"Мәжбүрлеп таратылатын банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидаларын және Мәжбүрлеп таратылатын банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелерiне қойылатын талаптарды бекіту туралы"ь Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 20 мамырдағы № 57 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 9 ақпандағы № 14 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 ақпанда № 22195 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидаларын және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 20 мамырдағы № 57 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20820 болып тіркелген, 2020 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидаларын және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидалары;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптар бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидалары";

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) мәжбүрлеп таратылатын екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сондай-ақ қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары (бұдан әрі – мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы) тарату комиссияларының төрағасын және мүшелерін тағайындау және босату тәртібін айқындайды.

      2. Мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері:

      1) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының төрағасына немесе мүшесіне тағайындау үшін құжаттар ұсынған және осы қаулымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) сәйкес келетін, тестілеуден оң нәтижелер алған, Қағидаларға сәйкес әңгімелесуден өткен кандидаттардың (бұдан әрі – кандидат);

      2) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның Талаптарға сәйкес келетін қызметкерлерінің (мәжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясының төрағасы және мүшелері тағайындалған кезде);

      3) сақтанушыларға (сақтандырылғандарға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдеріне жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның Талаптарға сәйкес келетін қызметкерлерінің (мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы және мүшелері тағайындалған кезде);

      4) уәкілетті орган қызметкерлерінің арасынан тағайындалады.

      Уәкілетті органның қызметкерлері болып табылмайтын, мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері Талаптарға мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясы қызметінің бүкіл кезеңі ішінде сәйкес келеді.

      3. Мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері уәкілетті орган қызметкерлерінің және (немесе) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның немесе сақтандыру төлемдерінің жүзеге асырылуына кепілдік беретін ұйымның (бұдан әрі – кепілдік беру жөніндегі ұйым) қызметкерлерінің арасынан кепілдік беру жөніндегі ұйымның өтінішхаты негізінде:

      1) бос лауазымға кандидаттар болмаған немесе кандидаттар Талаптарға сәйкес келмеген;

      2) Қағидалардың 24-тармағында көзделген негіздер бойынша уәкілетті органның қызметкерін және (немесе) кепілдік беру жөніндегі ұйымның қызметкерін босатқан және (немесе) уәкілетті органның басқа қызметкеріне және (немесе) кепілдік беру жөніндегі ұйымның басқа қызметкеріне ауыстыру жолымен уәкілетті органның қызметкерін және (немесе) кепілдік беру жөніндегі ұйымның қызметкерін босату қажет болған жағдайда тағайындалады.

      Кепілдік беру жөніндегі ұйымның өтінішхатына Қағидалардың 5-тармағының 5) тармақшасында көзделген құжат қоса беріледі.";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қағидалардың 6-тармақтарында көзделген жағдайды қоспағанда, кандидат мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының атауын көрсете отырып және мынадай құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органға өзін мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі етіп тағайындау туралы өтінішін ұсынады:

      1) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

      2) жоғары білімі туралы дипломның нотариат куәландырған көшірмесі;

      3) еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының нотариат куәландырған көшірмесі;

      4) кандидаттың бұрын тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі болғанын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (мұндай құжаттар болған жағдайда);

      5) Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір парағына қол қойылған және қол қойылған сауалнама;

      6) ұсынылған құжаттардың тізімдемелері.

      6. Мәжбүрлеп таратылатын өзге қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болып табылатын не бос орынға өтініш берген күннің алдындағы бір жылдың ішінде мәжбүрлеп таратылатын өзге қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болған кандидат мыналарды қоса бере отырып, өзін мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі етіп тағайындау туралы өтінішін ұсынады:

      1) кандидаттың мәжбүрлеп таратылатын өзге қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі болып табылатынын не бұрын болғанын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      2) Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір парағына қол қойылған және қол қойылған сауалнама.";

      қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Мәжбүрлеп таратылатын
банктердің, сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдарының,
қызметі мәжбүрлеп
тоқтатылатын
Қазақстан Республикасының
бейрезидент- банктері
филиалдарының,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент -сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдары
филиалдарының
тарату комиссияларын
тағайындау және босату
қағидаларына қосымша";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптар";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және мәжбүрлеп таратылатын екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының (бұдан әрі – мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы) тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарды белгілейді.".

      2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 25 мая 2020 года № 57 "Об утверждении Правил назначения и освобождения ликвидационных комиссий принудительно ликвидируемых банков, страховых (перестраховочных) организаций и Требований, предъявляемых к председателю и членам ликвидационной комиссии принудительно ликвидируемых банка, страховой (перестраховочной) организации"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 9 февраля 2021 года № 14. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 февраля 2021 года № 22195

      В целях совершенствования нормативных правовых актов Республики Казахстан Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 25 мая 2020 года № 57 "Об утверждении Правил назначения и освобождения ликвидационных комиссий принудительно ликвидируемых банков, страховых (перестраховочных) организаций и Требований, предъявляемых к председателю и членам ликвидационной комиссии принудительно ликвидируемых банка, страховой (перестраховочной) организации" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20820, опубликовано 9 июня 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил назначения и освобождения ликвидационных комиссий принудительно ликвидируемых банков, страховых (перестраховочных) организаций, принудительно прекращающих деятельность филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан, филиалов страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан и Требований, предъявляемых к председателю и членам ликвидационной комиссии принудительно ликвидируемых банка, страховой (перестраховочной) организации, принудительно прекращающих деятельность филиала банка-нерезидента Республики Казахстан, филиала страховой (перестраховочной) организации-нерезидента Республики Казахстан";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить:

      1) Правила назначения и освобождения ликвидационных комиссий принудительно ликвидируемых банков, страховых (перестраховочных) организаций, принудительно прекращающих деятельность филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан, филиалов страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан согласно приложению 1 к настоящему постановлению;

      2) Требования, предъявляемые к председателю и членам ликвидационной комиссии принудительно ликвидируемых банка, страховой (перестраховочной) организации, принудительно прекращающих деятельность филиала банка-нерезидента Республики Казахстан, филиала страховой (перестраховочной) организации-нерезидента Республики Казахстан согласно приложению 2 к настоящему постановлению.";

      в Правилах назначения и освобождения ликвидационных комиссий принудительно ликвидируемых банков, страховых (перестраховочных) организаций, утвержденных указанным постановлением:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Правила назначения и освобождения ликвидационных комиссий принудительно ликвидируемых банков, страховых (перестраховочных) организаций, принудительно прекращающих деятельность филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан, филиалов страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан";

      пункты 1, 2 и 3 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила назначения и освобождения ликвидационных комиссий принудительно ликвидируемых банков, страховых (перестраховочных) организаций, принудительно прекращающих деятельность филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан, филиалов страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан", от 18 декабря 2000 года "О страховой деятельности" и определяют порядок назначения и освобождения уполномоченным органом по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее – уполномоченный орган) председателя и членов ликвидационных комиссий принудительно ликвидируемых банков второго уровня, страховых (перестраховочных) организаций, а также принудительно прекращающих деятельность филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан, филиалов страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан (далее – принудительно ликвидируемая финансовая организация).

      2. Председатель и члены ликвидационной комиссии принудительно ликвидируемой финансовой организации назначаются из числа:

      1) кандидатов, представивших документы для назначения их председателем или членом ликвидационной комиссии принудительно ликвидируемой финансовой организации (далее – кандидат) и соответствующих Требованиям, предъявляемым к председателю и членам ликвидационной комиссии принудительно ликвидируемых банка, страховой (перестраховочной) организации, принудительно прекращающих деятельность филиала банка-нерезидента Республики Казахстан, филиала страховой (перестраховочной) организации-нерезидента Республики Казахстан, утвержденным настоящим постановлением (далее – Требования), получивших положительные результаты тестирования, прошедших собеседование в соответствии с Правилами;

      2) работников организации, осуществляющей обязательное гарантирование депозитов, соответствующих Требованиям (при назначении председателя и членов ликвидационной комиссии принудительно ликвидируемого банка);

      3) работников организации, гарантирующей осуществление страховых выплат страхователям (застрахованным, выгодоприобретателям), соответствующих Требованиям (при назначении председателя и членов ликвидационной комиссии принудительно ликвидируемой страховой (перестраховочной) организации);

      4) работников уполномоченного органа.

      Председатель и члены ликвидационной комиссии принудительно ликвидируемой финансовой организации, не являющиеся работниками уполномоченного органа, соответствуют Требованиям в течение всего периода деятельности ликвидационной комиссии принудительно ликвидируемой финансовой организации.

      3. Председатель и члены ликвидационной комиссии принудительно ликвидируемой финансовой организации назначаются из числа работников уполномоченного органа и (или) работников организации, осуществляющей обязательное гарантирование депозитов или организации, гарантирующей осуществление страховых выплат (далее – организация по гарантированию) на основании ходатайства организации по гарантированию, при:

      1) отсутствии кандидатов на вакантную должность или несоответствии кандидатов Требованиям;

      2) освобождении работника уполномоченного органа и (или) работника организации по гарантированию по основаниям, предусмотренным пунктом 24 Правил, и (или) необходимости освобождения работника уполномоченного органа и (или) работника организации по гарантированию путем замены на другого работника уполномоченного органа и (или) работника организации по гарантированию.

      К ходатайству организации по гарантированию прилагается документ, предусмотренный подпунктом 5) пункта 5 Правил.";

      пункты 5 и 6 изложить в следующей редакции:

      "5. Кандидат, за исключением случая, предусмотренного пунктом 6 Правил, представляет в уполномоченный орган заявление о назначении его председателем или членом ликвидационной комиссии принудительно ликвидируемой финансовой организации, с указанием наименования принудительно ликвидируемой финансовой организации и приложением следующих документов:

      1) нотариально засвидетельствованной копии документа, удостоверяющего личность кандидата;

      2) нотариально засвидетельствованной копии диплома о высшем образовании;

      3) нотариально засвидетельствованной копии трудовой книжки или трудового договора;

      4) копий документов, свидетельствующих о том, что кандидат ранее являлся председателем либо членом ликвидационной комиссии (при наличии таковых);

      5) анкеты по форме согласно приложению к Правилам, полистно парафированной и подписанной;

      6) описи представленных документов.

      6. Кандидат, являющийся председателем или членом ликвидационной комиссии иной принудительно ликвидируемой финансовой организации либо являвшийся председателем или членом ликвидационной комиссии иной принудительно ликвидируемой финансовой организации в течение года, предшествующего дате подаче заявления на вакантную должность, представляет заявление о назначении его председателем или членом ликвидационной комиссии принудительно ликвидируемой финансовой организации с приложением:

      1) копий документов, свидетельствующих о том, что кандидат является либо ранее являлся председателем либо членом ликвидационной комиссии иной принудительно ликвидируемой финансовой организации;

      2) анкеты по форме согласно приложению к Правилам, полистно парафированной и подписанной.";

      правый верхний угол приложения изложить в следующей редакции:

  "Приложение к Правилам
назначения и освобождения
ликвидационных комиссий
принудительно ликвидируемых
банков, страховых (перестраховочных)
организаций, принудительно
прекращающих деятельность
филиалов банков-нерезидентов
Республики Казахстан,
филиалов страховых (перестраховочных)
организаций-нерезидентов
Республики Казахстан";

      в Требованиях, предъявляемых к председателю и членам ликвидационной комиссии принудительно ликвидируемых банка, страховой (перестраховочной) организации, утвержденных указанным постановлением:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Требования, предъявляемые к председателю и членам ликвидационной комиссии принудительно ликвидируемых банка, страховой (перестраховочной) организации, принудительно прекращающих деятельность филиала банка-нерезидента Республики Казахстан, филиала страховой (перестраховочной) организации-нерезидента Республики Казахстан";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Требования, предъявляемые к лицам, претендующим на занятие должности председателя и члена ликвидационной комиссии принудительно ликвидируемых банка, страховой (перестраховочной) организации, принудительно прекращающих деятельность филиала банка-нерезидента Республики Казахстан, филиала страховой (перестраховочной) организации-нерезидента Республики Казахстан (далее – Требования) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан", от 18 декабря 2000 года "О страховой деятельности" и устанавливают требования, предъявляемые к председателю и членам ликвидационной комиссии принудительно ликвидируемых банка второго уровня, страховой (перестраховочной) организации, принудительно прекращающих деятельность филиала банка-нерезидента Республики Казахстан, филиала страховой (перестраховочной) организации-нерезидента Республики Казахстан (далее – принудительно ликвидируемая финансовая организация).".

      2. Департаменту банковского регулирования в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятия, предусмотренного подпунктом 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Агентства Республики Казахстан
по регулированию и развитию финансового рынка
М. Абылкасымова