Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімінің 14.04.2020 № 32 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Теректі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринарлық - санитариялық инспекторының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 01-24/741 ұсынысы негізінде Ақжайық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 21 ақпандағы №4 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5548 тіркелген, 2019 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
" 1. Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі Абай ауылының, "Расул", "Ақниет" шаруа қожалықтарының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.";
4-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі "Адил", "Олжас", "Рыскалиев Жардем" шаруа қожалықтарының және "Масқар" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
3. Ақжайық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Т.С.Туркеев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақжайық ауылдық округінің әкімі | Б. Кадыралиев |