Тасқала ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, шекті толтырылу нормаларын, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарын, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 8 қазандағы № 52-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 қазанда № 6415 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Тасқала ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және оларды шекті толтырылу нормалары айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Тасқала ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі айқындалсын.

      3. Осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Тасқала ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары айқындалсын.

      4. Осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Тасқала ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      5. Тасқала аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Т.Шатенова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Курмышева
      Мәслихат хатшысы С. Рахимов

  Тасқала аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 8 қазандағы
№ 52-2 шешіміне 1-қосымша

Тасқала ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы
орындар және олардың шекті толтырылу нормалары

Елді - мекен

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

Шекті толтырылу нормалары

1

Тасқала ауылы

"Тасқала ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тасқала ауданының спорт клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының алдыңдағы алаңы- С.Жақсығұлов көшесі (Ғ.Құрманғалиев көшесі мен С.Жақсығұлов көшесінің қиылысынан бастап "Тасқала-Ақку" жауапкершілік шектеулі серіктестігіне дейін)

150 адамнан аспай

2

Тасқала ауылы

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараттың алдында - Абай көшесі (Абай көшесі мен А.Скоробогатов көшесінің қиылысынан бастап "Тұңғыш президент атындағы саябаққа" дейін)

150 адамнан аспай

3

Ақтау ауылы

Ауылдық мәдениет үйінің алдыңдағы алаңы - С.Мұқанов көшесі (С.Мұқанов көшесінен Ю.Гагарин көшесіне дейін)

100 адамнан аспай

4

Амангелді ауылы

Ауылдық мәдениет үйінің алдыңдағы алаңы - Астана көшесі (Астана көшесі мен С.Жақсығұлов көшесінің арасында)

100 адамнан аспай

5

Достық ауылы

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған мемориалдық ескерткіштің алдында - Шамов көшесі (Шамов көшесінен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған мемориалдық ескерткішке дейін)

100 адамнан аспай

6

Атамекен ауылы

Ауылдық мәдениет үйінің алдыңдағы алаңы - А.Иманов көшесі (А.Иманов көшесі)

100 адамнан аспай

7

Оян ауылы

Ауылдық мәдениет үйінің алдыңдағы алаңы - М.Мәметова көшесі (М.Мәметова көшесі)

150 адамнан аспай

8

Мерей ауылы

Ауылдық мәдениет үйінің алдыңдағы алаңы - И.Тайманов көшесі (И.Тайманов көшесінің бойымен ауылдық мәдениет үйінен Жеңіс саябағына дейінгі аралық)

100 адамнан аспай

9

Мереке ауылы

Ауылдық мәдениет үйінің алдыңдағы алаңы - Абай көшесі (А.Ақжігітов көшесінен Абай көшесіне дейін)

100 адамнан аспай

10

2-Шежін ауылы

Ауылдық мәдениет үйінің алдыңдағы алаңы - Б.Карменов көшесі (Б.Карменов көшесі)

100 адамнан аспай

  Тасқала аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 8 қазандағы
№ 52-2 шешіміне 2-қосымша

Тасқала ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы
орындарды пайдалану тәртібі

      1. Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.

      2. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      3. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

      4. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді.

      Пикеттеу ұзақтығы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.

      5. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда, жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша, бейбіт жиналыстарға қатысушыларға осындай талапты орындау қажеттігі туралы ақпарат бере отырып, бейбіт жиналыстарды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға міндетті.

  Тасқала аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 8 қазандағы
№ 52-2 шешіміне 3-қосымша

Тасқала ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы
орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге
қойылатын талаптар

      1. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруды және өткізуді:

      жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың;

      қызметі Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған заңды тұлғаның;

      шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың қаржыландыруына тыйым салынады.

      3. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.

  Тасқала аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 8 қазандағы
№ 52-2 шешіміне 4-қосымша

Тасқала ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың
шекаралары

      Тасқала ауданында келесі объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 200 метр қашықтықта пикеттеуді өткізу шекаралары айқындалсын:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері және оларға іргелес жатқан аумақтар;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтар;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтар;

      5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес жатқан аумақтар.

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм предельной заполняемости, требований к материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по Таскалинскому району

Решение Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 8 октября 2020 года № 52-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 9 октября 2020 года № 6415

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" Таскалинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить специализированные места для организации и проведения мирных собраний по Таскалинскому району и нормы их предельной заполняемости согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Определить порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний по Таскалинскому району согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Определить требования к их материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест по Таскалинскому району согласно приложению 3 к настоящему решению.

      4. Определить границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по Таскалинскому району, согласно приложению 4 к настоящему решению.

      5. Руководителю аппарата Таскалинского районного маслихата (Шатенова Т.) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции.

