Батыс Қазақстан облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 37-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 қыркүйекте № 6347 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №145 "Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20540 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидалары бекітілсін.

      2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Сергалиев
      Мәслихат хатшысы М. Құлшар

  Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының
2020 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 37-3 шешімімен бекітілген

Батыс Қазақстан облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 24.10.2024 № 15-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Батыс Қазақстан облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №145 "Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20540 тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді және Батыс Қазақстан облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыл шаруашылығы жануарлары - адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар жануарлардың барлық түрлері;

      2) ауыл шаруашылығы жануарларының иелері - меншік, шаруашылық жүргізу құқығындағы, жедел басқарудағы немесе басқа да заңды негізінде ауыл шаруашылығы жануарлары бар заңды немесе жеке тұлғалар;

      3) ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өту (айдау) - ауыл шаруашылығы жануарларының тұрақты тұрған жерінен жаю орнына дейін және кері қарай жылжуы;

      4) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамындағы жер учаскелерінде, сондай-ақ жердің басқа санаттарының құрамындағы жер учаскелерінде адамның бақылауында болатын ауыл шаруашылығы жануарларының шөп және өзге де өсімдіктерді тұтыну процесі;

      5) ветеринариялық паспорт - уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы (тyған күні), жеке нөмірі көрсетіледі;

      6) жайылымдар – ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын жер учаскелері. Жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю кезінде жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде жайылымдардың өнімділігі жайылатын ауыл шаруашылығы жануарларына жемшөп қажеттілігінен асатын жағдайларда жемшөп дайындау мақсатында шөп шабуға жол беріледі;

      7) көпшілік пайдаланатын жайылымдар – елді мекендердің іргелес аумағында орналасқан және мемлекет меншігіндегі, жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басын жаю бойынша жергілікті халық мұқтажын қанағаттандыруға арналған жайылымдар;

      8) маусымдық жайылымдар - жыл мезгілдеріне және (немесе) пайдалану кезеңділігіне сәйкес қолайлы табиғи-климаттық жағдайларда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін пайдаланылатын жайылымдар;

      9) шалғайдағы жайылымдар - елді мекендерден алыстағы аумақтарда шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін пайдаланылатын жайылымдар;

      10) жалпыға ортақ пайданалатын жерлер - алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, кондоминиум құрамына кірмеген үй жанындағы жер учаскесі, жолдар, жағалаулар, парктер, саябақтар, opмaн парктерi, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және басқа да халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылысжайлары және ортақ пайдаланылатын басқа да инженерлiк жүйелер, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын жылу желілері мен инженерлік жүйелердің күзет аймақтары) алып жатқан және оларды орналастыруға арналған жерлер.

2-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібі

      5. Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары меншік нысанына қарамастан есепке алуға және тіркеуге жатады.

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес әрбір тіркелген ауыл шаруашылығы жануарларына сәйкестендіру нөмірі беріледі. Ветеринариялық паспорт ауыл шаруашылығы жануарларына ұсақ малдарды, шошқаны қоспағанда жеке беріледі.

      Ұсақ малға (қойлар, ешкілер), шошқаларға ветеринариялық паспорт тобына (отарына) беріледі.

      Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қоршалған немесе қоршалмаған жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларының иелері не олар уәкілеттік берген адамдар жүзеге асырады.

      Табиғи-климаттық аймақтарға байланысты тәуліктің қараңғы және түнгі уақытында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға бөлінген жайылымдар мен басқа да жер учаскелерінде ғана жол беріледі.

      Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері қарай жылжуы, ал тәуліктің қараңғы және түнгі уақытында ұстау орнына дейін айдап өту (айдау) ауыл шаруашылығы жануарларының иелерінің немесе олардың уәкілетті адамдарының қадағалауымен жүзеге асырылады.

      6. Мыналарға:

      1) ауру ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға (оның ішінде жұқпалы ауруларды жұқтырған);

      2) міндетті ветеринариялық рәсімдерден өтпеген, оның ішінде егу және вакцинациялаудан өтпеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;

      3) жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде, темір және автомобиль жолдарына бөлінген белдеулерде, су қорғау белдеулері мен санитариялық қорғау аймақтарының шекарасында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;

      4) су қорғау аймақтарының шегінде жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      5) бірдейлендірілмеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;

      6) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері қарай айдап өту (айдау), жаю, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз ауыл шаруашылығы жануарларының орнын ауыстыруға жол берілмейді.

      Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 99-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік орман қорына кіретін жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз жаюға ерекше жағдайларда шалғайдағы, қол жеткізу қиын және халық аз қоныстанған аудандарда жүзеге асырылады. Осындай аудандардың тізбесін облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынымы бойынша облыстың жергілікті өкілді органы бекітеді;

      7) ауыл шаруашылығы жануарларын теміржолдар арқылы және арнайы бөлінген жерлерден тыс, сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайларында (әртүрлі деңгейлердегі мал айдаудан басқа);

      8) өзге жолдар болған кезде ауыл шаруашылығы жануарларын асфальт төселген және цементпен бетондалған жолдармен айдап өтуге;

      9) қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, субұрқақтарда, жалпыға ортақ пайдаланылатын су айдындарында және су жиналатын жерлерде ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға жол берілмейді.

      Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес ортақ су пайдалану тәртібімен су объектілерінің ластануы мен қоқыстануын болдырмайтын суат алаңдары мен басқа да құрылғылары бар санитариялық қорғау аймақтарынан тыс су объектілерін пайдалануға жол беріледі.

      Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 18-02/909 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12259 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларына сәйкес айқындалады.

      7. Қазақстан Республикасының табиғи-климаттық аймақтарына байланысты жаюдың басталу күні ауа температурасының Цельсий бойынша +10 градустан жоғары тұрақты кезеңіне орайластырылады.

      Әрбір маусымның (күндердің) жаю ұзақтығы нақты жылдың шарттарымен анықталады.

      8. Адамдардың қадағалауынсыз жүрген ауыл шаруашылығы жануарлары қараусыз жүрген жануарлар болып есептеледі және иесі анықталғанға дейін уақытша ұстау үшін қоражайларға айдауға жатады.

      Ұсталған қараусыз жүрген жануарларды ұстау, иелеріне қайтару тәртібі, сондай-ақ иелерінің жауапкершілігі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес айқындалады.

      9. Табиғи-климаттық аймақтарға байланысты республикада жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын маусымдық және жыл бойы бағу жүйесі қолданылады.

      Маусымдық жаю жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарлары көктемде-жазда-күзде жайылымдарда, қыста-толыққанды азықтандыру арқылы қорада ұсталады.

      Жыл бойы жаю жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарлары жыл бойы жайылымда болады.

      Қолайсыз ауа райы жағдайында мал шаруашылығы қора-жайлары пайдаланылады және тиісті азық қоры құрылады.

      10. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю кезінде жайылымдардың түрлік құрамын ескеріледі қажет, өйткені облыстағы барлық жайылымдар маусымдық сипатта болады, сондықтан эфемерлік жайылымдар көктемде, бетегелі-астық тұқымды және таулы - жазда, ал эфемерлік-жусан жайылымдар көктемде де, күзде де пайдаланылуы мүмкін.

      11. Ауыл шаруашылығы жануарлары түрі мен өсімдік түріне байланысты жаюдың алдында оңтайлы биіктік табиғи жайылымдарда шөптің тиімді биіктігі 2-ден 6 сантиметрге (бұдан әрі - см) дейін және екпе жайылымдарда 10 см-ден жоғары болуы тиіс.

      12. Шөлейт жайылымдарын пайдалану коэффициенті 60 пайыздан (бұдан әрі - %) ; шөлейт және құрғақ далада - 65% аспауы тиіс. Таулы жайылымдарды 70% коэффициентпен, көктемгі эфемер өсімдіктері бар учаскелер сияқты пайдалануға болады.

      13. "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жайылымдар туралы заң) 13-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жайылымдар, оның ішінде көпшілік пайдаланатын жайылымдар жеке меншікке және жер пайдалануға берілмейді және жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халық мұқтажына ғана пайдаланылады.

      Жайылымдар туралы заңның 15-бабы 4-тармағында көрсетілген жайылымдарды қоспағанда, шалғайдағы жайылымдар жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 43-1-бабында белгіленген тәртіппен беріледі.

      Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында тұрған және жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажына арналған жайылымдарда, оның ішінде көпшілік пайдаланатын жайылымдарда орналасқан суландыру құрылыстарына қол жеткізу өтеусіз негізде беріледі.

      Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажын қанағаттандыру мақсатында Жер кодексінің 49-2-бабына сәйкес жайылымдарды резервке қою жүзеге асырылады.

      Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі – Жоспар) жайылымдарды резервке қою үшін негіз болып табылады.

      14. Жоспар ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органы бес жылға бекітетін нормативтік құқықтық акті болып табылады.

      15. Жоспарды ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп, Жайылымдар туралы заңның 6-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес жайылымдарды басқару және пайдалану саласындағы уәкілетті орган бекітетін жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспардың негізінде әзірлейді.

      16. Ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдарда жаю Жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

      17. Елді мекендердің шекараларына (шектеріне) тікелей іргелес аумақта орналасқан, мемлекет меншігіндегі жайылымдар жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халық мұқтажын қанағаттандыруға пайдаланылады.

      Елді мекеннің шекаралары (шектері) шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарлары мал басы Жоспарға сәйкес жайылымдардың басқа учаскелеріне, оның ішінде шалғайдағы жайылымдарға орны ауыстырылады.

      Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жайылымдарды, оның ішінде шалғайдағы жайылымдарды пайдалану Жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жайылымдар беру туралы жеке шешімін шығару талап етілмейді.

      18. Осы Қағидалардың 18-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген жайылымдарда басқа ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) бекітілген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған жағдайда ғана жол беріледі.

      Жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің жол берілетін шекті нормалары асқан кезде жайылымдар Жоспарға сәйкес аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ шегінде беріледі.

      19. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ шегінде жайылымдармен қаматамасыз етілмеген иелерінің ауыл шаруашылығы жануарларының саны түрлері мен жыныстық-жас топтары бойынша қалыптастырылады және Жоспарға сәйкес шалғайдағы жайылымдарға жіберіледі.

1-параграф. Ауыл шаруашылығы жануарларын айдауды ұйымдастыру

      20. Айдау үшін жасы, жынысы, қоңдылығы бірдей сау ауыл шаруашылығы жануарлардан үйірлер, отарлар, табындар жинақталады.

      Ауыл шаруашылығы жануарларының саны, оның ішінде қойлар мен ешкілер 600-800 басты, ірі қара мал 250 бастан аспайтын мөлшерді, жылқылар 200 бастан аспайтын мөлшерде, түйе 120 бастан аспайтын мөлшерді құрайды.

      Айдауға жататын ауыл шаруашылығы жануарларын іріктеу нормалары осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      21. Айдауға жататын ауыл шаруашылығы жануарларының түріне, жыныстық-жастық тобына және қоңдылығына қарай жинақтау нормалары осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.

      Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды жүзеге асыратын бір адамға арналған жүктеме нормалары осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.

      22. Ауыл шаруашылығы жануарларын айдаудың барлық жолында ауыл шаруашылығы жануарларының топтарын араластыруға жол берілмейді.

      23. Аналық (сауын) мал басын (оның ішінде төлдеу, босану алдындағы төлдеуден, туудан кейін буыны бекімеген) және ауру ауыл шаруашылығы жануарларын (оның ішінде жұқпалы аурулар жұқтырған), буыны бекімеген жаңа туған төлді, міндетті ветеринариялық рәсімдерден (оның ішінде егу және вакцинациялаудан) өтпеген ауыл шаруашылығы жануарларын қоспағанда, елді мекендер шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері мен топтары шалғайдағы жайылымдарға айдауға жатады.

      24. Ауыл шаруашылығы жануарларын айдау үшін Жер кодексінің 70 және 104-баптарына сәйкес уақытша (маусымдық) пайдаланылатын және ұзақ мерзімді пайдаланылатын мал айдау жолдары (бұдан әрі – мал айдау жолдары) жобаланады.

      25. Мал айдау жолдарын аудандардың (қалалардың) және облыстардың жергілікті атқарушы органдары "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 3-тармағына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен келісу бойынша айқындайды.

      26. Мал айдайтын жолдар олардың ең үлкен ауданына қызмет көрсету және жайылымдардың мал тұратын және суару орындарымен қолайлы және қысқа байланысын құру есебімен орналастырылады.

      27. Ауыл шаруашылығы жануарларын 5 километрге (бұдан әрі - км) дейінгі қашықтыққа айдағанда, айдалатын ірі қара малдың саны 200-250 бас немесе ұсақ малдың саны 600-800 бас болған кезде мал айдалатын жердің ені 50-70 метрді құрайды.

      Мал айдайтын жолдың жалпы алаңы қызмет көрсетілетін барлық аумақтың 4-5%-ынан аспайды.

      28. Жолдың ұзындығы үлкен болған кезде (егер қозғалыс бірнеше күн ішінде жасалса) әрбір 40-50 км сайын мал айдайтын жолдар жеткілікті азықтық сыйымдылықтағы жайылымдық қоректендіру алаңдарымен жабдықталады және әрбір 10-15 км сайын суатпен қамтамасыз етіледі.

      Бұл жағдайларда мал айдайтын жолдың ені 200-300-ден 1000 метрге дейін және одан да көп алаңды құрайды.

      29. Жайылымның жазық жерінде ауыл шаруашылығы жануарларын суару радиусы:

      ірі қара мал үшін далалық және орманды дала аймақтарында 2-4 км, қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 4-6 км;

      жылқылар үшін далалық және орманды дала аймақтарында 4-5 км, қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 5-7 км;

      түйелер үшін далалық және орманды дала аймақтарында 6-7 км, қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 7-8 км;

      қой мен ешкілер үшін далалық және орманды дала аймақтарында 2,5-4 км, қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 3-6 км.

2-параграф. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды ұйымдастыру

      30. Аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары:

      1) Жоспардың іске асырылуын;

      2) ауыл шаруашылығы жануарларының иелері арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмысын жүзеге асыру және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына оны іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсынуды қамтамасыз етеді.

      31. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері жайылымдық кезең басталудың алдында:

      1) Жоспардың іске асырылуын және жергілікті өзін-өзі басқару органына (жергілікті қоғамдастық жиынына) оны іске асыру барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

      2) ауыл шаруашылығы жануарларының иелері арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмысын жүзеге асыруды;

      3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормаларының сақталуын;

      4) қараусыз қалған ауыл шаруашылығы жануарларын уақытша ұстау орындарын ұйымдастыруды;

      5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етеді;

      6) ауыл шаруашылығы жануарларын жиналатын орындарды;

      7) елді мекен ішіндегі ауыл шаруашылығы жануарларын табынды жиналатын орнына дейін, жайылатын учаскелерге дейін және кері айдау бағдарларды;

      8) елді мекендер айналасындағы жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған учаскелерді;

      9) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген ауыл шаруашылығы жануарларын шалғайдағы жайылымдарға айдау бағдарларын;

      10) шалғайдағы жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жас топтары мен түрлері бойынша учаскелерін айқындайды.

      32. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелері не олар уәкілеттілік берген адамдар:

      1) ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық-жастық топтары бойынша топтарын қалыптастыруды;

      2) ауыл шаруашылығы жануарларының қалған топтарынан аналық (сауын) мал басын айыруды;

      3) кенттердің және ауылдық елді мекендердің аумағы шегінде және шалғайдағы орналасқан жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды;

      4) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю, жаю орнына дейін және кері қарай айдау (айдау) кезінде сүйемелдеу;

      5) елді мекендер шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген ауыл шаруашылығы жануарлары топтарын шалғайдағы жайылымдарға айдауды ұйымдастырады.

      33. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю Қағидаларын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жауапкершілікке әкеп соғады.

Об утверждении Правил выпаса сельскохозяйственных животных на территории Западно-Казахстанской области

Решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 1 сентября 2020 года № 37-3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 2 сентября 2020 года № 6347.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 апреля 2020 года №145 "Об утверждении Типовых правил выпаса сельскохозяйственных животных" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №20540), Западно-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила выпаса сельскохозяйственных животных на территории Западно-Казахстанской области.

      2. Руководителю аппарата Западно-Казахстанского областного маслихата (Е.Калиев) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии Н. Сергалиев
      Секретарь маслихата М. Құлшар

  Утверждены
решением
Западно-Казахстанского
областного маслихата
от 1 сентября 2020 года №37-3

Правила выпаса сельскохозяйственных животных на территории
Западно-Казахстанской области

      Сноска. Правила - в редакции решения Западно-Казахстанского областного маслихата от 24.10.2024 № 15-5 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила выпаса сельскохозяйственных животных (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 апреля 2020 года № 145 "Об утверждении Типовых правил выпаса сельскохозяйственных животных" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №20540) и определяют порядок выпаса сельскохозяйственных животных на территории Западно-Казахстанской области.

