Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес Теректі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және оларды шекті толтырылу нормалары айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Теректі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі айқындалсын.
3. Осы шешімнің 3 - қосымшасына сәйкес Теректі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары айқындалсын.
4. Осы шешімнің 4 - қосымшасына сәйкес Теректі ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
5. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б. Кенжеғұлов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Ж. Уразгалиева |
Теректі аудандық мәслихатының хатшысы | А. Нургалиев |
Теректі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №45-6 шешіміне 1-қосымша |
Теректі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толтырылу нормалары
№ | Елді мекен | Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар | Шекті толтырылу нормалары | |
1 | Федоровка ауылы | Достық Үйі алаңы - Достық көшесі (Абай көшесімен (Сұңқар көшесінің қиылысынан Жеңіс көшесінің қиылысына дейін), Жеңіс көшесімен Достық көшесінің қиылысына дейін) | 350 адамнан аспайтын | |
2 | Федоровка ауылы | Аудандық мәдениет үйі алдындағы алаң - Сұңқар көшесі | 350 адамнан аспайтын | |
3 | Ақсуат ауылы | "Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы алаңы - Бірлік көшесі (Бірлік көшесімен Достық көшесінің қиылысына дейін) | 150 адамнан аспайтын | |
4 | Аңқаты ауылы | Орталық саябақ - Бейбітшілік көшесі (Бейбітшілік көшесімен) | 150 адамнан аспайтын | |
5 | Ақжайық ауылы | Орталық алаң - Ақжайық көшесі (Ақжайық көшесімен ауылға кіре беріс аркаға дейін) | 200 адамнан аспайтын | |
6 | Ақсоғым ауылы | "Ақсоғым ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы алаңы - Қазақстан көшесі (Қазақстан көшесімен Ы.Алтынсарин көшесінің қиылысына дейін) | 150 адамнан аспайтын | |
7 | Богдановка ауылы | Орталық алаң - Жеңіс көшесі (Жеңіс көшесімен орталық саябаққа дейін) | 150 адамнан аспайтын | |
8 | Долин ауылы | Ауылдық клуб алдындағы алаң - Жеңіс көшесі (Жеңіс көшесімен) | 150 адамнан аспайтын | |
9 | Новопавловка ауылы | Орталық саябақ алаңы - А.Құнанбаев көшесі (А.Құнанбаев көшесімен) | 150 адамнан аспайтын | |
10 | Подстепное ауылы | "Ұлы дала саябағы" алаңы - Советская көшесі (Советская көшесімен Школьная көшесінің қиылысына дейін) | 250 адамнан аспайтын | |
11 | Приречное ауылы | Мәдениет үйі алаңы - А.Құнанбаев көшесі (А.Құнанбаев көшесімен "Приречное ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына дейін) | 200 адамнан аспайтын | |
12 | Покатиловка ауылы | Мәдениет үйі алаңы - Достық көшесі (Достық көшесімен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер ескерткішіне дейін) | 100 адамнан аспайтын | |
13 | Ұзынкөл ауылы | Ауылдық клуб алаңы - Астана көшесі (Астана көшесімен Атамекен көшесінің қиылысына дейін) | 70 адамнан аспайтын | |
14 | Шағатай ауылы | Орталық саябақ алаңы – Т.Х.Ишмаков көшесі (Т.Х.Ишмаков көшесімен Жеңіс саябағына дейін) | 100 адамнан аспайтын | |
15 | Сары Өмір ауылы | "Шалқар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы алаңы - Орталық көшесі (Орталық көшесімен Қазақстан көшесінің қиылысына дейін) | 150 адамнан аспайтын | |
16 | Жаңа Өмір ауылы | Орталық саябақ - Бостандық көшесі (Бостандық көшесімен Достық көшесінің қиылысына дейін) | 200 адамнан аспайтын |
Теректі аудандық мәслихатының 2020 жылғы қыркүйектегі № 45-6 шешіміне 2–қосымша |
Теректі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындарды пайдалану тәртібі
1. Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.
2. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
3. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
4. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді.
Пикеттеу ұзақтығы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.
5. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда, жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша, бейбіт жиналыстарға қатысушыларға осындай талапты орындау қажеттігі туралы ақпарат бере отырып, бейбіт жиналыстарды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға міндетті.
Теректі аудандық мәслихатының 2020 жылғы қыркүйектегі № 45-6 шешіміне 3–қосымша |
Теректі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруды және өткізуді:
жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың;
қызметі Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған заңды тұлғаның;
шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың қаржыландыруына тыйым салынады.
3. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.
Теректі аудандық мәслихатының 2020 жылғы қыркүйектегі № 45-6 шешіміне 4–қосымша |
Теректі ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Теректі ауданында келесі объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 100 метр қашықтықта пикеттеуді өткізу шекаралары айқындалсын:
1) жаппай жерлеу орындары;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері және оларға іргелес жатқан аумақтар;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтар;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтар;
5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес жатқан аумақтар.