Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 30.07.2021 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 28-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрідің м.а. |
Е. Нысанбаев |
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрідің м.а. 2021 жылғы 18 наурыздағы № 70 Бұйрығымен бекітілген |
Энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтардың тізбесі
№ п/п | Энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтардың атауы |
1 | Сұйық қалдықтар |
2 | Жарылатын, коррозиялы, қышқылданатын, өрт қаупі жоғары немесе өрт қаупі бар қауіпті қалдықтар |
3 | Медициналық немесе ветеринариялық мекемелердің жұқпалы болып табылатын қалдықтары |
4 | Жойылмайтын органикалық ластаушыларды қамтитын қалдықтар |
5 | Пестицидтер |
6 | Құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар |
7 | Электрондық және электр жабдықтары |
8 | Түсті және қара металдар сынықтары |
9 | Литий, қорғасын-қышқыл батареялары |
10 | Құрылыс материалдарының қалдықтары |