындарға шығарылады. Көрсетілген шамдардың түрлері полигонға шығарылмайды.

      39. Электрлендірілген көліктің жарық және байланыс желілерінің құлап қалған бағаналарын шығаруды негізгі магистральдарда бағана иелері дереу жүзеге асырады; басқа аумақтарда, сондай-ақ бөлшектелген бағаналар - тәулік ішінде шығарылады.

      40. Уәкілетті орган коммуналдық меншіктегі субұрқақтардың тиісті жағдайын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

      41. Субұрқақтарды қосу мерзімдерін, олардың жұмыс істеу режимдерін, тостағандарын жуу және тазарту кестесін, технологиялық үзілістерін және жұмыс істеуінің аяқталуын уәкілетті орган айқындайды.

      42. Субұрқақтар жұмыс істеп тұрған кезеңде судың беті күн сайын қоқыстан тазартылады. Пайдаланушы ұйымдар субұрқақтардың тазалығын жұмысы тоқтаған кезеңде де оларды тазалықта ұстайды.

8-тарау. Қорытынды ережелер

      43. Осы Қағидалардың бұзылуына жол берген жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне жауапкершілікке тартылады.

Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Западно-Казахстанской области

Решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 18 марта 2020 года № 33-4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 19 марта 2020 года № 6087. Утратило силу решением Западно-Казахстанского областного маслихата от 28 июня 2024 года № 13-2.

      Сноска. Утратило силу решением Западно-Казахстанского областного маслихата от 28.06.2024 № 13-2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях", Экологическим кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года №235 "Об утверждении Типовых правил содержания и защиты зеленых насаждений, правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №10886), Западно-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула - в редакции решения Западно-Казахстанского областного маслихата от 04.08.2023 № 5-5 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила благоустройства территории городов и населенных пунктов Западно-Казахстанской области.

      2. Руководителю аппарата Западно-Казахстанского областного маслихата (Е.Калиев) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии С. Потиченко
      Секретарь маслихата М. Құлшар

  Утверждены
решением Западно-Казахстанского
областного маслихата
от 18 марта 2020 года №33-4

Правила благоустройства территорий городов
и населенных пунктов Западно-Казахстанской области.

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила благоустройства территории городов и населенных пунктов Западно-Казахстанской области (далее – Правила) разработаны в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан (Особенная часть), Земельным кодексом Республики Казахстан, Экологическим кодексом Республики Казахстан, Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях", Законом Республики Казахстан "О жилищных отношениях", Законом Республики Казахстан "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 235 "Об утверждении Типовых правил содержания и защиты зеленых насаждений, правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов и Правил оказании государственной услуги "Выдача разрешения на вырубку деревьев (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10886) и иными нормативными правовыми актами.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Западно-Казахстанского областного маслихата от 12.10.2022 № 14-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Правила определяют порядок и регулируют отношения в сфере благоустройства территорий городов и населенных пунктов Западно-Казахстанской области.

      3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) благоустройство – совокупность работ (по инженерной подготовке и обеспечению безопасности территории, устройству дорог, развитию коммуникационных сетей и сооружений водоснабжения, канализаций, энергоснабжения, устройству покрытий, освещению, размещению малых архитектурных форм и объектов монументального искусства, проектированию озеленения, снижению уровня шума, улучшению микроклимата, охране от загрязнения воздушного бассейна, открытых водоемов и почвы) и услуг (по расчистке, уборке, санитарной очистке осушению и озеленению территории), осуществляемые в целях приведения той или иной территории в состояние, пригодное для строительства и нормального пользования по назначению, создания здоровых, удобных и культурных условий жизни населения;

      2) места общего пользования – это территории, объекты, которые доступны или открыты для населения;

      3) твердые бытовые отходы – коммунальные отходы в твердой форме;

      4) проезд – элемент дороги, обеспечивающий подъезд транспортных средств к жилым и общественным зданиям, учреждениям, предприятиям, объектам застройки внутри микрорайонов, кварталов, населенных пунктов;

      5) тротуар – элемент дороги, предназначенный для движения пешеходов, примыкающий к проезжей части или отделенный от нее газоном или арычной системой;

      6) уполномоченный орган – структурное подразделение местного исполнительного органа, осуществляющий функции в сфере регулирования коммунального хозяйства;

      7) организация – физическое или юридическое лицо, специализирующиеся в области благоустройства;

      8) маломобильные группы населения – лица, испытывающие затруднения при самостоятельном передвижении, получении услуг, информации или ориентировании в пространстве, в том числе использующие детские коляски, пожилого возраста, инвалиды;

      9) малые архитектурные формы – объекты декоративного характера и практического использования (скульптуры, фонтаны, барельефы, вазы для цветов, павильоны, беседки, скамьи, урны, оборудование и конструкции для игр детей и отдыха взрослого населения);

      10) прилегающая территория – территория (в границах 5 метров по периметру), непосредственно примыкающая к границам здания, сооружения, ограждения, строительной площадки, к объектам торговли, рекламы и иным объектам, находящимся в собственности, владении, аренде, на балансе у юридических или физических лиц.

Глава 2. Обеспечение чистоты и порядка

      4. Юридические и физические лица соблюдают чистоту и поддерживают порядок на всей территории, в том числе на территориях частных домовладений, не допускают повреждения и разрушения элементов благоустройства (дорог, тротуаров, газонов, малых архитектурных форм, освещения, водоотвода) городов и населенных пунктов.

       5. Текущее санитарное содержание местности осуществляется организациями, специализирующихся в области благоустройства территории.

      6. Физические и юридические лица всех организационно-правовых форм, в том числе владельцы капитальных и временных объектов:

      1) обеспечивают санитарное содержание и благоустройство отведенной территории за счет своих средств самостоятельно либо путем заключения договоров с организациями;

      2) бережно относятся к объектам любой собственности, информируют соответствующие органы о случаях причинения ущерба объектам государственной собственности;

      3) содержат в технически исправном состоянии и чистоте таблички с указанием улиц и номеров домов;

      4) содержат ограждения (заборы) и малые архитектурные формы в надлежащем состоянии (покраска, побелка с внешней стороны ограждения (забора).

Глава 3. Организация уборки территорий

      7. Уборка и содержание мест общего пользования включают в себя следующие виды услуг:

      1) уборка и вывоз мелкого и бытового мусора и отходов;

      2) уборка и вывоз крупногабаритного мусора и отходов;

      3) подметание;

      4) покос и вывоз камыша, бурьяна, травы и иной дикорастущей растительности;

      5) текущий ремонт и окраска ограждений и малых архитектурных форм.

      8. Уборка территорий общего пользования, занятых парками, скверами, бульварами, водоемами, пляжами, кладбищами, в том числе расположенными на них тротуарами, пешеходными зонами, лестничными сходами производится физическими и юридическими лицами и субъектами закрепления территорий, у которых данные объекты находятся на обслуживании и эксплуатации.

      9. Собственники объектов обеспечивают санитарную очистку и уборку прилегающей территории (автостоянки, боксовые гаражи, ангары, складские подсобные строения, сооружения, объекты торговли и услуг) организациями коммунального хозяйства или же производят ее самостоятельно.

      10. Уборка тротуаров, расположенных вдоль улиц и проездов, остановочных площадок пассажирского транспорта производится организациями, ответственными за уборку и содержание проезжей части.

      11. Уборка и мойка остановочных комплексов и прилегающих к ним территорий на остановочных площадках общественного пассажирского транспорта, территорий платных автостоянок, гаражей, а также подъездных путей, прилегающей территории осуществляются их владельцами.

      12. Вывоз строительного мусора при проведении дорожно-ремонтных работ производится организациями, производящими эти работы.

      13. Во избежание засорения водосточной сети не допускается сброс мусора в водосточные коллекторы, дождеприемные колодцы и арычную систему.

      14. Владельцы и эксплуатирующие организации надземных инженерных сооружений обеспечивают санитарное содержание прилегающей территории в границах охранных зон инженерных сетей.

      15. Вывоз снега с улиц и проездов осуществляется на установленные места, определенные местным исполнительным органом.

      16. Места временного складирования снега после снеготаяния очищаются от мусора и благоустраиваются.

Глава 4. Сбор и вывоз отходов

      17. Физические и юридические лица, в результате деятельности, которых образуются отходы производства и потребления обеспечивают безопасное обращение с отходами с момента их образования. Физические и юридические лица складируют твердые бытовые отходы в контейнеры для твердых бытовых отходов.

      18. Вывоз твердых бытовых отходов осуществляется организациями в сроки, согласно утвержденного графика, установленного уполномоченным органом. Графики вывешиваются на площадках по сбору твердых бытовых отходов.

      19. Физическим и юридическим лицам, осуществляющим строительство и (или) ремонт недвижимых объектов, необходимо производить вывоз строительного мусора самостоятельно на специальные места или по договору с организацией, осуществляющей вывоз мусора согласно Экологическому Кодексу Республики Казахстан

      Сноска. Пункт 19 - в редакции решения Западно-Казахстанского областного маслихата от 12.10.2022 № 14-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      20. На территории домовладений располагаются специальные площадки для размещения контейнеров с удобными подъездами для специализированного транспорта в соответствии с требованиями пункта 7 Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам коммунального назначения", утвержденных приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 26 июля 2022 года № ҚР ДСМ-67 (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 июля 2022 года № 28925) и пунктов 55, 56, 57 и 58 Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к сбору, использованию, применению, обезвреживанию, транспортировке, хранению и захоронению отходов производства и потребления", утвержденных Приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-331/2020 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21934).

      Сноска. Пункт 20 - в редакции решения Западно-Казахстанского областного маслихата от 12.10.2022 № 14-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      21. Не допускается сброс и складирование золы в контейнеры для твердых бытовых отходов и на контейнерные площадки.

      22. Твердые бытовые отходы вывозятся мусоровозным транспортом, жидкие отходы из не канализованных домовладений – ассенизационным вакуумным транспортом.

