"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 451 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 43 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 ақпанда № 22173 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 72 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік министрінің 16.02.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 451 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11414 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрықтың қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрдің міндетін атқарушы
Б. Камалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрдің міндетін
атқарушының
2021 жылғы 4 ақпандағы
№ 43 бұйрығымен
бекітілген
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 451 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары

Атауы

Арнайы көлік құралының функционалдық мақсаты

Арнайы көлік құралдарын пайдаланатын мемлекеттік мекемелер

Арнайы көлік құралдарының саны

Арнайы көлік құралы

Өндірістік процесті қамтамасыз ету, автомобиль көлігі мен автожолдарда бақылауды жүргізу; су көлігінде кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тексеріп қарауды, кемелерді, жағалаудағы объектілерді, гидроқұрылыстарды, порттарды, кемежайларды, шығанақтарды, шағын көлемді және балық аулайтын кемелерге арналған база-тұрақтарды техникалық куәландыруды жүргізу; теміржол көлігінде жолдың жоғарғы қабатын, магистральдық, станциялық және өзге де технологиялық жолдарды, инженерлік құрылыстарға техникалық куәландыруды жүргізу

Көлік комитеті және оның аумақтық инспекциялары:

Көлік комитеті

1

Ақмола облысы

4

Ақтөбе облысы

5

Алматы облысы

5

Атырау облысы

5

Шығыс Қазақстан облысы

5

Жамбыл облысы

4

Батыс Қазақстан облысы

5

Қарағанды облысы

5

Қызылорда облысы

4

Қостанай облысы

5

Маңғыстау облысы

4

Павлодар облысы

5

Солтүстік Қазақстан облысы

5

Түркістан облысы

5

Нұр-Сұлтан қаласы

4

Алматы қаласы

4

Шымкент қаласы

3

"Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады