"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Бөрлі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бөрлі ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Бөрлі ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 151 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6221 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бөрлі ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бөрлі ауданының әкімі | Е. Ихсанов |