      23. Вывоз жидких отходов производится на специализированном автотранспорте в специально отведенные места. Контейнеры после опорожнения обрабатываются дезинфицирующим раствором на местах или заменяются чистыми, прошедшими обработку на местах опорожнения. Места обработки контейнеров необходимо оборудовать установками для чистки, мойки и дезинфекции с подводкой горячей и холодной воды, организацией стока.

      24. Жидкие бытовые отходы и крупногабаритный мусор не подлежит сбросу в мусоропровод.

      25. Эксплуатацию мусоропровода осуществляет эксплуатирующая организация, в ведении которой находится жилой дом.

      26. Физические лица обеспечивают безопасный сбор отработанных ртутьсодержащих ламп и приборов в специальные контейнеры для сбора ртутьсодержащих ламп и приборов, расположенных на территории контейнерных площадок.

      27. Организация, эксплуатирующие и обслуживающие контейнерные площадки и контейнеры:

      1) обеспечивают надлежащее санитарное содержание контейнерных площадок и прилегающих к ним территорий;

      2) производят их своевременный ремонт и замену непригодных к дальнейшему использованию контейнеров;

      3) принимают меры по обеспечению регулярной мойки, дезинфекции, дезинсекции, дератизации против мух, грызунов мусороприемных камер, площадок, а также сборников отходов.

      28. Уборку мусора, просыпавшегося при выгрузке из контейнеров в мусоровоз, производят работники организации, осуществляющей вывоз твердых бытовых отходов.

      29. На вокзалах, рынках, в аэропорту, парках, зонах отдыха, на площадях, в учреждениях образования, здравоохранения, на улицах, остановках общественного пассажирского транспорта, у входа в торговые объекты устанавливаются урны для мусора. Урны устанавливаются на расстоянии не менее 50 метров одна от другой в местах массового посещения населения, во дворах, в парках, на площадях на расстоянии от 10 до 100 метров. На остановках пассажирского транспорта и у входов в торговые объекты устанавливается по две урны.

      30. Установка, очистка и мойка урн производятся организациями, эксплуатирующими территории, либо во владении или пользовании которых находятся территории. Очистка урн производится по мере их заполнения, но не реже одного раза в день.

      Мойка урн производится по мере загрязнения, но не реже одного раза в неделю.

Глава 5. Благоустройство улиц, жилых кварталов и микрорайонов

      31. Территории городов и населенных пунктов при благоустройстве обеспечиваются оптимальными условиями и средствами доступа для всех категорий населения, включая маломобильные группы населения к местам общего пользования, жилого и рекреационного назначения, а также к объектам транспортной инфраструктуры в соответствии государственными нормативами в области архитектуры, градостроительства и строительства, утвержденных в соответствии с подпунктом 23-16) статьи 20 Закона.

      32. Не допускается установка ограждений и любых других конструкции, портящие архитектурный облик города на землях общего пользования.

      33. Все виды работ по благоустройству территорий городов и населенных пунктов, предусмотренные проектной (проектно-сметной) документацией, выполняются по утвержденным проектам. Данные виды работ осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности.

Глава 6. Содержание фасадов зданий и сооружений

      34. Физические и юридические лица, в ведении которых находятся здания и сооружения, собственники зданий и сооружений обеспечивают своевременное производство работ по реставрации, ремонту и покраске фасадов указанных объектов и их отдельных элементов (балконы, лоджии, водосточные трубы), а также поддерживают в чистоте и исправном состоянии расположенные на фасадах информационные таблички, памятные доски. Производится световое оформление витрин магазинов и офисов, выходящих фасадами на улицы.

      35. Самовольное переоборудование фасадов зданий и конструктивных элементов не допускается.

Глава 7. Содержание наружного освещения и фонтанов

      36. Включение наружного освещения улиц, дорог, площадей, набережных и иных освещаемых объектов производится при снижении уровня естественной освещенности в вечерние сумерки до 20 люкс, а отключение в утренние сумерки при ее повышении до 10 люкс по графику, утвержденному местным исполнительным органом.

      37. Элементы устройств наружного освещения и контактной сети, металлические опоры, кронштейны содержатся в чистоте, не имеют очагов коррозии и окрашиваются. Замена перегоревших светильников осуществляется соответствующими организациями.

      38. Вышедшие из строя газоразрядные лампы, содержащие ртуть хранятся в специально отведенных для этих целей помещениях и вывозятся на специальные предприятия для их утилизации. Указанные типы ламп на полигон не вывозятся.

      39. Вывоз сбитых опор освещения и контактной сети электрифицированного транспорта осуществляется владельцем опоры на основных магистралях незамедлительно, на остальных территориях, а также демонтируемых опор – в течение суток.

      40. Уполномоченный орган обеспечивает надлежащее состояние и эксплуатацию фонтанов находящийся в коммунальной собственности.

      41. Сроки включения фонтанов, режимы их работы, график промывки и очистки чаш, технологические перерывы и окончание работы определяются уполномоченным органом.

      42. В период работы фонтанов очистка водной поверхности от мусора производится ежедневно. Эксплуатирующие организации содержат фонтаны в чистоте также в период их отключения.

Глава 8. Заключительные положения

      43. Физические и юридические лица, допустившие нарушение настоящих Правил, привлекаются к ответственности в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях".