Бөрлі ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 3 наурыздағы № 49 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 15 наурызда № 6844 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Бөрлі ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін келесі мөлшерлерде:

      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін үш пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 62 "Бөрлі ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6049 тіркелген, 2020 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын деп танылсын.

      3. Аудан әкімі аппаратының басшысы (М.Нурмаков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Кушкинбаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бөрлі ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
Е. Ихсанов

  Бөрлі ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 3 наурыздағы
№ 49 қаулысына 1-қосымша

Бөрлі ауданы бойынша 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері(%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1.

"Аксайстройсервис и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

70

3

2

2.

"Аксайавтотранс" акционерлік қоғамы

443

3

13

  Бөрлі ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 3 наурыздағы
№ 49 қаулысына 2-қосымша

Бөрлі ауданы бойынша 2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері(%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1.

Аксайстройсервис и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

70

2

1

2.

"Аксайавтотранс" акционерлік қоғамы

443

2

9

  Бөрлі ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 3 наурыздағы
№ 49 қаулысына 3-қосымша

Бөрлі ауданы бойынша 2021 жылға ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін
айырылған немесе ата–анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының
түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарына квота


Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері(%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1.

"Аксайавтотранс" акционерлік қоғамы

443

1

4

2.

"МКС Мультикатеринг Казахстан Ко" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

116

1

1

3.

"Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің Пугачев мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

116

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады