Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округінің Шыңғырлау ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 22 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 наурызда № 6085 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Шыңғырлау ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округінің Шыңғырлау ауылындағы кейбір көше атауларына қайта атау берілсін:

      2 тұйық "Сырым Датұлы" көшесін – "Бауыржан Момышұлы" көшесі;

      1 тұйық "Қуантаев" көшесін – "Алтын Орда" көшесі;

      "Ғ.Мұратбаев" көшесінің батыс жағы – "Асанқайғы жырау" көшесі;

      1 тұйық "А.Құнанбаев" көшесін – "Жайық" көшесі;

      2 тұйық "Дмитрий Бесчасов" көшесін – "Шоқайтерек" көшесі.

      2. Шыңғырлау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Ж.Тулепов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық-ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі Г. Жумагазиев

О переименовании некоторых улиц села Шынгырлау Чингирлауского сельского округа Чингирлауского района

Решение акима Чингирлауского сельского округа Чингирлауского района Западно-Казахстанской области от 17 марта 2020 года № 22. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 18 марта 2020 года № 6085

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", с учетом мнения населения села Шынгырлау и на основании заключения Западно-Казахстанской областной ономастической комиссии, аким Чингирлауского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Переименовать некоторые улицы села Шынгырлау Чингирлауского сельского округа Чингирлауского района:

      2 тупиковая улица "Сырым Датұлы" – улица "Бауыржан Момышұлы";

      1 тупиковая улица "Қуантаев" – улица "Алтын Орда";

      Западная сторона улицы "Ғ.Мұратбаев" – улица "Асанқайғы жырау";

      1 тупиковая улица "А.Құнанбаев" – улица "Жайық";

      2 тупиковая улица "Дмитрий Бесчасов" – улица "Шоқайтерек".

      2. Главному специалисту аппарата акима Чингирлауского сельского округа (Тулепов Ж.) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции и его официальное опубликование в средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Аким Чингирлауского селького округа Г. Жумагазиев