      В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) сельскохозяйственные животные – культивируемые человеком все виды животных, имеющих непосредственное отношение к сельскохозяйственному производству;

      2) владельцы сельскохозяйственных животных – физические или юридические лица, имеющие на праве собственности, хозяйственного ведения, оперативного управления или ином законном основании сельскохозяйственных животных;

      3) прогон (перегон) сельскохозяйственных животных – передвижение сельскохозяйственных животных от места их постоянного нахождения до места выпаса и обратно;

      4) выпас сельскохозяйственных животных – контролируемый человеком процесс потребления сельскохозяйственными животными травостоя и иной растительности на земельных участках в составе земель сельскохозяйственного назначения, а также на земельных участках в составе других категорий земель;

      5) ветеринарный паспорт – документ установленной уполномоченным органом формы, в котором в целях учета животных указываются: владелец, вид, пол, масть, возраст животного;

      6) пастбища – земельные участки, предоставляемые и используемые для круглогодичного или сезонного выпаса сельскохозяйственных животных. При выпасе сельскохозяйственных животных на пастбищах допускается сенокошение в целях заготовки кормов в случаях, когда продуктивность пастбищ превышает потребность в кормах выпасаемых сельскохозяйственных животных при соблюдении предельно допустимых норм нагрузки на общую площадь пастбищ;

      7) общественные пастбища – пастбища, расположенные на прилегающей территории населенных пунктов и находящиеся в государственной собственности, предназначенные для удовлетворения нужд местного населения по выпасу маточного поголовья сельскохозяйственных животных личного подворья;

      8) сезонные пастбища – пастбища, которые используются для выпаса сельскохозяйственных животных в благоприятных природно-климатических условиях в соответствии со временами года и (или) периодичностью их использования;

      9) отгонные пастбища – пастбища, которые используются для ведения отгонного животноводства на отдаленных от населенных пунктов территорий;

      10) земли общего пользования – земли занятые и предназначенные для занятия площадями, улицами, тротуарами, проездами, придомовым земельным участком, не вошедшим в состав кондоминиума, дорогами, набережными, парками, скверами, лесопарками, бульварами, водоемами, пляжами, кладбищами и иными объектами, предназначенными для удовлетворения нужд населения (водопроводы, отопительные трубы, очистные сооружения и другие инженерные системы общего пользования, а также охранные зоны тепловых сетей и инженерных систем общего пользования).

Глава 2. Порядок выпаса сельскохозяйственных животных

      5. Сельскохозяйственные животные, принадлежащие физическим и юридическим лицам, независимо от формы собственности, подлежат учету и регистрации.

      Каждому зарегистрированному сельскохозяйственному животному присваивается идентификационный номер в соответствии с Правилами идентификации сельскохозяйственных животных, утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 7-1/68 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11127). Ветеринарный паспорт на сельскохозяйственных животных выдается индивидуально, за исключением мелкого рогатого скота, свиней.

      Ветеринарный паспорт на мелкий рогатый скот (овцы, козы), свиней выдается на группу (отару).

      Выпас сельскохозяйственных животных осуществляется на огороженных или неогороженных пастбищах владельцами сельскохозяйственных животных, либо лицами, ими уполномоченными.

      В зависимости от природно-климатических зон выпас сельскохозяйственных животных в темное и ночное время суток допускается только на отведенных для пастьбы пастбищах и других земельных участках.

      Прогон (перегон) сельскохозяйственных животных до места выпаса и обратно, а в темное и ночное время суток до мест содержания, осуществляется под сопровождением владельцев сельскохозяйственных животных либо лиц, ими уполномоченных.

      6. Не допускается:

      1) выпас больных сельскохозяйственных животных (в том числе зараженных заразными болезнями);

      2) выпас сельскохозяйственных животных, не прошедших обязательных ветеринарных процедур (в том числе вакцинации);

      3) выпас сельскохозяйственных животных на землях общего пользования, в полосах отвода железных и автомобильных дорог, границах водоохранных полос и зон санитарной охраны;

      4) в пределах водоохранных зон выпас сельскохозяйственных животных с превышением нормы нагрузки, купание и санитарная обработка скота и другие виды хозяйственной деятельности, ухудшающие режим водоемов;

      5) выпас сельскохозяйственных животных без идентификации;

      6) прогон (перегон) до места выпаса и обратно, выпас, а также перемещение сельскохозяйственных животных без сопровождения владельцев сельскохозяйственных животных либо лиц, ими уполномоченных.

