Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 28.01.2021 № 9 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 тіркелген) сәйкес Жәнібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жәнібек ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін келесі мөлшерлерде:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2. Жәнібек ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 маусымдағы №108 "Жәнібек ауданы бойынша 2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5699 тіркелген, 2019 жылы 13 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Молдағалиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Сафималиев |
Жәнібек ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 маусымдағы № 73 қаулысына 1 - қосымша |
Жәнібек ауданы бойынша 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны |
1 | "Жәнібек аудандық демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 111 | 1 | 1 |
2 | "Символ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 80 | 1 | 1 |
Жәнібек ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 маусымдағы № 73 қаулысына 2 - қосымша |
Жәнібек ауданы бойынша 2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны |
1 | "Символ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 80 | 1 | 1 |
2 | "Жәнібек аудандық демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 111 | 1 | 1 |
Жәнібек ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 маусымдағы № 73 қаулысына 3 - қосымша |
Жәнібек ауданы бойынша 2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны |
1 | Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Е.Ниеткалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 74 | 2 | 1 |