Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бәйтерек ауданы әкімдігінің "Бәйтерек ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №430 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6383 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бәйтерек ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі | М. Токжанов |