Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімінің 09.04.2021 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2020 жылғы 8 қыркүйектегі №1-15/295 ұсынысы негізінде, Тайпақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Тайпақ ауылының әуежай, техникалық колледж, электробекет, зират, орман шаруашылығы, телебекет, автобекет, коммуналдық шаруашылық бағыттарындағы бағымдарына ұсақ мүйізді қара мал арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Тайпақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (З.Гапуова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тайпақ ауылдық округінің әкімі | Б. Шаленов |