Денсаулық сақтау саласында білім беру бағдарламалары бойынша оқыту құнын қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 19 қаңтардағы № ҚР ДСМ-6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 қаңтарда № 22101 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 91) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.12.2023 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы бакалавриат және интернатурада бір білім алушының оқыту құнын қалыптастыру әдістемесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы бір резидент дәрігердің, магистратурада, докторантурада оқитын оқыту құнын қалыптастыру әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы
А. Цой

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрі

      "____"________________2020 жыл

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      "____"________________2020 жыл

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2021 жылғы 19 қаңтардағы
№ ҚР ДСМ-6 Бұйрыққа
1-қосымша

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы бакалавриат пен интернатураның бір білім алушысының оқыту құнын қалыптастыру әдістемесі

      1. Осы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы бакалавриат пен интернатураның бір білім алушысының оқыту құнын қалыптастыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 91) тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту құнын қалыптастыру кезінде бірыңғай тәсілді айқындайды және денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын қаржыландыру көлемін жоспарлау үшін қолданылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.12.2023 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Денсаулық сақтау саласындағы бакалавриат пен интернатураны мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыту құнын қалыптастыру кезінде тиісті қаржы жылына сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі-АЕК) пайдаланылады.

      3. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы бакалавриат және интернатураның жылына бір білім алушысының оқыту құны мынадай формулаға сәйкес шығыстардың қосу жолымен айқындалады:

      ОҚби = (1-шб.+2-шб.+3-шб.+4-шб.+5-шб.+6-шб.+7-шб.+8-шб.+9-шб.), мұндағы:

      ОҚби – бакалавриат пен интернатураның бір білім алушысының оқыту құны;

      1-шб. – жылына бір білім алушыға денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйелері және өткен қаржы жылы үшін еңбекақы төлеу қоры бойынша нақты шығындар негізінде есептелген оқытушы-профессорлар құрамының, оқу-көмекші, әкімшілік-басқарушы және қызмет көрсетуші персоналдың еңбекақысы мен сауықтыру қоры.

      Бұл ретте оқытушы-профессорлар құрамының еңбекақысы 2023 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан Республикасы бойынша орташа айлық жалақыдан төмен емес болып белгіленеді (Ұлттық статистика бюросының деректері, 2023 жылғы бірінші тоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы қызметкерлердің саны мен жалақысы" 2023 жылғы 5 мамырдағы шығарылымы);

      2-шб. – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

      3-шб. – "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру;

      4-шб. – "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 4-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Заң) оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін арттыруға арналған шығыстар .

      Бакалавриат пен интернатурада жылына бір білім алушыға жұмсалатын шығыс нормасы кемінде 0,6 еселенген АЕК-ті құрайды;

      5-шб. – Кодекстің 223-бабының 3 және 5-тармақтарында айқындалған тәртіпке сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалауға арналған шығыстар.

      Бакалавриат пен интернатурада жылына бір білім алушыға жұмсалатын шығыс нормасы кемінде 0,7 еселенген АЕК-ті құрайды;

      6-шб. – денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының өткен қаржы жылы үшін орташа нақты шығындарына сәйкес бакалавриат және интернатурада жылына бір білім алушыға есептелген коммуналдық қызметтер (суық, ыстық су және кәріз, жылу энергиясы, электр энергиясы үшін).

      7-шб. – Заңның 5-бабының 19-3) тармақшасында айқындалған тәртіпке сәйкес кітапханаларда оқу процесін қамтамасыз ету бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетті, электрондық оқулықтарды сатып алуға арналған шығыстар.

      Бакалавриат пен интернатурада жылына бір білім алушыға шығыстар нормасы кемінде 6 еселенген АЕК-ті құрайды;

      8-шб. – Заңның 35-бабының 2-тармағына, сондай-ақ Кодекстің 220-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына және 1-бабының 1-тармағының 233) тармақшасына сәйкес материалдық-техникалық базаны жарақтандыру (өндірістік мүкәммал, компьютерлік ұйымдастыру техникасы, бағдарламалық қамтамасыз ету, медициналық жабдық, фантомдар, оқу процесіне арналған муляждар).

      Бакалавриат пен интернатурада жылына бір білім алушыға шығыстар нормасы кемінде 72 еселенген АЕК-ті құрайды;

      9-шб. – байланыс, интернет, клининг, күзет үшін белгіленген төлем нормасына сәйкес бакалавриат пен интернатурада жылына бір білім алушыға есептелген өзге шығыстар (байланыс, интернет, клининг, күзет).

      Бакалавриат пен интернатурада жылына бір білім алушыға шығыстар нормасы кемінде 4 еселенген АЕК-ті құрайды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.12.2023 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2021 жылғы 19 қаңтардағы
№ ҚР ДСМ-6 Бұйрыққа
2-қосымша

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы бір резидент-дәрігердің, магистратурада, докторантурада оқитын оқыту құнын қалыптастыру әдістемесі

      1. Осы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы бір резидент-дәрігердің, магистратурада, докторантурада бір білім алушыға оқыту құнын қалыптастыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 91) тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту құнын қалыптастыру кезінде бірыңғай тәсілді айқындайды және денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын қаржыландыру көлемін жоспарлау үшін қолданылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.12.2023 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы резидент-дәрігердің, магистратурада, докторантурада оқитын білім алушының оқыту құнын қалыптастыру кезінде тиісті қаржы жылына сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі-АЕК) пайдаланылады.

      3. Бір резидент-дәрігердің мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыту құны осы Әдістеменің 5-тармағында көрсетілген шығыстардың баптарын қосу арқылы мына формулаға сәйкес айқындалады:

      ОҚр = (1-шб.+2-шб.+3-шб. + 4-шб. + 5-шб.+ 6-шб.+7-шб.+8-шб.+10-шб.), мұндағы:

      ОҚр - бір резидент-дәрігерді оқыту құны;

      шб. - шығыстар бабы.

      4. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы магистратурада, докторантурада бір білім алушының оқыту құны осы Әдістеменің 5-тармағында көрсетілген шығыстарды қосу жолымен айқындалады:

      ОҚмд = (1-шб.+ 2-шб.+ 3-шб. + 4-шб. + 6-шб.+ 8-шб. + 9-шб. + 10-шб.), мұндағы:

      ОҚмд - магистратурада, докторантурада бір білім алушының оқыту құны;

      шб. - шығыстар бабы.

      5. Осы Әдістемеде шығыстардың мынадай баптары пайдаланылады:

      1-шб.– жылына бір резидент-дәрігерге, магистратурада, докторантурада бір білім алушыға денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми ұйымдарының қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйелері және өткен қаржы жылы үшін еңбекақы төлеу қоры бойынша нақты шығындар негізінде есептелген оқытушы-профессорлар құрамының, оқу-көмекші, әкімшілік-басқарушы қызмет көрсетуші персоналдың еңбекақысы мен сауықтыру қоры.

      Бұл ретте оқытушы-профессорлар құрамының еңбекақысы 2023 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан Республикасы бойынша орташа айлық жалақыдан төмен емес болып белгіленеді (Ұлттық статистика бюросының деректері, 2023 жылғы бірінші тоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы қызметкерлердің саны мен жалақысы" 2023 жылғы 5 мамырдағы шығарылымы);

      2-шб. – Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ";

      3-шб. – "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру;

      4-шб. – "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабының 4-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Заң) оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін арттыруға арналған шығыстар.

      жылына бір резидент-дәрігерге, магистратурада, докторантурада бір білім алушыға шығыс нормасы кемінде 0,6 еселенген АЕК-ті құрайды;

      5-шб. – Кодекстің 223-бабының 3 және 5-тармақтарында айқындалған тәртіпке сәйкес резидент-дәрігердің кәсіптік даярлығын бағалауға арналған шығыстар.

      Жылына бір резидент-дәрігерге шығыс нормасы кемінде 2 еселенген АЕК-ті құрайды;

      6-шб. – денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми ұйымдарының өткен қаржы жылы үшін орташа нақты шығындарына сәйкес бір резидент-дәрігерге, магистратурада, докторантурада бір білім алушыға бөлінген коммуналдық қызметтер (суық, ыстық су және кәріз, жылу энергиясы, электр энергиясы үшін);

      7-шб. – Заңның 5-бабының 19-3) тармақшасында айқындалған тәртіпке сәйкес кітапханаларда оқу процесін қамтамасыз ету бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетті, электрондық оқулықтарды сатып алуға арналған шығыстар.

      Жылына бір резидент-дәрігерге шығыстар нормасы кемінде 6 еселенген АЕК-ті құрайды;

      8-шб. – Заңның 35-бабының 2-тармағына сәйкес материалдық-техникалық базаны жарақтандыру (өндірістік мүкәммал, компьютерлік ұйымдастыру техникасы, бағдарламалық қамтамасыз ету, медициналық жабдық).

      Жылына бір резидент-дәрігерге, магистратурада, докторантурада бір білім алушыға шығыстар нормасы кемінде 6 еселенген АЕК-ті құрайды;

      9-шб. – өткен қаржы жылы үшін денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми ұйымдарының орташа нақты шығындарына сәйкес магистратурада, докторантурада бір білім алушыға есептелген тағылымдамасы (оның ішінде шетелдік).

      Магистратурада бір білім алушыға тағылымдамадан өтуінің (оның ішінде шетелдік) шығыстар нормасы оқуға, жол жүруге, тұруға, тәуліктік шығыстарға, виза алуға арналған шығыстарды қамтиды және кемінде 62 еселенген АЕК-ті құрайды.

      Докторантурада бір білім алушыға шетелдік тағылымдамадан өтуінің шығыстар нормасы оқуға, жол жүруге, тұруға, тәуліктік шығыстарды, виза алуға арналған шығыстарды қамтиды және кемінде 67 еселенген АЕК-ті құрайды;

      10-шб. – байланыс, интернет, клининг, күзет белгіленген төлем нормасына сәйкес жылына бір резидент-дәрігерге, магистратурада, докторантурада бір білім алышыға есептелген өзге шығыстар (байланыс, интернет, клининг, күзет).

      жылына бір резидент-дәрігерге, магистратурада, докторантурада бір білім алушыға шығыстар нормасы кемінде 4 еселенген АЕК-ті құрайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.12.2023 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Об утверждении методики формирования стоимости обучения по программам образования в области здравоохранения

Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 19 января 2021 года № ҚР ДСМ-6. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 января 2021 года № 22101.

      В соответствии с подпунктом 91) статьи 7 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра здравоохранения РК от 12.12.2023 № 171 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить:

      1) методику формирования стоимости обучения одного обучающегося бакалавриата и интернатуры в области здравоохранения по государственному образовательному заказу согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) методику формирования стоимости обучения одного врача-резидента, обучающегося в магистратуре, докторантуре в области здравоохранения по государственному образовательному заказу согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Департаменту науки и человеческих ресурсов Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
А. Цой

      СОГЛАСОВАН
Министр образования и науки
Республики Казахстан
"____"________________2020 год

      СОГЛАСОВАН
Министр финансов
Республики Казахстан
"____"________________2020 год

  Приложение 1 к приказу
Исполняющего обязанности
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 19 января 2021 года
№ ҚР ДСМ-6

Методика формирования стоимости обучения одного обучающегося бакалавриата и интернатуры в области здравоохранения по государственному образовательному заказу

      1. Настоящая методика формирования стоимости обучения одного обучающегося бакалавриата и интернатуры в области здравоохранения по государственному образовательному заказу (далее – Методика) разработана в соответствии с подпунктом 91) статьи 7 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс) и определяет единый подход при формировании стоимости обучения по программам образования в области здравоохранения и применяется для планирования объема финансирования организаций образования в области здравоохранения.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра здравоохранения РК от 12.12.2023 № 171 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      2. При формировании стоимости обучения бакалавриата и интернатуры в области здравоохранения по государственному образовательному заказу используются месячный расчетный показатель (далее – МРП), установленный на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете.

      3. Стоимость обучения одного обучающегося бакалавриата и интернатуры в год в области здравоохранения по государственному образовательному заказу определяется путем сложения статьей расходов согласно следующей формуле:

      СОби = (ср. 1 + ср. 2 + ср. 3 + ср. 4 + ср. 5 + ср. 6 + ср. 7 + ср. 8 + ср. 9), где:

      СОби – стоимость обучения одного обучающегося бакалавриата и интернатуры;

      ср. 1 – фонд оплаты труда и оздоровления профессорско-преподавательского состава, учебно-вспомогательного, административно-управленческого и обслуживающего персонала, рассчитанный на основании действующих систем оплаты труда организаций образования в области здравоохранения и фактических затрат по фонду оплаты труда за предыдущий финансовый год на одного обучающегося в год.

      При этом, оплата труда профессорско-преподавательского состава устанавливается не ниже среднемесячной заработной платы по Республике Казахстан в первом квартале 2023 года (данные бюро национальной статистики, Релиз от 5 мая 2023 года "Численность и заработная плата работников Республики Казахстан за первый квартал 2023 года");

      ср. 2 – налоги и другие обязательные платежи в бюджет согласно Кодексу Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет";

      ср. 3 - обязательное социальное медицинское страхование согласно Закону Республики Казахстан "Об обязательном социальном медицинском страховании";

      ср. 4 – расходы на повышение квалификации профессорско-преподавательского состава согласно пункту 4 статьи 37 Закона Республики Казахстан "Об образовании" (далее – Закон).

      Норма расхода на одного обучающегося бакалавриата и интернатуры в год составляет не менее 0,6-кратного МРП;

      ср. 5 – расходы на оценку профессиональной подготовленности выпускников образовательных программ в области здравоохранения согласно порядку, определенному пунктами 3 и 5 статьи 223 Кодекса.

      Норма расхода на одного обучающегося бакалавриата и интернатуры в год составляет не менее 0,7-кратного МРП;

      ср. 6 – коммунальные услуги (за холодную, горячую воду, канализацию, теплоэнергию, электроэнергию) на одного обучающегося бакалавриата и интернатуры в год, рассчитанные согласно средним фактическим затратам организаций образования в области здравоохранения на предыдущий финансовый год;

      ср. 7 – расходы на приобретение учебно-методической и научной литературы, электронных учебников по обеспечению учебного процесса для библиотек в соответствии с порядком, определенным подпунктом 19-3) статьи 5 Закона.

      Норма расходов на одного обучающегося бакалавриата и интернатуры в год составляет не менее 6-кратного МРП;

      ср. 8 – оснащение материально-технической базы (производственный инвентарь, компьютерная оргтехника, программное обеспечение, медицинское оборудование, фантомы, муляжи для учебного процесса) согласно пункту 2 статьи 35 Закона, а также подпункту 1) пункта 3 статьи 220 и подпункту 233) пункта 1 статьи 1 Кодекса.

      Норма расходов на одного обучающегося бакалавриата и интернатуры в год составляет не менее 72-кратного МРП;

      ср. 9 – прочие расходы (связь, интернет, клининг, охрана) рассчитанные согласно установленной нормы оплаты за связь, интернет, клининг, охрану на одного обучающегося бакалавриата и интернатуры в год.

      Норма расходов на одного обучающегося бакалавриата и интернатуры в год составляет не менее 4-кратного МРП.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции приказа Министра здравоохранения РК от 12.12.2023 № 171 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

  Приложение 2 к приказу
Исполняющего обязанности
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 19 января 2021 года
№ ҚР ДСМ-6

Методика формирования стоимости обучения одного врача-резидента, обучающегося в магистратуре, докторантуре в области здравоохранения по государственному образовательному заказу

      1. Настоящая методика формирования стоимости обучения одного врача-резидента, обучающегося в магистратуре, докторантуре в области здравоохранения по государственному образовательному заказу (далее – Методика) разработана в соответствии с подпунктом 91) статьи 7 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс) и определяет единый подход при формировании стоимости обучения по программам образования в области здравоохранения и применяется для планирования объема финансирования организаций образования в области здравоохранения.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра здравоохранения РК от 12.12.2023 № 171 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      2. При формировании стоимости обучения врача-резидента, обучающегося в магистратуре, докторантуре в области здравоохранения по государственному образовательному заказу используются месячный расчетный показатель (далее – МРП), установленный на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете.

      3. Стоимость обучения одного врача-резидента по государственному образовательному заказу определяется путем сложения статей расходов, указанных в пункте 5 настоящей Методики, согласно формуле:

      СОр = (ср. 1+ср.2+ ср.3 + ср.4 + ср.5+ ср.6+ ср.7+ ср.8+ср.10), где:

      СОр – стоимость обучения одного врача-резидента;

      ср. – статья расходов.

      4. Стоимость обучения одного обучающегося в магистратуре, докторантуре в области здравоохранения по государственному образовательному заказу определяется путем сложения статьей расходов, указанных в пункте 5 настоящей Методики, согласно формуле:

      СОмд = (ср. 1+ ср.2+ ср.3 + ср.4 + ср.6+ ср.8 + ср.9+ ср.10), где:

      СОмд – стоимость обучения одного обучающегося в магистратуре, докторантуре;

      ср. – статья расходов.

      5. В настоящей Методике используются следующие статьи расходов:

      ср. 1 – фонд оплаты труда и оздоровления профессорско-преподавательского состава, учебно-вспомогательного, административно-управленческого и обслуживающего персонала, рассчитанный на основании действующих систем оплаты труда организаций образования и науки в области здравоохранения и фактических затрат по фонду оплаты труда за предыдущий финансовый год на одного врача-резидента, обучающегося в магистратуре, докторантуре в год.

      При этом, оплата труда профессорско-преподавательского состава устанавливается не ниже среднемесячной заработной платы по Республике Казахстан в первом квартале 2023 года (данные бюро национальной статистики, Релиз от 5 мая 2023 года "Численность и заработная плата работников Республики Казахстан за первый квартал 2023 года");

      ср. 2 – налоги и другие обязательные платежи в бюджет согласно Кодексу Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет";

      ср. 3 – обязательное социальное медицинское страхование согласно Закону Республики Казахстан "Об обязательном социальном медицинском страховании";

      ср. 4 – расходы на повышение квалификации профессорско-преподавательского состава согласно пункту 4 статьи 37 Закона Республики Казахстан "Об образовании" (далее – Закон).

      Норма расхода на одного врача-резидента, обучающегося в магистратуре, докторантуре в год составляет не менее 0,6-кратного МРП;

      ср. 5 – расходы на оценку профессиональной подготовленности врача-резидента согласно порядку, определенному пунктами 3 и 5 статьи 223 Кодекса.

      Норма расхода на одного врача-резидента в год составляет не менее 2-кратного МРП;

      ср. 6 – коммунальные услуги (за холодную, горячую воду, канализацию, теплоэнергию, электроэнергию) на одного врача-резидента, обучающегося в магистратуре, докторантуре, рассчитанные согласно средним фактическим затратам организаций образования и науки в области здравоохранения за предыдущий финансовый год;

      ср. 7 – расходы на приобретение учебно-методической и научной литературы, электронных учебников по обеспечению учебного процесса для библиотек в соответствии с порядком, определенным подпунктом 19-3) статьи 5 Закона.

      Норма расходов на одного врача-резидента в год составляет не менее 6-кратного МРП;

      ср. 8 – оснащение материально-технической базы (производственный инвентарь, компьютерная оргтехника, программное обеспечение, медицинское оборудование) согласно пункту 2 статьи 35 Закона.

      Норма расходов на одного врача-резидента, обучающегося в магистратуре, докторантуре в год составляет не менее 6-кратного МРП;

      ср. 9 – стажировка обучающегося в магистратуре, докторантуре (в том числе зарубежная), рассчитанная согласно средним фактическим затратам организаций образования и науки в области здравоохранения за предыдущий финансовый год.

      Норма расходов на стажировку обучающегося в магистратуре (в том числе зарубежная) включает в себя расходы на обучение, проезд, проживание, суточные, расходы на получение визы и составляет не менее 62-кратного МРП.

      Норма расходов на зарубежную стажировку обучающегося в докторантуре включает в себя расходы на обучение, проезд, проживание, суточные, расходы на получение визы и составляет не менее 67-кратного МРП;

      Ср. 10 – прочие расходы (связь, интернет, клининг, охрана), рассчитанные согласно установленной нормы оплаты за связь, интернет, клининг, охрану на одного врача-резидента, обучающегося в магистратуре, докторантуре в год.

      Норма расходов на одного врача-резидента, обучающегося в магистратуре, докторантуре в год составляет не менее 4-кратного МРП.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции приказа Министра здравоохранения РК от 12.12.2023 № 171 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).