Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 41-2 "Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6155 тіркелген, 2020 жылы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Ж.Жангазиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Койшекенов |
Мәслихат хатшысының міндетін уақытша атқарушы |
Н. Оразов |