Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Озерный, Забродин, Қаражар, Поливной ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Переметный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округінің Озерный, Забродин, Қаражар, Поливной ауылдарының атаусыз көшелеріне мынадай атаулар берілсін:
1) Озерный ауылы бойынша:
№1У көшесі - Ақбидай көшесі;
№1У көшесі - Көктем көшесі;
№1У көшесі - Жас қыран көшесі;
№1У көшесі - Балауса көшесі;
№1У көшесі - Арман көшесі;
№1У көшесі - Дарабоз көшесі;
№1У көшесі - Береке көшесі;
2) Забродин ауылы бойынша:
№1У көшесі - Балдырған көшесі;
№1У көшесі - Бақыт көшесі;
№1У көшесі - Құлагер көшесі;
№1У көшесі - Ақсарай көшесі;
№1У көшесі - Шапағат көшесі;
№1У көшесі - Шаттық көшесі;
3) Қаражар ауылы бойынша:
№1У көшесі - Аманат көшесі;
№1У көшесі - Самал көшесі;
№1У көшесі - Әсем көшесі;
№1У көшесі - Арна көшесі;
№1У көшесі - Отан көшесі;
4) Поливной ауылы бойынша:
№1У көшесі - Өркен көшесі;
№1У көшесі - Қайнар көшесі.
2. Переметный ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Пономарев А.) осы шешімнің әділет органдарына мемлекеттік тіркеуін және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Б. Бадаков |