ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 299 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10188 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарда:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектерге арналған көтергіштерді монтаждау, оларға техникалық қызмет көрсету, оларды техникалық диагностикалау, техникалық куәландыру және жөндеуді жүргізу.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар";
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар";
мынадай мазмұндағы 7-тараумен толықтырылсын:
"7-тарау. Лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектерге арналған көтергіштерді монтаждау, оларға техникалық қызмет көрсету, оларды техникалық диагностикалау, техникалық куәландыру және жөндеуді жүргізу құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар.
10. Бір немесе бірнеше қауіпті техникалық құрылғыларды (эскалаторлар, лифтілер, траволаторлар, сондай-ақ мүгедектерге (мүмкіндігі шектеулі адамдарға) арналған көтергіштер және (немесе) диспетчерлік бақылау жүйесіне арналған жабдықтар) монтаждау жұмыстарын жүргізу құқығына үміткер заңды тұлғада мыналар бар:
1) жоғары техникалық білімі бар кемінде бір маман (немесе жоғары білімі және осы саладағы еңбек өтілі бес жылдан кем емес бір маман) және орта техникалық білімі бар екі маман немесе жоғары техникалық білімі бар екі маман (немесе жоғары білімі және осы саладағы еңбек өтілі бес жылдан кем емес екі маман);
2) жоғары техникалық білімі бар жұмыскерлер үшін екі жылдан кем емес; орта техникалық білімі бар жұмыскерлер үшін - үш жылдан кем емес жұмыс өтілі;
Ескертпе:
Мәлімделген жұмыскелердің жалпы санынан кем дегенде бір жұмыскердің көтергіш құрылыстардың (лифтілер, эскалаторлар, траволаторлар және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған көтергіштер) құрылыс құрылымдарын монтаждау бойынша жұмыстарды атқарған құрылымдық бөлімше басшысының лауазымында жұмыс тәжірибесі бар және осы лауазымда кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар.
Мәлімделгендердің ішінен жұмыскерлер өтініш берушінің штатында ресімделген (еңбек шартымен расталады, жұмыскердің біліктілігі білімі туралы дипломның көшірмесімен расталады).
Қоса атқару бойынша ресімделген жұмыскер өтінімге енгізілген кезде еңбек шартының көшірмесі немесе негізгі жұмыс орнынан жұмыс берушімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі ұсынылады.
3) меншік құқығына немесе өзге де заңды негізге жататын өндірістік үй-жайлар, ғимараттар мен құрылыстар.
4) монтаждау жұмыстарын жүргізуге қажетті құрылыс механизмдері, көлік құралдары, технологиялық жарақтау құралдары, қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары, бақылау және өлшеу құралдары:
жұмыстарды орындауға арналған құралдар, механизмдер мен құрылғылар (дәнекерлеу аппараты, монтаждау шығыры, жүк қапсыру құрылғылары, слесарлық құрал-сайман, биіктіктегі жұмыстарды жүргізуге арналған жеке қорғаныс құралдары);
5) заңды тұлғада орындалатын монтаждау жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету үшін ішкі құжаттардың болуы;
6) заңды тұлғада мамандар мен жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау жөніндегі мамандандырылған ұйыммен жасалған шарттың болуы;
7) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығымен бекітілген "Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10332 болып тіркелген) сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын қамтамасыз ету бөлігінде жұмыскерлердің біліктілігі мен кәсіби сәйкестігі деңгейін анықтау тәртібін белгілейтін құжаттардың болуы тиіс.
11. Бір немесе бірнеше қауіпті техникалық құрылғыларды (эскалаторлар, лифтілер, траволаторлар, сондай-ақ мүгедектерге (мүмкіндігі шектеулі адамдарға) арналған көтергіштер және (немесе) диспетчерлік бақылау жүйесіне арналған жабдықтар) жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу құқығына үміткер заңды тұлғада мыналар бар:
1) жоғары техникалық білімі бар кемінде бір маман немесе жоғары білімі бар және осы саладағы жұмыс өтілі бес жылдан кем емес бір маман;
2) орта техникалық білімі бар кемінде бір маман;
3) жоғары техникалық білімі бар жұмыскерлер үшін екі жылдан кем емес үздіксіз жұмыс өтілі;
4) орта техникалық кәсіптік білімі бар жұмыскерлер үшін жұмыс өтілі - кемінде үш жыл үздіксіз еңбек өтілі.
Ескертпе:
Жұмыскерлердің жалпы еңбек өтілі ішінде жүк көтергіш механизмдері, лифтілер, эскалаторлар, траволаторлар және мүгедектерге (мүмкіндігі шектеулі адамдарға) арналған көтергіштер аясында құрылыс-монтаждау, іске қосу-жөндеу жұмыстары саласындағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі қарастырылады.
Мәлімделген жұмыскерлердің жалпы санынан бір қызметкер жүк көтергіш механизмдерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы лауазымында жұмыс тәжірибесі бар және осы лауазымда кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар.
Мәлімделгендердің ішінен жұмыскерлер өтініш берушінің штатында ресімделген (еңбек шартымен расталады, жұмыскердің біліктілігі білімі туралы дипломның көшірмесімен расталады).
Қоса атқару бойынша ресімделген жұмыскер өтінімге енгізілген кезде еңбек шартының көшірмесі немесе негізгі жұмыс орнынан жұмыс берушімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі ұсынылады.
5) меншік құқығына немесе өзге де заңды негізге жататын өндірістік үй-жайлар, ғимараттар мен құрылыстар;
6) техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізуге қажетті механизмдер, көлік құралдары, технологиялық жарақтау құралдары, қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары, бақылау және өлшеу құралдары:
тиісті жұмыс түрлерін орындауға арналған құралдар, механизмдер мен құрылғылар (монтаждау шығыры, слесарлық құрал-сайман, бақылау-өлшеу аспаптарының жинағы, биіктіктегі жұмыстарды жүргізуге арналған жеке қорғаныс құралдары).
7) авариялық-диспетчерлік қызметтің болуы:
мамандарға еңбек шарттары және бұйрықтар (екі электр механиктен кем емес);
меншік құқығындағы немесе жалға алу шарты бойынша көлік құралы;
меншік құқығындағы немесе жалға алу шарты бойынша диспетчерлік бақылау пункті;
8) заңды тұлғада техникалық қызмет көрсету және (немесе) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін техникалық құжаттардың болуы.
9) заңды тұлғада мамандар мен жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау жөніндегі мамандандырылған ұйыммен жасалған шарттың болуы;
10) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығымен бекітілген "Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10332 болып тіркелген) сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын қамтамасыз ету бөлігінде жұмыскерлердің біліктілігі мен кәсіби сәйкестігі деңгейін анықтау тәртібін белгілейтін құжаттардың болуы тиіс.
12. Бір немесе бірнеше қауіпті техникалық құрылғыларды (эскалаторлар, лифтілер, траволаторлар, сондай-ақ мүгедектерге (мүмкіндігі шектеулі адамдарға) арналған көтергіштер) техникалық диагностикалау, техникалық куәландыру жұмыстарын жүргізу құқығына үміткер заңды тұлғада мыналар бар:
1) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 117-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін Қазақстан Республикасының кәсіби стандартының талаптарына сәйкестігіне даярлықтан өткен алтыншы деңгейлі кемінде бір маман, бесінші деңгейлі кемінде бір маман;
Ескертпе:
Қоса атқару бойынша ресімделген жұмыскер өтінімге енгізілген кезде еңбек шартының көшірмесі немесе негізгі жұмыс орнынан жұмыс берушінің мөрімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі ұсынылады. Жұмыскердің біліктілігі білімі туралы дипломның көшірмесімен расталады.
2) алтыншы деңгейдегі мәлімделген мамандардың жүк көтергіш механизмдерді, экскалаторларды, траволаторларды, мүгедектерге (мүмкіндігі шектеулі адамдарға) арналған көтергіштерді монтаждаумен және пайдаланумен байланысты жұмыстарды атқаратын құрылыс саласындағы құрылымдық бөлімшелердің басшылары лауазымында жұмыс тәжірибесі бар және осы лауазымда кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар;
Бесінші деңгейдің мәлімделген мамандары өздерінің еңбек қызметін жүк көтергіш механизмдермен, экскалаторлармен, траволаторлармен, мүгедектерге (мүмкіндігі шектеулі адамдарға) арналған көтергіштермен байланысты жүзеге асырады және осы лауазымда кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар.
3) меншік құқығына немесе өзге де заңды негізге жататын өндірістік үй-жайлар, ғимараттар мен құрылыстар;
4) технологиялық жарақтау құралдары, қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары, лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған көтергіштерді техникалық куәландыру жұмыстарын жүргізуге қажетті құралдар:
бақылау сынақ жүктері;
бағыттаушыларды бақылауға арналған құрылғылар;
динамометриялық кілт;
бақылау-өлшеу аспаптарының жинағы;
жеке қорғаныс құралдары;
5) техникалық құрылғының түрі мен типіне байланысты зауыт әзірлеушінің техникалық құжаттамасының болуы;
6) заңды тұлғада жұмыскерлердің кәсіби дайындығы жүйесінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығымен бекітілген "Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10332 болып тіркелген) сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын қамтамасыз ету бөлігінде жұмыскерлердің біліктілігі және кәсіби сәйкестігі деңгейін анықтау тәртібін көздейтін және белгілейтін құжаттардың болуы тиіс.".
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі