Бөрлі ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 151 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 мамырда № 6221 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 223 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 24.06.2022 № 223 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бөрлі ауданы бойынша мынадай тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін:

      1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      3) екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.

      2. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы №1 "Бөрлі ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4678 тіркелген, 2017 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (Д.Муканова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Кушкинбаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Сатканов

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Бурлинскому району

Постановление акимата Бурлинского района Западно-Казахстанской области от 4 мая 2020 года № 151. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 6 мая 2020 года № 6221. Утратило силу постановлением акимата Бурлинского района Западно-Казахстанской области от 24 июня 2022 года № 223

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Бурлинского района Западно-Казахстанской области от 24.06.2022 № 223 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" и приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 13 июня 2016 года № 498 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для инвалидов" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №14010), акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства инвалидов в размере от двух до четырех процентов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, с вредными, опасными условиями труда со списочной численностью работников по Бурлинскому району:

      1) от пятидесяти до ста человек – в размере двух процентов списочной численности работников;

      2) от ста одного до двухсот пятидесяти человек – в размере трех процентов списочной численности работников;

      3) свыше двухсот пятидесяти одного человека – в размере четырех процентов списочной численности работников.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата Бурлинского района от 11 января 2017 года №1 "Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Бурлинскому району" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №4678, опубликованное 21 февраля 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Руководителю отдела государственно-правовой работы аппарата акима района (Д.Муканова) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района А.Кушкинбаева.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Аким М. Сатканов