Бәйтерек ауданы Железнов ауылдық округі Железнов және Новенький ауылдарының кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Железнов ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 қаңтарда № 6005 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Железнов және Новенький ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Железнов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйтерек ауданы Железнов ауылдық округі Железнов ауылындағы кейбір көше атаулары:

      "Уральская" көшесі - "Қайыңды" көшесі;

      "Железноводская" көшесі - "Жаңа ғасыр" көшесі;

      "Ульяновская" көшесі - "Елқонған" көшесі;

      "Средняя" көшесі - "Тастөбе" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Бәйтерек ауданы Железнов ауылдық округі Новенький ауылындағы кейбір көше атаулары:

      "Ленинградская" көшесі - "Сарыжайлау" көшесі;

      "Московская" көшесі - "Әдемі" көшесі;

      "Пионерская" көшесі - "Жеңіс" көшесі;

      "Уральская" көшесі - "Құланды" көшесі;

      "Первомайская" көшесі - "Деркөл" көшесі;

      "Детсадовская" көшесі - "Тақсай" көшесі;

      "Ульяновская" көшесі - "Аққурай" көшесі деп қайта аталсын.

      3. Железнов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А.Иманкулова) осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Е. Сидагалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады