Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік министрінің 16.02.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 451 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11414 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрықтың қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрдің міндетін атқарушы |
Б. Камалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары
Атауы | Арнайы көлік құралының функционалдық мақсаты | Арнайы көлік құралдарын пайдаланатын мемлекеттік мекемелер | Арнайы көлік құралдарының саны |
Арнайы көлік құралы | Өндірістік процесті қамтамасыз ету, автомобиль көлігі мен автожолдарда бақылауды жүргізу; су көлігінде кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тексеріп қарауды, кемелерді, жағалаудағы объектілерді, гидроқұрылыстарды, порттарды, кемежайларды, шығанақтарды, шағын көлемді және балық аулайтын кемелерге арналған база-тұрақтарды техникалық куәландыруды жүргізу; теміржол көлігінде жолдың жоғарғы қабатын, магистральдық, станциялық және өзге де технологиялық жолдарды, инженерлік құрылыстарға техникалық куәландыруды жүргізу | Көлік комитеті және оның аумақтық инспекциялары: | |
Көлік комитеті | 1 | ||
Ақмола облысы | 4 | ||
Ақтөбе облысы | 5 | ||
Алматы облысы | 5 | ||
Атырау облысы | 5 | ||
Шығыс Қазақстан облысы | 5 | ||
Жамбыл облысы | 4 | ||
Батыс Қазақстан облысы | 5 | ||
Қарағанды облысы | 5 | ||
Қызылорда облысы | 4 | ||
Қостанай облысы | 5 | ||
Маңғыстау облысы | 4 | ||
Павлодар облысы | 5 | ||
Солтүстік Қазақстан облысы | 5 | ||
Түркістан облысы | 5 | ||
Нұр-Сұлтан қаласы | 4 | ||
Алматы қаласы | 4 | ||
Шымкент қаласы | 3 | ||
"Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесі | 3 |