"Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 6 қаңтарда № 22035 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 20 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      197-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "197. Заңның 24-1-бабына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне қосуды қоспағанда, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосу мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 6-нысан бойынша сәулет және қала құрылысы органы сәулет-жоспарлау тапсырмасын, топографияны дайындау кезінде қалыптастыратын және электрондық нысанда табиғи монополия субъектісіне жіберетін техникалық шарттарды беруге арналған өтінішті беру;

      2) табиғи монополия субъектісінің сәулет және қала құрылысы органының техникалық шарттар беруге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемін ұлғайтуға арналған өтінішін қарауы;

      3) табиғи монополия субъектісінің техникалық шарттарды сәулет және қала құрылысы органына жіберуі;

      4) сәулет және қала құрылысы органдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) (бұдан әрі – Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары) сәйкес сәулет-жоспарлау тапсырмасымен және топографиямен бірге жүзеге асыратын техникалық шарттарды беруге арналған өтінішті қарау нәтижесін беру;

      5) тұтынушының берілген техникалық шарттарға сәйкес барлық жұмыстарды орындауы;

      6) тұтынушының жұмыстардың аяқталғаны және табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға әзірлігі туралы хабарлауы.";

      мынадай мазмұндағы 197-1-тармақпен толықтырылсын:

      "197-1. Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне қосу мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) кәсіпкерлік субъектілерінің энергия беруші ұйымның электр желілеріне технологиялық қосуға өтініш беруі;

      2) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымның электр желілеріне технологиялық қосу шартын жасасу және орындау.";

      199-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "199. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 1, 3, 4 және 5-нысандар бойынша табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беруге өтініш қабылдауды және оны қарау нәтижесін беруді, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 6-нысан бойынша құрылыс объектілерін табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға техникалық шарттар беруге сәулет және қала құрылысы органының өтінішін қарау нәтижесін қабылдауды және беруді қоспағанда Мемлекеттік корпорация "электрондық үкімет" веб-порталы немесе табиғи монополия субъектісінің кеңсесі арқылы жүзеге асырады.

      Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған өтініштерді қабылдау Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 23 қырқұйектегі № 327 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21269 болып тіркелген) бекітілген Энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу қағидаларына (бұдан әрі – Энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.";

      202-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "202. Осы Қағидалардың 206-тармағын қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға техникалық шарттар беруге өтініш қаралады:

      1) техникалық күрделі емес объектілер үшін – екі жұмыс күні ішінде;

      2) техникалық күрделі объектілер үшін – бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Өтінішті қарау қорытындысы бойынша табиғи монополия субъектісі:

      1) техникалық шарттарды береді;

      2) техникалық шарттарды беруден бас тартады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы техникалық шарттарды беруге өтініш берілген жағдайда, өтінішті қабылдау күні және оны қарау нәтижесін беру күні табиғи монополия субъектісінің техникалық шарттарды беру туралы өтінішті қарау мерзіміне кірмейді.

      Мемлекеттік корпорация арқылы техникалық шарттарды беруге өтініш берілген жағдайда табиғи монополия субъектісінің өтінішті қарау мерзімі өтініш табиғи монополия субъектісіне келіп түскен күннен басталады және Мемлекеттік корпорацияның нәтижені берген күнін қамтымайды.";

      205-206 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "205. Құрылыс объектілерін табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беруге арналған өтінішті қарау нәтижелерін беруді сәулет және қала құрылысы органдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) сәйкес сәулет-жоспарлау тапсырмасымен және топографиямен бірге жүзеге асырады.

      206. Табиғи монополия субъектісі сәулет және қала құрылысы органдарының өтініші бойынша табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға техникалық шарттар беруді:

      1) техникалық күрделі емес объектілер үшін – екі жұмыс күні ішінде;

      2) техникалық күрделі объектілер үшін – бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттар жобалау мен салудың нормативтік кезеңіне беріледі.

      Сәулет және қала құрылысы органының өтініші бойынша техникалық шарттарды беру оларды табиғи монополия субъектісінің Заңның 24-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес сәулет және қала құрылысы органына жіберуі арқылы осы тармақта белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 208-1-тармақпен толықтырылсын:

      "208-1. Техникалық шарттарды монополистердің тікелей түзетуіне жол берілмейді.";

      215-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "215. Тұтынушылардың электр қондырғыларын энергия беруші ұйымның желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды энергия беруші ұйым:

      1) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның электр желілеріне жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосқанда;

      2) тұтынылатын электр қуаты бұрын берілген техникалық шарттарда белгіленген қуаттан артқанда;

      3) электрмен сырттай жабдықтау схемасы өзгергенде;

      4) тұтынушының электр энергиясы қабылдағыштарын электрмен жабдықтау сенімділігінің санаты өзгергенде береді.";

      217-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "217. Осы Қағидалармен реттелмеген табиғи монополиялар салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу жағдайларын ұсыну және электрмен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру Энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу қағидаларына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10403 болып тіркелген) Электр энергиясын пайдалану қағидаларына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 111 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10533 болып тіркелген) бекітілген Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларына сәйкес қамтамасыз етіледі.";

      4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 5 қаңтардағы
№ 1 Бұйрыққа қосымша
  Табиғи монополиялар
субъектілерінің қызметін жүзеге
асыру қағидаларына 4-қосымша
  1-нысан
  Тұтынушы:
____________________________
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса) немесе заңды
тұлғаның атауы
  Тұтынушының мекенжайы,
телефоны, факс және
электрондық поштасы:
___________________________
_________________________
(қолы)
20__ жылғы "_____" ________

Электрмен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттарды беруге арналған өтініш

      Объектінің (жұмыс істеп тұрған, реконструкцияланатын) толық атауы, оның мекенжайы, орналасқан жері, қосылу орны)

      ____________________________________________________________________

      Техникалық шарттарды беру қажеттілігі (қажеттісін белгілеу):

      уақытша электрмен жабдықтауға (құрылыс кезеңіне), тұрақты негізде электрмен жабдықтауға)

      Мәлімделген қуат: ______________________ килоВатт (бұдан әрі – кВт)

      Кернеу деңгейі (қосылатын қондырғының номиналды кернеуі)

      _________________________________________________________________ Квт

      Электрмен жабдықтау сенімділігінің санаты (қажеттісін белгілеу): (1, 2, 3)

      Қосалқы тұтынушылардың тізбесі және олардың электр қондырғыларының сипаттамалары:

      ______________________________________________________________

      Мыналар қоса беріледі:

  2-нысан
  Тұтынушы:
____________________________
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса) немесе заңды
тұлғаның атауы
  Тұтынушының
мекенжайы, телефоны, факс
және электрондық поштасы:
__________________________
_________________________
(қолы)
20__ жылғы "_____" ________

Тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемалары

      1) электрмен жабдықтаудың қазіргі жай-күйіне және үш, бес-он жылға арналған даму перспективасына шолу;

      2) тұтынушылардың электр жүктемелері және оларды өтеу көздері;

      3) қуат пен электр энергиясының теңгерімдері (қазіргі жай-күйі мен үш, бес-он жылға арналған перспективасы);

      4) сыртқы электрмен жабдықтау схемасының нұсқалары;

      5) сыртқы электрмен жабдықтаудың ұсынылатын схемасының негіздемесі;

      6) қаралып отырған ауданның іргелес электр желілерімен бірге электр режимдерін (қалыпты, авариядан кейінгі режимдер) есептеу;

      7) жабдықты таңдау үшін қысқа тұйықталу токтарының деңгейлерін есептеу;

      8) релелік қорғау мен автоматиканы, аварияға қарсы автоматиканы орындау қағидаттары;

      9) диспетчерлік және технологиялық басқаруды ұйымдастыру қағидаттары;

      10) электр энергиясын есепке алу (есепке алу аспаптары);

      11) энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша жоспарланған іс-шаралар;

      12) электр желілік құрылыстың көлемі, құрылыс құнының ірілендірілген есебі;

      13) тұжырымдар;

      14) сызбалар: қағидаттық схемалар, карта-схемалар немесе ахуалдық жоспар, электр режимдерін есептеу нәтижелері, диспетчерлік және технологиялық басқаруды ұйымдастыру схемалары, релелік қорғаныс және автоматика құрылғыларын орналастырудың қағидаттық схемасы.

  3-нысан
  Тұтынушы:
____________________________
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса) немесе заңды
тұлғаның атауы
  Тұтынушының
мекенжайы, телефоны, факс
және электрондық поштасы:
___________________________
_________________________
(қолы)
20__ жылғы "_____" ________

Жылумен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттарды беруге арналған өтініш

      Объектінің (жұмыс істеп тұрған, реконструкцияланатын) толық атауы, оның мекенжайы, орналасқан жері, қосылу орны ___________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Тұратындар саны, ыстық сумен жабдықтауды есепке алу аспаптарының саны (тұрмыстық тұтынушылар үшін)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Техникалық шарттарды алу үшін негіз (қажеттісін белгілеу):

      жаңадан іске қосылатын объектілерді жылу желілеріне қосу;

      тұтынушының жылу тұтыну қондырғыларын реконструкциялауға немесе кеңейтуге байланысты және қолданыстағы техникалық шарттарға сәйкес келмейтін тұтынылатын жылу энергиясының санын (немесе жылу жеткізгіш параметрлерін) өзгерту;

      бұрын қосылмаған объектіні жылу желілеріне қосу;

      сыртқы жылумен жабдықтау схемасын өзгерту.

      Жоба болған жағдайда: жобаланатын объектіні сипаттайтын деректер, оны салудың нормативтік мерзімдері және объектіні пайдалануға берудің белгіленген мерзімдері, ең жоғары қосылатын жүктемелер:

      технологиялық мұқтаждар, жылыту және желдету, ыстық сумен жабдықтау___________________________________________________________

      Тұтыну түрлері бойынша жылу жүктемелерінің сипаттамалары (жылу энергиясын тұрмыстық тұтыну үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін, техникалық паспорт) және жылу техникалық есеп ____________

      __________________________________________________________________________

      Мыналар қоса беріледі:

      __________________________________________________________________________

  4-нысан
  Тұтынушы:
____________________________
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса) немесе заңды
тұлғаның атауы
  Тұтынушының
мекенжайы, телефоны, факс
және электрондық поштасы:
___________________________
_________________________
(қолы)
20__ жылғы "_____" ________

Газбен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттарды беруге арналған өтініш

      Объектінің толық атауы: (тұрғын үй, дәмхана, дүкен және т. б.), қызметке қосылатын объектінің мекенжайы _____________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Мынадай газ тұтыну жабдығын пайдалану үшін:

      1. жылу беру қазандығы____________________________________________________

      саны (дана) (маркасы/моделі/өндіруші/қажетті газ тұтыну қуаты)

      2. газ плитасы ___________________________________________________________

      саны (дана) (маркасы/моделі/өндіруші/қажетті газ тұтыну қуаты)

      3. ағынды су жылытқыш ___________________________________________________

      саны (дана) (маркасы/моделі/өндіруші/қажетті газ тұтыну қуаты)

      4. өзгелер________________________________________________________________

      Газды ең көп сағаттық тұтынудың болжамды шығысымен____________________________________________________________________

      Мыналар қоса беріледі: __________________________________________________

      __________________________________________________________________________

  5-нысан
  Тұтынушы:
____________________________
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса) немесе заңды
тұлғаның атауы
  Тұтынушының
мекенжайы, телефоны, факс
және электрондық поштасы:
___________________________
_________________________
(қолы)
20__ жылғы "_____" ________

Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосуға техникалық шарттарды беруге арналған өтініш

      1. Объектінің (жобаланатын, жұмыс істеп тұрған, реконструкцияланатын) толық атауы және мекенжайы:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      2. Объектінің мақсаты____________________________________________

      3. Ғимараттың биіктігі, қабаты, пәтер саны__________________________

      1. Сумен жабдықтау

      1. Суға қажеттілік: су сапасындағы м3/тәулік м3/ең көп сағат оның ішінде:

      1) шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне ______ м3/тәулік, ____ м3/ ең көп сағат

      2) өндірістік қажеттіліктерге ___________ м3/тәулік, __________м3/ ең көп сағат техникалық м3/тәулік м3/ ең көп сағат

      оның ішінде:

      3) өндірістік қажеттіліктерге _________ м3/тәулік, _________ м3/ ең көп сағат

      б) суаруға _______________ м3/тәулік, _________________м3/ ең көп сағат

      2. Өрт сөндіруге қажетті шығыс л /сек.

