Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 03.03.2021 № 49 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1, Бөрлі ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін белгіленсін:
осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 3 - қосымшасына сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде.
2. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №30 "Бөрлі ауданы бойынша 2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5453 тіркелген, 2019 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (Д.Муканова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Кушкинбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Сатканов |
Бөрлі ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 62 қаулысына 1-қосымша |
Бөрлі ауданы бойынша 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан % ) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындардың саны (бірлік) |
1 | "Аксай-Проминвест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 132 | 2 | 3 |
2 | "Аксайавтотранс" акционерлік қоғамы | 447 | 2 | 9 |
3 | "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Бөрлі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 50 | 2 | 1 |
Бөрлі ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 62 қаулысына 2-қосымша |
Бөрлі ауданы бойынша 2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан % ) | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындардың саны (бірлік) |
1 | "Аксай-Проминвест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 132 | 2 | 3 |
2 | "Аксайавтотранс" акционерлік қоғамы | 447 | 2 | 9 |
Бөрлі ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 62 қаулысына 3-қосымша |
Бөрлі ауданы бойынша 2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Ұйымның атауы | Жұмыс-керлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның мөлшері (жұмыскерлер дің тізімдік санынан % ) | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындардың саны (бірлік) | |
1 | "Аксай-Проминвест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 132 | 1 | 1 |
2 | "LCI Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 205 | 1 | 2 |