Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Шыңғырлау ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округінің Шыңғырлау ауылындағы кейбір көше атауларына қайта атау берілсін:
2 тұйық "Сырым Датұлы" көшесін – "Бауыржан Момышұлы" көшесі;
1 тұйық "Қуантаев" көшесін – "Алтын Орда" көшесі;
"Ғ.Мұратбаев" көшесінің батыс жағы – "Асанқайғы жырау" көшесі;
1 тұйық "А.Құнанбаев" көшесін – "Жайық" көшесі;
2 тұйық "Дмитрий Бесчасов" көшесін – "Шоқайтерек" көшесі.
2. Шыңғырлау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Ж.Тулепов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық-ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі | Г. Жумагазиев |