      2. Су бұру

      1. Ағынды сулардың жалпы саны м3/ тәулік, м3/ ең көп сағат оның ішінде:

      1) фекальды ______________ м3/ тәулік, ___________м3 ең көп сағат

      2) өндірістік-ластанған ___________м3/ тәулік, _________м3/ ең көп сағат

      3) шартты-таза __________ м3/ тәулік, елді мекеннің су бұру жүйесіне ағатын ____________ м3/ ең көп сағат.

      2. Өндірістік сарқынды сулардың сапалық құрамы мен сипаттамасы (тазартылған ағынды суларды су объектісіне тастаудың бекітілген шекті жол берілетін төгінділер (ШЖБТ) тізбесіне сәйкес ластаушы заттардың концентрациясы, РН, қышқылдардың, сілтілердің, жарылғыш, тұтанатын радиоактивті және басқа да заттардың концентрациясы)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      3. Есепке алу аспабы ____________________________________________

      Қосымшалар:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

  6-нысан
  Табиғи монополиялар
субъектілеріне (тізім бойынша)

Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды беруге өтініш ____________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы)

      инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттар үшін сауалнама парағын жолдайды.

      Қосымша:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттар үшін сауалнама парағы.

      20__ жылғы "_____" ________

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 13 августа 2019 года № 73 "Об утверждении Правил осуществления деятельности субъектами естественных монополий"

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 5 января 2021 года № 1. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 января 2021 года № 22035

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 13 августа 2019 года № 73 "Об утверждении Правил осуществления деятельности субъектами естественных монополий" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 19242, опубликован 20 августа 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах осуществления деятельности субъектами естественных монополий, утвержденных указанным приказом:

      пункт 197 изложить в следующей редакции:

      "197. Подключение к сетям электроснабжения, теплоснабжения, газоснабжения, водоснабжения и водоотведения состоит из следующих этапов, за исключением присоединения электрических установок с установленной мощностью до 200 кВт субъектов предпринимательства к электрическим сетям энергопередающих организаций в соответствии со статьей 24-1 Закона:

      1) подача заявления на выдачу технических условий по форме 6 согласно приложению 4 к настоящим Правилам, которое орган архитектуры и градостроительства формирует при подготовке архитектурно-планировочного задания, топографии и направляет в электронной форме субъекту естественной монополии;

      2) рассмотрение субъектом естественной монополии заявления органа архитектуры и градостроительства на выдачу технических условий или увеличение объема регулируемой услуги;

      3) направление субъектом естественной монополии технических условий в орган архитектуры и градостроительства;

      4) выдача результата рассмотрения заявления на выдачу технических условий, которая осуществляется органами архитектуры и градостроительства вместе с архитектурно-планировочным заданием и топографией в соответствии с Правилами организации застройки и прохождения разрешительных процедур в сфере строительства, утвержденными приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 750 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12684) (далее – Правила организации застройки и прохождения разрешительных процедур в сфере строительства);

      5) выполнение потребителем всех работ в соответствии с выданными техническими условиями;

      6) информирование потребителем о завершении работ и готовности к подключению к сетям субъекта естественной монополии.";

      дополнить пунктом 197-1 в следующей редакции:

      "197-1. Подключение электрических установок с установленной мощностью до 200 кВт субъектов предпринимательства к электрическим сетям энергопередающих организаций состоит из следующих этапов:

      1) подача заявления субъектами предпринимательства на технологическое присоединение к электрическим сетям энергопередающей организации;

      2) заключение и исполнение договора технологического присоединения электрических установок с установленной мощностью до 200 кВт субъектов предпринимательства к электрическим сетям энергопередающей организации.";

      пункт 199 изложить в следующей редакции:

      "199. Прием заявления на выдачу технических условий на подключение к сетям субъекта естественной монополии или увеличение объема регулируемой услуги по формам 1, 3, 4 и 5 согласно приложению 4 к настоящим Правилам, и выдача результата его рассмотрения, за исключением приема и выдачи результата рассмотрения заявления органа архитектуры и градостроительства на выдачу технических условий на подключение к сетям субъекта естественной монополии объектов строительства или увеличение объема регулируемой услуги по форме 6 согласно приложению 4 к настоящим Правилам, осуществляются Государственной корпорацией, через веб-портал "электронного правительства" или канцелярию субъекта естественной монополии.

      Прием заявлений на технологическое присоединение к электрическим сетям энергопередающих организаций электрических установок с установленной мощностью до 200 кВт субъектов предпринимательства осуществляется в соответствии с Правилами технологического присоединения к электрическим сетям энергопередающих организаций, утвержденными приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 23 сентября 2020 года № 327 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 21269) (далее – Правила технологического присоединения к электрическим сетям энергопередающих организаций).".

      пункт 202 изложить в следующей редакции:

      "202. Заявление на выдачу технических условий на подключение к сетям субъекта естественной монополии или увеличение объема регулируемой услуги, за исключением пункта 206 настоящих Правил, рассматривается:

      1) для технически несложных объектов – в течение двух рабочих дней;

      2) для технически сложных объектов – в течение пяти рабочих дней.

      По итогам рассмотрения заявления субъект естественной монополии:

      1) выдает технические условия;

      2) отказывает в выдаче технических условий.

      В случае подачи заявления на выдачу технических условий через Государственную корпорацию, день приема заявления и день выдачи результата его рассмотрения не входят в срок рассмотрения заявления о выдаче технических условий субъектом естественной монополии.

      В случае подачи заявления на выдачу технических условий через Государственную корпорацию, срок рассмотрения заявления субъектом естественной монополии начинается со дня поступления заявления субъекту естественной монополии и не включает день выдачи Государственной корпорацией результата.";

      пункты 205 и 206 изложить в следующей редакции:

      "205. Выдача результата рассмотрения заявления на выдачу технических условий на подключение к сетям субъекта естественной монополии объектов строительства осуществляется органами архитектуры и градостроительства вместе с архитектурно-планировочным заданием и топографией в соответствии с Правилами организации застройки и прохождения разрешительных процедур в сфере строительства.

      206. Субъект естественной монополии осуществляет выдачу технических условий на подключение к сетям субъекта естественной монополии по заявлению органов архитектуры и градостроительства:

      1) для технически несложных объектов – в течение двух рабочих дней;

      2) для технически сложных объектов – в течение пяти рабочих дней.

      По итогам рассмотрения заявления субъект естественной монополии:

      1) выдает технические условия;

      2) отказывает в выдаче технических условий.

      Технические условия на подключение к сетям субъекта естественной монополии или увеличение объема регулируемой услуги выдаются на нормативный период проектирования и строительства.

      Выдача технических условий по заявлению органа архитектуры и градостроительства осуществляется в сроки, установленные настоящим пунктом, путем направления их субъектом естественной монополии в орган архитектуры и градостроительства в соответствии с подпунктом 3) пункта 4 статьи 24 Закона.";

      дополнить пунктом 208-1 следующего содержания:

      "208-1. Корректировка технических условий напрямую с субъектами естественных монополий не допускается.";

      пункт 215 изложить в следующей редакции:

      "215. Технические условия на присоединение электроустановок потребителей к сетям энергопередающей организации выдаются в случаях:

      1) подключения вновь вводимых или реконструируемых электроустановок к электрическим сетям энергопередающей (энергопроизводящей) организации;

      2) увеличения потребляемой электрической мощности от мощности, указанной в ранее выданных технических условиях;

      3) изменения схемы внешнего электроснабжения;

      4) изменения категории надежности электроснабжения приемников электрической энергии потребителя.";

      пункт 217 изложить в следующей редакции:

      "217. Предоставление условий доступа к регулируемым услугам в сферах естественных монополий и выдача технических условий на подключение к сетям электроснабжения, не урегулированные настоящими Правилами, обеспечивается в соответствии с Правилами технологического присоединения к электрическим сетям энергопередающих организаций, Правилами пользования электрической энергией, утвержденными приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 143 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10403) и Правилами организации и функционирования розничного рынка электрической энергии, а также предоставления услуг на данном рынке, утвержденными приказом Министра энергетики Республики от 20 февраля 2015 года № 111 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10533).";

      приложение 4 изложить в редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету по регулированию естественных монополий в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр национальной экономики
Республики Казахстан
Р. Даленов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство экологии,
геологии и природных ресурсов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министра национальной экономики
Республики Казахстан
от 5 января 2021 года № 1
  Приложение 4 к Правилам
осуществления деятельности
субъектами естественных монополий
  Форма 1
  Потребитель:
____________________________
фамилия, имя, отчество
(при наличии) физического лица
или наименование юридического лица
Адрес потребителя, телефон
факс и электронная почта:
____________________________
____________________________
(подпись)
"_____" ________ 20__ год

Заявление на выдачу технических условий на подключение к сетям электроснабжения

      Полное наименование объекта (действующего, реконструируемого), его адрес
местонахождение, место подключения)
_________________________________________________________________________

      Необходимость выдачи технических условий (отметить нужное): на временное
электроснабжение (период строительства), электроснабжение на постоянной основе)

      Заявленная мощность: ______________________ килоВатт (далее – кВт)

      Уровень напряжения (номинальное напряжение присоединяемой установки)
_________________________________________________________________________ Квт

      Категория надежности электроснабжения (отметить нужное): (1, 2, 3)

      Перечень субпотребителей и характеристики их электроустановок:

      ____________________________________________________________________

      Прилагаем:

  Форма 2
  Потребитель:
____________________________
фамилия, имя, отчество
(при наличии) физического лица
или наименование юридического лица
Адрес потребителя, телефон
факс и электронная почта:
____________________________
____________________________
(подпись)
"_____" ________ 20__ год

Схемы внешнего электроснабжения потребителя

      1) Обзор существующего состояния электроснабжения и перспективы развития на три, пять – десять лет;

      2) электрические нагрузки потребителей и источники их покрытия;

      3) балансы мощности и электроэнергии (существующее состояние и перспектива на три, пять – десять лет);

      4) варианты схемы внешнего электроснабжения;

      5) обоснование рекомендуемой схемы внешнего электроснабжения;

      6) расчеты электрических режимов (нормальные, послеаварийные режимы) рассматриваемого района с прилегающими электрическими сетями;

      7) расчет уровней токов короткого замыкания для выбора оборудования;

      8) принципы выполнения релейной защиты и автоматики, противоаварийной автоматики;

      9) принципы организации диспетчерского и технологического управления;

      10) учет электроэнергии (приборы учета);

      11) планируемые мероприятия по энергосбережению и энергоэффективности;

      12) объемы электросетевого строительства, укрупненный расчет стоимости строительства;

      13) выводы;

      14) чертежи: принципиальные схемы, карты-схемы или ситуационный план, результаты расчетов электрических режимов, схемы организации диспетчерского и технологического управления, принципиальную схему размещения устройств релейной защиты и автоматики.

  Форма 3
  Потребитель:
____________________________
фамилия, имя, отчество
(при наличии) физического лица
или наименование юридического лица
Адрес потребителя, телефон
факс и электронная почта:
____________________________
____________________________
(подпись)
"_____" ________ 20__ год

Заявление на выдачу технических условий на подключение к сетям теплоснабжения

      Полное наименование объекта (действующего, реконструируемого), его адрес,
местонахождение, место подключения _____________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Количество проживающих, количество приборов учета горячего водоснабжения
(для бытовых потребителей) _______________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Основание для получения технических условий (отметить нужное):

      присоединение к тепловым сетям вновь вводимых объектов;

      изменение количества потребляемой тепловой энергии (или параметров
теплоносителя), связанное с реконструкцией или расширением теплопотребляющих
установок потребителя и не соответствующее действующим техническим условиям;

      присоединение к тепловым сетям ранее не присоединенного объекта;

      изменение схемы внешнего теплоснабжения.

