Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Кадр саясаты департаменті (Ш.М. Әзірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 63 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі
Ескерту. Тізілім жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 27.12.2022 № 339 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Буын | Деңгей | Лауазымдар атауы |
А блогы (басқарушылық персонал) | ||
А1 | 1 |
Республикалық маңызы бар ММ басшысы: |
1-1 |
Республикалық маңызы бар ММ басшысының орынбасары: | |
2-1 |
Облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) маңызы бар ММ басшысының орынбасары: | |
А2 | 1 |
Республикалық маңызы бар ММ филиалының басшысы: |
1-1 |
Республикалық маңызы бар ММ филиалы басшысының орынбасары: | |
2 | Облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) маңызы бар ММ бас бухгалтері, қаржы қызметінің бастығы, бөлімінің басшысы: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметтерінің. | |
2-1 |
Республикалық маңызы бар ММ бөлімшесінің (денсаулық сақтау саласында қызметтің негізгі түрі) басшысы (меңгерушісі): | |
А-3 | 1 |
Республикалық маңызы бар ММ бөлімшесінің, бөлім құрамындағы зертхананың (денсаулық сақтау саласында қызметтің негізгі түрі) басшысы (меңгерушісі): |
1-1 |
Республикалық маңызы бар ММ дәріханасының меңгерушісі: | |
2 |
Облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) маңызы бар ММ бөлімшесінің, зертханасының басшысы (меңгерушісі), медициналық бөлігінің (бөлімше құқығындағы) басшысы: | |
2-1 |
Республикалық маңызы бар ММ филиалының дәріхана меңгерушісі: | |
В блогы (негізгі персонал) | ||
В1 | 1 | Профессор. |
2 |
Бас сарапшы; | |
3 |
Жетекші сарапшы; | |
4 |
Кеңесші; | |
5 |
Сарапшы; | |
"Денсаулық сақтау" саласында | ||
В2 | 1 | Жоғары санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер. |
2 | Бірінші санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер. | |
3 | Екінші санаттың біліктіліктігі жоғары деңгейдегі мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер. | |
4 | Санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер. | |
В3 | 1 | Жоғары санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: зертханашы, медициналық бике (аға), провизор (фармацевт). |
2 | Бірінші санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: зертханашы, медициналық бике (аға), провизор (фармацевт). | |
3 | Екінші санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: зертханашы, медициналық бике (аға), провизор (фармацевт). | |
4 | Санаты жоқ санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: зертханашы, медициналық бике (аға), қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик), провизор (фармацевт). | |
В4 | 1 | Жоғары санаттың біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: акушерка, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, емдеу дене шынықтыру нұсқаушысы, зертханашы, медициналық бике (аға), медициналық зертханашы, рентген зертханашысы, санитарлық фельдшер (санитарлық дәрігердің көмекшісі), фармацевт, фельдшер (-зертханашы). |
2 | Бірінші санаттың біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: акушерка, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, емдеу дене шынықтыру нұсқаушысы, зертханашы, медициналық бике (аға), медициналық зертханашы, рентген зертханашысы, санитарлық фельдшер (санитарлық дәрігердің көмекшісі), фармацевт, фельдшер (-зертханашы). | |
3 | Екінші санаттың біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: акушерка, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, емдеу дене шынықтыру нұсқаушысы, зертханашы, медициналық бике (аға), медициналық зертханашы, рентген зертханашысы, санитарлық фельдшер (санитарлық дәрігердің көмекшісі), фармацевт, фельдшер (-зертханашы). | |
4 | Санаты жоқ біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: акушерка, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, емдеу дене шынықтыру нұсқаушысы, зертханашы, медициналық бике (аға), медициналық зертханашы, рентген зертханашысы, санитарлық фельдшер (санитарлық дәрігердің көмекшісі), фармацевт, фельдшер (-зертханашы). | |
өзге де саладағы | ||
1 |
Жоғары санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: | |
2 |
Бірінші санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: | |
3 |
Екінші санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: | |
4 |
Санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: | |
В3 | 1 |
Жоғары санаттың біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: |
2 |
Бірінші санаттың біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: | |
3 |
Екінші санаттың біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: | |
4 |
Санаты жоқ біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: | |
С блогы (әкімшілік персонал) | ||
С1 |
ММ шаруашылық бөліністерінің басшысы (меңгерушісі): | |
С2 | Әкімшілік функцияны орындайтын біліктілігі жоғары деңгейлі маман: мұрағатшы, библиограф, кітапханашы, бухгалтер, мал дәрігері, дирижер, музыкалық жетекші, барлық мамандықтағы инженер, барлық мамандықтағы инспектор, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, мастер, менеджер, әдістемеші, механик, аудармашы, бағдарламашы, оқытушы, психолог, редактор, референт, технолог, бапкер, хормейстер, мұражай қорын сақтаушы, суретші, штурман, экономист, энергетик, экскурсия жетекшісі, заңгер, заңгер консультант. | |
С3 |
Біліктілігі орташа деңгейлі маман: мұрағатшы, кітапханашы, библиограф, бухгалтер, ветеринарлық фельдшер, дирижер, автомобильді тасымалдау диспетчері, барлық мамандықтағы инженер, барлық мамандықтағы инспектор, корректор, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, мастер, менеджер, механик, әдістемеші, музыкалық жетекші, аудармашы, бағдарламашы, психолог, редактор, барлық мамандықтағы техник, технолог, бапкер, хормейстер, мұражай қорын сақтаушы, суретші, штурман, экономист, экскурсия жетекшісі, энергетик, заңгер консультант. | |
D блогы (қосалқы персонал) | ||
D |
Техникалық орындаушылар: |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ММ – мемлекеттік мекеме;
ТЖМ – Төтенше жағдайлар министрлігі
ТЖД – төтенше жағдайлар департаменттері.