      При этом, в соответствии с пунктом 2 статьи 99 Лесного кодекса Республики Казахстан выпас сельскохозяйственных животных без сопровождения владельцев сельскохозяйственных животных либо лиц, ими уполномоченных, на пастбищах, входящих в государственный лесной фонд, осуществляется в исключительных случаях в отдаленных, труднодоступных и малонаселенных районах. Перечень таких районов утверждается местным представительным органом области по представлению местного исполнительного органа области;

      7) прогон (перегон) сельскохозяйственных животных через железнодорожные пути и дороги вне специально отведенных мест, а также в темное время суток и условиях недостаточной видимости (кроме скотопрогонов на разных уровнях);

      8) прогон (перегон) сельскохозяйственных животных по дороге с асфальтовым и цементобетонным покрытием при наличии иных путей;

      9) водопой сельскохозяйственных животных в общественных местах купания, прудах, фонтанах, водоемах и водозаборах общего пользования.

      Для водопоя сельскохозяйственных животных допускается использование водных объектов вне зоны санитарной охраны при наличии водопойных площадок и других устройств, предотвращающих загрязнение и засорение водных объектов в порядке общего водопользования согласно Водному кодексу Республики Казахстан.

      Порядок выпаса сельскохозяйственных животных на участках государственного лесного фонда определяется в соответствии с Правилами сенокошения и пастьбы скота на участках государственного лесного фонда, утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 12 октября 2015 года № 18-02/909 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12259).

      7. Дата начала выпаса в зависимости от природно-климатических зон Республики Казахстан приурочивается к периоду устойчивого перехода температуры воздуха выше +10 градусов по Цельсию.

      Продолжительность выпаса каждого сезона (дней) определяется условиями конкретного года.

      8. Сельскохозяйственные животные, передвигающиеся без сопровождающих лиц, считаются безнадзорными и подлежат загону в места для временного содержания до выявления владельца.

      Порядок содержания, возврата задержанных безнадзорных сельскохозяйственных животных владельцам, а также ответственность владельцев определяется в соответствии со статьей 246 Гражданского кодекса Республики Казахстан.

      9. В зависимости от природно-климатических зон в республике применяются системы сезонного и круглогодичного выпаса сельскохозяйственных животных на пастбищах.

      При сезонной системе выпаса сельскохозяйственные животные весной, летом и осенью находятся на пастбищах, зимой – на стойловом содержании с полноценным кормлением.

      При круглогодичной системе выпаса сельскохозяйственные животные находятся на пастбищах круглый год.

      При неблагоприятных погодных условиях используются животноводческие помещения, и создается соответствующий запас кормов.

      10. При выпасе сельскохозяйственных животных учитывается видовой состав пастбищ, поскольку все пастбища на территории области имеют сезонный характер, так эфемеровые пастбища могут использоваться весной, дерновинно-злаковые и горные - летом, а эфемерово-полынные как весной, так и осенью.

      11. Перед началом выпаса в зависимости от вида сельскохозяйственного животного и типа растительности оптимальная высота травостоя должна варьировать от 2 до 6 сантиметров (далее – см) на естественных пастбищах и от 10 см и выше на культурных пастбищах.

      12. Коэффициент использования пустынных пастбищ не должен превышать 60 процентов (далее – %); полупустыни и сухой степи – 65 %. Горные пастбища можно использовать с коэффициентом 70%, как и участки с весенней эфемеровой растительностью.

      13. Пастбища, в том числе общественные пастбища, указанные в подпункте 2) пункта 2 статьи 13 Закона Республики Казахстан "О пастбищах" (далее – Закон о пастбищах), не предоставляются в частную собственность и землепользование и используются только для нужд населения для выпаса сельскохозяйственных животных личного подворья.

      Отгонные пастбища, за исключением пастбищ, указанных в пункте 4 статьи 15 Закона о пастбищах, предоставляются физическим и (или) юридическим лицам в порядке, установленном статьей 43-1 Земельного кодекса Республики Казахстан (далее – Земельный кодекс).

      Доступ к обводнительным сооружениям, состоящим на балансе государственных юридических лиц и расположенным на пастбищах, предназначенных для нужд населения по выпасу сельскохозяйственных животных личного подворья, в том числе общественных пастбищах, предоставляется на безвозмездной основе.

