Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 63 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 ақпанда № 22193 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Кадр саясаты департаменті (Ш.М. Әзірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтiк қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2021 жылғы 9 ақпандағы
№ 63 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі

      Ескерту. Тізілім жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 27.12.2022 № 339 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Буын

Деңгей

Лауазымдар атауы

А блогы (басқарушылық персонал)

А1

1

Республикалық маңызы бар ММ басшысы:
Қазақстан Республикасы ТЖМ Қазселденқорғау;
Қазақстан Республикасы ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының;
Қазақстан Республикасы ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының.

1-1

Республикалық маңызы бар ММ басшысының орынбасары:
Қазақстан Республикасы ТЖМ Қазселденқорғау;
Қазақстан Республикасы ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының;
Қазақстан Республикасы ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының.

2-1

Облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) маңызы бар ММ басшысының орынбасары:
Республикалық жедел-құтқару жасағы;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметтері.

А2

1

Республикалық маңызы бар ММ филиалының басшысы:
Қазақстан Республикасы ТЖМ Қазселденқорғау;
Қазақстан Республикасы ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының.
Республикалық маңызы бар ММ бас бухгалтері, қаржы қызметінің бастығы:
Қазақстан Республикасы ТЖМ Қазселденқорғау;
Қазақстан Республикасы ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының;
Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының;
Қазақстан Республикасы ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының.

1-1

Республикалық маңызы бар ММ филиалы басшысының орынбасары:
Қазақстан Республикасы ТЖМ Қазселденқорғау;
Қазақстан Республикасы ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы.
Республикалық маңызы бар ММ бас бухгалтерінің орынбасары, қаржы қызметі бастығының орынбасары, бөлім бастығы, медициналық бөлімнің (бөлім құқығындағы), хатшылықтың (бөлім құқығындағы) басшысы:
Қазақстан Республикасы ТЖМ Қазселденқорғау;
Қазақстан Республикасы ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының;
Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының;
Қазақстан Республикасы ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының. Республикалық маңызы бар ММ бөлімшесінің, зертханасының (денсаулық сақтау саласында қызметтің негізгі түрі) басшысы (меңгерушісі):
Қазақстан Республикасы ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының.

2

Облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) маңызы бар ММ бас бухгалтері, қаржы қызметінің бастығы, бөлімінің басшысы: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметтерінің.

2-1

Республикалық маңызы бар ММ бөлімшесінің (денсаулық сақтау саласында қызметтің негізгі түрі) басшысы (меңгерушісі):
Қазақстан Республикасы ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының.
Республикалық маңызы бар ММ филиалының бөлім басшысы (меңгерушісі):
Қазақстан Республикасы ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының;
Қазақстан Республикасы ТЖМ Қазселденқорғау.
Облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) маңызы бар ММ бөлім бастығының орынбасары, медициналық бөлігінің (бөлім құқығындағы) басшысы:
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметтерінің.

А-3

1

Республикалық маңызы бар ММ бөлімшесінің, бөлім құрамындағы зертхананың (денсаулық сақтау саласында қызметтің негізгі түрі) басшысы (меңгерушісі):
Қазақстан Республикасы ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының. Республикалық маңызы бар ММ бөлімшесінің басшысы, медициналық бөлігінің (бөлімше құқығындағы), хатшылықтың (бөлімше құқығындағы) басшысы, бөлім басшысының орынбасары:
Қазақстан Республикасы ТЖМ Қазселденқорғау;
Қазақстан Республикасы ТЖМ Апаттар медицинасының орталығы;
Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының;
Қазақстан Республикасы ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының.

1-1

Республикалық маңызы бар ММ дәріханасының меңгерушісі:
Қазақстан Республикасы ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының.
Республикалық маңызы бар ММ бас: гидротехнигі, дирижері, инженері, инспекторы, механигі, жұмыс өндірушісі, экономисі, энергетигі:
Қазақстан Республикасы ТЖМ Қазселденқорғау;
Қазақстан Республикасы ТЖМ Апаттар медицинасының орталығы;
Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының.

2

Облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) маңызы бар ММ бөлімшесінің, зертханасының басшысы (меңгерушісі), медициналық бөлігінің (бөлімше құқығындағы) басшысы:
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметтерінің.
Республикалық маңызы бар ММ филиалының бөлім басшысының орынбасары, бөлімше басшысы (меңгерушісі):
Қазақстан Республикасы ТЖМ Қазселденқорғау;
Қазақстан Республикасы ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының.

2-1

Республикалық маңызы бар ММ филиалының дәріхана меңгерушісі:
Қазақстан Республикасы ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының.
Бас: гидрологы, инженері, инспекторы, механигі, құтқарушысы, экономисі, энергетигі:
Республикалық маңызы бар ММ филиалының:
Қазақстан Республикасы ТЖМ Қазселденқорғау;
Қазақстан Республикасы ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының;
Қазақстан Республикасы ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының. Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ:
республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметтерінің.

В блогы (негізгі персонал)

В1

1

Профессор.

2

Бас сарапшы;
жетекші ғылыми қызметкер;
доцент.

3

Жетекші сарапшы;
аға ғылыми қызметкер;
жоғары оқу орнының, оқу орталығының аға оқытушысы.

4

Кеңесші;
аға сарапшы;
жоғары оқу орнының, оқу орталығының оқытушысы.

5

Сарапшы;
жоғары оқу орнының әдіскері.

"Денсаулық сақтау" саласында

В2

1

Жоғары санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер.

2

Бірінші санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер.

3

Екінші санаттың біліктіліктігі жоғары деңгейдегі мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер.

4

Санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер.

В3

1

Жоғары санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: зертханашы, медициналық бике (аға), провизор (фармацевт).

2

Бірінші санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: зертханашы, медициналық бике (аға), провизор (фармацевт).

3

Екінші санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: зертханашы, медициналық бике (аға), провизор (фармацевт).

4

Санаты жоқ санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: зертханашы, медициналық бике (аға), қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик), провизор (фармацевт).

В4

1

Жоғары санаттың біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: акушерка, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, емдеу дене шынықтыру нұсқаушысы, зертханашы, медициналық бике (аға), медициналық зертханашы, рентген зертханашысы, санитарлық фельдшер (санитарлық дәрігердің көмекшісі), фармацевт, фельдшер (-зертханашы).

2

Бірінші санаттың біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: акушерка, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, емдеу дене шынықтыру нұсқаушысы, зертханашы, медициналық бике (аға), медициналық зертханашы, рентген зертханашысы, санитарлық фельдшер (санитарлық дәрігердің көмекшісі), фармацевт, фельдшер (-зертханашы).

3

Екінші санаттың біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: акушерка, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, емдеу дене шынықтыру нұсқаушысы, зертханашы, медициналық бике (аға), медициналық зертханашы, рентген зертханашысы, санитарлық фельдшер (санитарлық дәрігердің көмекшісі), фармацевт, фельдшер (-зертханашы).

4

Санаты жоқ біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: акушерка, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, емдеу дене шынықтыру нұсқаушысы, зертханашы, медициналық бике (аға), медициналық зертханашы, рентген зертханашысы, санитарлық фельдшер (санитарлық дәрігердің көмекшісі), фармацевт, фельдшер (-зертханашы).

өзге де саладағы


1

Жоғары санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар:
тәрбиеші (қызметтің негізгі түрі);
гидротехник (қызметтің негізгі түрі);
инженер (қызметтің негізгі түрі);
инспектор (қызметтің негізгі түрі);
механик (қызметтің негізгі түрі);
психолог (қызметтің негізгі түрі);
жұмыс өндірушісі (қызметтің негізгі түрі);
солист.

2

Бірінші санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар:
тәрбиеші (қызметтің негізгі түрі);
гидротехник (қызметтің негізгі түрі);
инженер (қызметтің негізгі түрі);
инспектор (қызметтің негізгі түрі);
механик (қызметтің негізгі түрі);
психолог (қызметтің негізгі түрі);
жұмыс өндірушісі (қызметтің негізгі түрі);
солист.

3

Екінші санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар:
тәрбиеші (қызметтің негізгі түрі);
гидротехник (қызметтің негізгі түрі);
инженер (қызметтің негізгі түрі);
инспектор (қызметтің негізгі түрі);
механик (қызметтің негізгі түрі);
психолог (қызметтің негізгі түрі);
жұмыс өндірушісі (қызметтің негізгі түрі);
солист.

4

Санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар:
тәрбиеші (қызметтің негізгі түрі);
гидротехник (қызметтің негізгі түрі);
инженер (қызметтің негізгі түрі);
инспектор (қызметтің негізгі түрі);
механик (қызметтің негізгі түрі);
психолог (қызметтің негізгі түрі);
жұмыс өндірушісі (қызметтің негізгі түрі);
солист;
құтқарушы.

В3

1

Жоғары санаттың біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар:
тәрбиеші (қызметтің негізгі түрі);
гидротехник (қызметтің негізгі түрі);
инженер (қызметтің негізгі түрі);
инспектор (қызметтің негізгі түрі);
механик (қызметтің негізгі түрі);
психолог (қызметтің негізгі түрі);
жұмыс өндірушісі (қызметтің негізгі түрі);
техник (қызметтің негізгі түрі).

2

Бірінші санаттың біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар:
тәрбиеші (қызметтің негізгі түрі);
гидротехник (қызметтің негізгі түрі);
инженер (қызметтің негізгі түрі);
инспектор (қызметтің негізгі түрі);
механик (қызметтің негізгі түрі);
психолог (қызметтің негізгі түрі);
жұмыс өндірушісі (қызметтің негізгі түрі);
техник (қызметтің негізгі түрі).

3

Екінші санаттың біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар:
тәрбиеші (қызметтің негізгі түрі);
гидротехник (қызметтің негізгі түрі);
инженер (қызметтің негізгі түрі);
инспектор (қызметтің негізгі түрі);
механик (қызметтің негізгі түрі);
психолог (қызметтің негізгі түрі);
жұмыс өндірушісі (қызметтің негізгі түрі);
техник (қызметтің негізгі түрі).

4

Санаты жоқ біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар:
тәрбиеші (қызметтің негізгі түрі);
гидротехник (қызметтің негізгі түрі);
инженер (қызметтің негізгі түрі);
инспектор (қызметтің негізгі түрі);
механик (қызметтің негізгі түрі);
психолог (қызметтің негізгі түрі);
жұмыс өндірушісі (қызметтің негізгі түрі);
техник (қызметтің негізгі түрі);
диспетчер (қызметтің негізгі түрі);
құтқарушы.

С блогы (әкімшілік персонал)

С1


ММ шаруашылық бөліністерінің басшысы (меңгерушісі):
мұрағаттың;
монша-кір жуу кешенінің;
бассейіннің;
кітапхананың;
ветеринарлық дәріхананың;
клубтың;
автошаруашылық колоннасының;
коммуналдық-пайдалану қызметінің;
шеберхананың;
мұражайдың;
өндірістің;
жөндеу-құрылыс тобының;
асхананың;
арнаулы медициналық жабдықтау қоймасының;
тылды және пайдалану-техникалық қамтамасыз ету қоймасының;
техникалық бөлімнің;
баспахананың;
оқу кабинетінің;
орталықтың (мәдени).
Баспасөз-хатшысы.

С2


Әкімшілік функцияны орындайтын біліктілігі жоғары деңгейлі маман: мұрағатшы, библиограф, кітапханашы, бухгалтер, мал дәрігері, дирижер, музыкалық жетекші, барлық мамандықтағы инженер, барлық мамандықтағы инспектор, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, мастер, менеджер, әдістемеші, механик, аудармашы, бағдарламашы, оқытушы, психолог, редактор, референт, технолог, бапкер, хормейстер, мұражай қорын сақтаушы, суретші, штурман, экономист, энергетик, экскурсия жетекшісі, заңгер, заңгер консультант.

С3


Біліктілігі орташа деңгейлі маман: мұрағатшы, кітапханашы, библиограф, бухгалтер, ветеринарлық фельдшер, дирижер, автомобильді тасымалдау диспетчері, барлық мамандықтағы инженер, барлық мамандықтағы инспектор, корректор, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, мастер, менеджер, механик, әдістемеші, музыкалық жетекші, аудармашы, бағдарламашы, психолог, редактор, барлық мамандықтағы техник, технолог, бапкер, хормейстер, мұражай қорын сақтаушы, суретші, штурман, экономист, экскурсия жетекшісі, энергетик, заңгер консультант.
ММ шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлінісінің басшысы (меңгерушісі):
моншаның;
монша-кір жуу шаруашылығының;
бюроның;
кеңсенің;
қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі клубының;
қазандықтың;
кір жуудың;
қойманың;
табылған заттарды тапсыратын орынның;
шаруашылықтың;
фотозертхананың.

D блогы (қосалқы персонал)

D


Техникалық орындаушылар:
архивариус, әкімші, ассистент, рұқсаттама бюросының кезекшісі, іс жүргізуші, кезекші әкімші, диспетчер, комендант, бақылаушы, көшіруші, машинистка, медициналық тіркеуші, нарядшы, күзетші, дезкамералық бөлімшенің, байланыс жүйесінің, жанар май құю станциясының, көшірме және баспа машиналарының, компьютерлік техниканы, компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету бойынша операторы, тіркеуші (табылған заттарды тапсыратын орын, өткізу бюросы), хатшы, есепке алушы, экспедитор.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ММ – мемлекеттік мекеме;

      ТЖМ – Төтенше жағдайлар министрлігі

      ТЖД – төтенше жағдайлар департаменттері.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады