БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалыстан шақыртып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 9 қарашадағы № 787 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17906 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалыстан шақыртып алу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Әскери қызметшіге қызметтік қажеттілік жағдайында демалыстан шақыртып алу туралы бұйырымды (өкімді) әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) атынан ол тікелей бағыныста тұрған лауазымды адам шақыртып алу себебін көрсете отырып ауызша жеткізеді. Әскери қызметшіге ауызша бұйырымды (өкімді) жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда әскери бөлімнің (мекеменің) штабы Әскери қызмет өткеру қағидаларының 113-тармағына сәйкес әскери қызметші әскери есепке тұрған органды хабардар етеді.".
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Н. Ермекбаев |