      6. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии Н. Курмышева
      Секретарь маслихата С. Рахимов

  Приложение 1
к решению Таскалинского
районного маслихата
от 8 октября 2020 года № 52-2

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний по
Таскалинскому району и нормы их предельной заполняемости

Населенный пункт

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний

Норма предельной заполняемости

1

село Таскала

передняя площадь Государственного коммунального казенного предприятия "Таскалинский районный спортивный клуб" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта акимата Таскалинского района" - улица С.Жаксыгулова (от пересечения улицы Г.Курмангалиева и С.Жаксыгулова до товарищества с ограниченной ответственностью "Таскала-Акку")

не более 150 человек

2

село Таскала

перед зданием коммунального государственного учреждения "Центр занятости населения" акимата Таскалинского района Западно-Казахстанской области - улица Абая (от пересечения улицы Скоробогатова и улицы Абая до "Парка имени Первого Президента")

не более 150 человек

3

село Актау

передняя площадь сельского дома культуры - улица С.Муканова (от улицы С.Муканова до улицы Ю.Гагарина)

не более 100 человек

4

село Амангельды

передняя площадь сельского дома культуры - улица Астана (между улицей Астана и улицей С.Жаксыгулова)

не более 100 человек

5

село Достык

перед мемориальным памятником ветеранам Великой отечественной войны - улица Шамова (от улицы Шамова до мемориального памятника ветеранам Великой отечественной войны)

не более 100 человек

6

село Атамекен

передняя площадь сельского дома культуры - улица А.Иманова (улица А.Иманова)

не более 100 человек

7

село Оян

передняя площадь сельского дома культуры- улица М.Маметова (улица М.Маметова)

не более 150 человек

8

село Мерей

передняя площадь сельского дома культуры - улица И.Тайманова (по улице И.Тайманова от сельского дома культуры до парка Победы)

не более 100 человек

9

село Мереке

передняя площадь сельского дома культуры - улица Абая (по улице А.Акжигитова до улицы Абая)

не более 100 человек

10

село Чижа -2

передняя площадь сельского дома культуры - улица Б.Карменова (улица Б.Карменова)

не более 100 человек

  Приложение 2
к решению Таскалинского
районного маслихата
от 8 октября 2020 года № 52-2

Порядок использования специализированных мест для организации и проведения
мирных собраний по Таскалинскому району

      1. Мирные собрания проводятся в специализированных местах для организации и проведения мирных собраний. Запрещается проведение мирных собраний в иных местах, за исключением пикетирования.

      2. В случае, если на проведение мирного собрания в одном и том же месте и (или) по одному и тому же маршруту следования либо в одно и то же время одновременно претендует несколько организаторов мирных собраний, очередность использования указанного места определяется местным исполнительным органом исходя из времени получения им соответствующего уведомления или заявления от организатора мирных собраний.

      3. Мирные собрания не могут начинаться ранее 9 часов и заканчиваться позднее 20 часов по местному времени административно-территориальной единицы в день проведения мирных собраний.

      4. Не допускается проведение двух и более пикетов в одном и том же месте в одно и то же время у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      Продолжительность пикетирования не должна превышать двух часов в день в одном и том же месте у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      5. Организатор мирных собраний по требованию представителя местного исполнительного органа, сотрудников правоохранительных органов обязан приостанавливать или прекращать мирные собрания в случаях, предусмотренных статьями 17 и 18 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" (далее - Закон), с информированием участников мирных собраний о необходимости исполнения такого требования.

  Приложение 3
к решению Таскалинского
районного маслихата 
от 8 октября 2020 года № 52-2

Требования к материально-техническому и организационному обеспечению
специализированных мест для организации и проведения мирных собраний
по Таскалинскому району

      1. Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний, если Законом и иными законами Республики Казахстан не установлено иное.

      2. Запрещается финансирование организации и проведения мирных собраний:

      физическими лицами и (или) юридическими лицами, включенными в перечень организаций и лиц, связанных с финансированием распространения оружия массового уничтожения, и (или) в перечень организаций и лиц, связанных с финансированием терроризма и экстремизма;

      юридическим лицом, деятельность которого приостановлена или запрещена в установленном законом Республики Казахстан порядке;

      иностранцами, лицами без гражданства и иностранными юридическими лицами.

      3. Запрещается установление юрт, палаток, иных сооружений в специализированных местах для организации и проведения мирных собраний без согласия местного исполнительного органа.

  Приложение 4
к решению Таскалинского
районного маслихата 
от 8 октября 2020 года № 52-2

Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования
по Таскалинскому району

      1. Определить границы проведения пикетирования на расстоянии не менее 200 метров от прилегающих территорий следующих объектов по Таскалинскому району:

      1) места массовых захоронений;

      2) объекты железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта;

      3) территории, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) территории, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) магистральные железнодорожные сети, магистральные трубопроводы, национальные электрические сети, магистральные линии связи.