      В целях удовлетворения нужд населения по выпасу сельскохозяйственных животных личного подворья осуществляется резервирование пастбищ в соответствии со статьей 49-2 Земельного кодекса.

      Основанием для резервирования пастбищ является План по управлению пастбищами и их использованию (далее – План).

      14. План является нормативным правовым актом, утверждаемым местным представительным органом района, города областного значения на пять лет.

      15. План разрабатывается местным исполнительным органом района (кроме районов в городах), города областного значения совместно с акимами города районного значения, поселка, села, сельского округа и органами местного самоуправления на основании типового плана по управлению пастбищами и их использованию, утверждаемого уполномоченным органом в области управления и использования пастбищ в соответствии с подпунктом 4-1) статьи 6 Закона о пастбищах.

      16. Выпас сельскохозяйственных животных на пастбищах осуществляется в соответствии с Планами.

      17. Пастбища, расположенные на территории, непосредственно прилегающей к границам (чертам) населенных пунктов, находящиеся в государственной собственности, используются для удовлетворения нужд населения для выпаса сельскохозяйственных животных личного подворья.

      Поголовье сельскохозяйственных животных физических и (или) юридических лиц, не обеспеченных пастбищами в пределах границ (черты) населенного пункта, перемещается на другие участки пастбищ, в том числе на отгонные пастбища, согласно Плану.

      Использование пастбищ, предназначенных для выпаса сельскохозяйственных животных личного подворья, в том числе отгонных пастбищ, осуществляется в соответствии с Планом. Вынесения отдельного решения акимов города районного значения, поселка, села, сельского округа и местного исполнительного органа района, города областного значения о предоставлении пастбищ не требуется.

      18. Выпас на пастбищах, указанных в части первой пункта 18 настоящих Типовых правил, других сельскохозяйственных животных допускается только при соблюдении предельно допустимых норм нагрузки на общую площадь пастбищ, утвержденных приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 апреля 2015 года № 3-3/332 "Об утверждении предельно допустимой нормы нагрузки на общую площадь пастбищ" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11064).

      При превышении предельно допустимых норм нагрузки на общую площадь пастбищ в целях увеличения площадей пастбищ, предназначенных для выпаса сельскохозяйственных животных личного подворья, может осуществляться принудительное отчуждение для государственных нужд ранее предоставленных пастбищ в соответствии со статьями 84, 85, 86 и 87 Земельного кодекса и главой 6 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе".

      При превышении предельно допустимых норм нагрузки на общую площадь пастбищ пастбища предоставляются в пределах города районного значения, поселка, села, сельского округа согласно Плану.

      19. Поголовье сельскохозяйственных животных владельцев, не обеспеченных пастбищами в пределах города районного значения, поселка, села, сельского округа формируется по видам и половозрастным группам и направляется на отгонные пастбища согласно Плану.

Параграф 1. Организация перегона при выпасе сельскохозяйственных животных

      20. Для перегона комплектуют стада, отары, табуны из здоровых сельскохозяйственных животных, одинаковых по возрасту, полу, упитанности.

      Численность поголовья сельскохозяйственных животных составляет: овец и коз 600-800 голов, крупного рогатого скота не более 250 голов, лошадей не более 200 голов, верблюдов не более 120 голов.

      Нормы отбора сельскохозяйственных животных, подлежащих перегону, указаны в приложении 1 к настоящим Правилам.

      21. Нормы комплектования сельскохозяйственных животных в зависимости от вида, половозрастной группы и упитанности, подлежащих перегону указаны в приложении 2 к настоящим Правилам.

      Нормы нагрузки на одно лицо, осуществляющего выпас сельскохозяйственных животных, указаны в приложении 3 к настоящим Правилам.

      22. На всем пути перегона сельскохозяйственных животных не допускается смешивание групп.

      23. Перегону на отгонные пастбища подлежат все виды и группы сельскохозяйственных животных необеспеченные пастбищами в пределах населенных пунктов, за исключением маточного (дойного) поголовья (в том числе перед отелом, родами и неокрепших после отела, родов) и больных сельскохозяйственных животных (в том числе зараженных заразными болезнями), неокрепшего новорожденного молодняка, сельскохозяйственных животных, не прошедших обязательных ветеринарных процедур (в том числе вакцинации).

      24. Для перегона сельскохозяйственных животных проектируются скотопрогонные трассы (далее – скотопрогоны) временного (сезонного) пользования и долгосрочного пользования в соответствии со статьями 70 и 104 Земельного кодекса.

      25. Скотопрогоны определяются местным исполнительным органом районов (городов) и областей по согласованию с главными государственными ветеринарно-санитарными инспекторами соответствующих административно-территориальных единиц в соответствии с пунктом 3 статьи 21 Закона Республики Казахстан "О ветеринарии".

      26. Скотопрогоны размещаются с расчетом обслуживания ими наибольшей площади и создания удобной и кратчайшей связи пастбищ с местами стоянки, и водопоя сельскохозяйственных животных.

      27. При перегоне сельскохозяйственных животных на расстояния до 5 километров (далее – км), ширина скотопрогона составляет 50-70 метров, при количестве перегоняемого крупного рогатого скота 200-250 голов или 600-800 голов мелкого рогатого скота.

      Общая площадь скотопрогона не превышает 4-5 % всей обслуживаемой территории.

      28. При большой протяженности пути (если движение совершается в течение нескольких дней) через каждые 40-50 км скотопрогоны оборудуются пастбищными подкормочными площадками достаточной кормовой емкостью и через каждые 10-15 км обеспечиваются водопоем.

      В этих случаях ширина скотопрогона составляет от 200-300 до 1000 метров и более.

      29. Радиус водопоя сельскохозяйственных животных на равнинной местности пастбищ составляет:

      для крупного рогатого скота в степных и лесостепных зонах 2-4 км, в засушливых степях, полупустынях и пустынях 4-6 км;

      для лошадей в степных и лесостепных зонах 4-5 км, в засушливых степях, полупустынях и пустынях 5-7 км;

      для верблюдов в степных и лесостепных зонах 6-7 км, в засушливых степях, полупустынях и пустынях 7-8 км;

      для овец и коз в степных и лесостепных зонах 2,5-4 км, в засушливых степях, полупустынях и пустынях 3-6 км.

Параграф 2. Организация выпаса сельскохозяйственных животных

      30. Местные исполнительные органы районов, города областного значения обеспечивают:

      1) реализацию Плана;

      2) осуществление разъяснительной работы среди владельцев сельскохозяйственных животных о проведении мероприятий по рациональному использованию пастбищ и представление ежегодного отчета об итогах его реализации местному представительному органу района, города областного значения.

      31. Акимы города районного значения, поселка, села, сельского округа перед началом пастбищного периода:

      обеспечивают:

      1) реализацию Плана и представляют ежегодный отчет о ходе его реализации органу местного самоуправления (сходу местного сообщества);

      2) осуществление разъяснительной работы среди владельцев сельскохозяйственных животных о проведении мероприятий по рациональному использованию пастбищ;

      3) совместно с органами местного самоуправления соблюдение предельно допустимых норм нагрузки на общую площадь пастбищ;

      4) организацию мест для временного содержания безнадзорных сельскохозяйственных животных;

      5) идентификацию сельскохозяйственных животных;

      определяют:

      6) места сбора сельскохозяйственных животных;

      7) маршруты прогона сельскохозяйственных животных внутри населенного пункта до места сбора стада, участков выпаса и обратно;

      8) участки для выпаса сельскохозяйственных животных на пастбищах вокруг населенных пунктов;

      9) маршруты перегона сельскохозяйственных животных необеспеченных пастбищами в пределах города районного значения, поселка, села, сельского округа на отгонные пастбища;

      10) участки для выпаса сельскохозяйственных животных на отгонных пастбищах по видам и половозрастным группам.

      32. Владельцы сельскохозяйственных животных, либо уполномоченные ими лица организуют:

      1) формирование групп сельскохозяйственных животных по видам и половозрастным группам;

      2) отбивку маточного (дойного) поголовья от остальных групп сельскохозяйственных животных;

      3) выпас сельскохозяйственных животных на пастбищах, расположенных в пределах территории поселков, сельских населенных пунктов и на отгонных пастбищах;

      4) сопровождение сельскохозяйственных животных при прогоне (перегоне) до места выпаса, выпасе и обратно;

      5) перегон групп сельскохозяйственных животных необеспеченных пастбищами в пределах населенных пунктов на отгонные пастбища.

      33. Нарушение Правил выпаса сельскохозяйственных животных влечет ответственность, предусмотренную законодательством Республики Казахстан.