      В случае наличия проекта: данные характеризующие проектируемый объект,
нормативные сроки его строительства и намеченные сроки ввода объекта в эксплуатацию,
максимальные присоединяемые нагрузки:

      технологические нужды, отопление и вентиляция, горячее водоснабжение

      _________________________________________________________________________.

      Характеристики тепловых нагрузок по видам потребления (для потребителей,
использующих тепловую энергию для бытового потребления, технический паспорт) и теплотехнический расчет

      __________________________________________________________________________

      Прилагаем:

      __________________________________________________________________________

  Форма 4
  Потребитель:
____________________________
фамилия, имя, отчество
(при наличии) физического лица
или наименование юридического лица
Адрес потребителя, телефон
факс и электронная почта:
____________________________
____________________________
(подпись)
"_____" ________ 20__ год

Заявление на выдачу технических условий на подключение к сетям газоснабжения

      Полное наименование объекта: (жилой дом, кафе, магазин, и прочее), адрес объекта
подключения к услуге_________________________________________________________

      Для использования следующего газопотребляющего оборудования:

      1. отопительный котел___________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      количество (штука) (марка/модель/производитель/требуемая мощность газопотребления)

      2. газовая плита

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      количество (штука) (марка/модель/производитель/требуемая мощность газопотребления)

      3. проточный водонагреватель_____________________________________________

      ________________________________________________________________________

      количество (штука) (марка/модель/производитель/ требуемая мощность газопотребления)

      4. прочее ________________________________________________________________

      С предполагаемым расходом максимального часового потребления газа

      _________________________________________________________________________

      Прилагаем: ______________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

  Форма 5
  Потребитель:
____________________________
фамилия, имя, отчество
(при наличии) физического лица
или наименование юридического лица
Адрес потребителя, телефон
факс и электронная почта:
____________________________
____________________________
(подпись)
"_____" ________ 20__ год

Заявление на выдачу технических условий на подключение к сетям водоснабжения и (или) водоотведения

      1. Полное наименование и адрес объекта (проектируемого, действующего, реконструируемого):

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Назначение объекта____________________________________________________

      2. Высота, этажность здания, количество квартир___________________________

1. Водоснабжение

      1. Потребность в воде: питьевого качества м3/сутки м3/час макс. в том числе:

      1) на хозяйственно-питьевые нужды _________ м3/сутки, _____ м3/час макс.

      2) на производственные нужды ________м3/сутки, ____м3/час макс. технической м3/сутки м3/час макс.

      в том числе:

      3) на производственные нужды ____________ м3/сутки, __________ м3/час макс.

      4) на полив _______________ м3/сутки, _________________м3/час макс.

      2. Потребный расход на пожаротушение л/сек.

2. Водоотведение

      1. Общее количество сточных вод м3/сутки, м3/час макс.

      в том числе:

      1) фекальных ______________ м3/сутки, ___________м3/час макс.

      2) производственно-загрязненных _______м3/сутки, ________м3/час макс.

      3) условно-чистых ______ м3/сутки, ______ м3/час макс., сбрасываемых в систему водоотведения населенного пункта.

      2. Качественный состав и характеристика производственных сточных вод (концентрации загрязняющих веществ, РН, концентрация кислот, щелочей, взрывчатых, воспламеняющихся радиоактивных веществ и других в соответствии с перечнем утвержденного предельно-допустимого сброса (ПДС) очищенных сточных вод в водный объект)

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      3. Прибор учета________________________________________________________

      Приложения:___________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

  Форма 6
  Субъектам естественных монополий
  (по списку)

      Заявление на выдачу технических условий на подключение к источникам
            инженерного и коммунального обеспечения

      ____________________________________________________________________
                  (наименование государственного органа)

      направляет опросный лист для технических условий на подключение к источникам инженерного и коммунального обеспечения.

      Приложение:

      Опросный лист для технических условий на подключение к источникам инженерного и коммунального обеспечения по форме, утвержденной Правилами организации застройки и прохождения разрешительных процедур в сфере строительства, утвержденными приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 750 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12684).

      "_____" ________ 20__ год