Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 28.06.2024 № 13-2 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының "Батыс Қазақстан облысының қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы"2020 жылғы 18 наурыздағы № 33-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6087 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №235 "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10886 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:"
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат төрағасы | М. Мұқаев |