Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Железнов және Новенький ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Железнов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бәйтерек ауданы Железнов ауылдық округі Железнов ауылындағы кейбір көше атаулары:
"Уральская" көшесі - "Қайыңды" көшесі;
"Железноводская" көшесі - "Жаңа ғасыр" көшесі;
"Ульяновская" көшесі - "Елқонған" көшесі;
"Средняя" көшесі - "Тастөбе" көшесі деп қайта аталсын.
2. Бәйтерек ауданы Железнов ауылдық округі Новенький ауылындағы кейбір көше атаулары:
"Ленинградская" көшесі - "Сарыжайлау" көшесі;
"Московская" көшесі - "Әдемі" көшесі;
"Пионерская" көшесі - "Жеңіс" көшесі;
"Уральская" көшесі - "Құланды" көшесі;
"Первомайская" көшесі - "Деркөл" көшесі;
"Детсадовская" көшесі - "Тақсай" көшесі;
"Ульяновская" көшесі - "Аққурай" көшесі деп қайта аталсын.
3. Железнов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А.Иманкулова) осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Е. Сидагалиев |