Бәйтерек ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 430 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 қыркүйекте № 6383 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 1 наурыздағы № 111 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімдігінің 01.03.2023 № 111 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) сәйкес, Бәйтерек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бәйтерек ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін:

      1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      3) екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.

      2. Аудан әкімі аппаратының басшысының міндетін атқарушы (Н.Конашев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Г.Бисакаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Токжанов

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов по району Бәйтерек

Постановление акимата района Бәйтерек Западно-Казахстанской области от 23 сентября 2020 года № 430. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 24 сентября 2020 года № 6383. Утратило силу постановлением акимата района Бәйтерек Западно-Казахстанской области от 1 марта 2023 года № 111

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата района Бәйтерек Западно-Казахстанской области от 01.03.2023 № 111 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 13 июня 2016 года № 498 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для инвалидов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №14010), акимат района Бәйтерек ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства инвалидов в размере от двух до четырех процентов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, с вредными, опасными условиями труда организациям со списочной численностью работников по району Бәйтерек:

      1) от пятидесяти до ста человек – в размере двух процентов списочной численности работников;

      2) от ста одного до двухсот пятидесяти человек – в размере трех процентов списочной численности работников;

      3) свыше двухсот пятидесяти одного человека – в размере четырех процентов списочной численности работников.

      2. Исполняющему обязанности руководителя аппарата акима района (Конашева Н.) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Бисакаева Е.Г.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким района М. Токжанов