Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 18 наурыздағы № 69 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 наурызда № 22368 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 10 тамыздағы № 321 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 10.08.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 28-17) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрідің м.а.
Е. Нысанбаев

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрідің м.а.
2021 жылғы 18 наурыздағы
№ 69 бұйрығымен бекітілген

Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесін қалыптастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Экологиялық кодекс) 17-бабының 28-17) тармақшаларына сәйкес әзірленді және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесін қалыптастыру тәртібін (бұдан әрі – Тізбе) айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аукциондық сауда-саттық – аукцион негізінде электрондық жүйеде аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы ұйымдастыратын және өткізетін және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі жаңа объектілерді орналастыру жоспарын ескере отырып, осы объектілерді, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясының аукциондық бағаларын айқындауға бағытталған процесс;

      2) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган айқындайтын, аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есептік-қаржы орталығы (бұдан әрі – есептік-қаржы орталығы) – жүйелік оператор құратын және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган айқындайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер өндірген және Қазақстан Республикасы бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату – органикалық қалдықтардан биогаз және өзге де отын алуды қоспағанда, қалдықтардың көлемін азайту және энергия алу, оның ішінде оларды қайталама және (немесе) энергетикалық ресурстар ретінде пайдалану мақсатында оларды термиялық өңдеу процесі;

      5) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда – саттыққа қатысушы-аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыда тіркеуден өткен және қатысушы мәртебесін алған тұлға;

      6) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объект – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға арналған техникалық құрылғылар мен қондырғылардың және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату үшін технологиялық тұрғыдан қажетті, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылымның жиынтығы;

      7) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын энергия өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары.

      3. Тізбе қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді салу жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге арналған.

2-тарау. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесін қалыптастыру тәртібі

      4. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі технологияларды іріктеуді жүзеге асыру, энергетикалық кәдеге жарату объектілерін енгізу және аукциондық сауда – саттық өткізу үшін елді мекендер тобын айқындау үшін уәкілетті органның шешімімен тізбені қалыптастыру мәселелері жөніндегі Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады, ол төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Комиссия саны жеті мүшеден аспайтын мүшелердің тақ санынан құрылады.

      Комиссияның құрамын уәкілетті орган айқындайды.

      Комиссия құру туралы шешім уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      5. Комиссия құрылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелері ашық дауыс беру арқылы энергетикалық кәдеге жарату объектілерін енгізу үшін елді мекендер тобын айқындау туралы шешім қабылдайды. Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады.

      Энергетикалық кәдеге жарату объектілерін енгізу үшін елді мекендер тобын айқындау туралы комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды.

      6. Уәкілетті орган Комиссияның тиісті хаттамасын қоса бере отырып, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу үшін Комиссияның энергетикалық кәдеге жарату объектілерін енгізу үшін елді мекендер тобын айқындауы туралы ақпаратты аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыға жібереді.

      7. Уәкілетті орган қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу жөніндегі аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыдан аукциондық сауда-саттықты өткізу туралы ақпаратты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында тізбені қалыптастыру үшін өтінімдерді қабылдау мерзімдерінің басталуы мен аяқталу күні туралы ақпаратты жариялайды.

      8. Тізбе аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыдан тіркеуден өткен қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың қатарынан қалыптастырылады.

      Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу жөніндегі аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын энергияны өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға мүдделі заңды тұлғалар және (немесе) консорциумдар және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын энергияны өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар болып табылады.

      9. Уәкілетті органның қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу жөніндегі аукциондық сауда-саттыққа қатысушыларды тізбеге енгізуі олар осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келген және олар ұсынатын технологиялар уәкілетті орган бекітетін қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді пайдалануға қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады.

      10. Қатысушылар Тізбеге енгізу үшін қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда – саттыққа қатысушыларға (бұдан әрі – өтініш берушілер) қойылатын талаптар мыналар болып табылады:

      1) өтінім берушінің немесе өтінім берушімен бірге мәлімделген консорциумға, әріптестікке қатысушылардың кез келгенінің құрылыс тәжірибесі кемінде 10 объектіні және энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді пайдалану тәжірибесінің кемінде 10 жылын құрауы тиіс;

      2) өтінім беруші немесе өтінім берушімен бірге мәлімделген консорциумға, әріптестікке қатысушылардың кез келгені энергетикалық кәдеге жарату объектісінің құрылысын жүзеге асырса, ол жылына кемінде 8 000 сағат жұмыс істейді;

      3) өтінім беруші ұсынған технологияның Еуропалық парламенттің және Еуропалық Одақ Кеңесінің 2010/75/ЕО Директивасына баламалы экологиялық талаптарға сәйкестігі "өнеркәсіптік шығарындылар туралы (ластануды кешенді болдырмау және оны бақылау туралы)";

      4) консорциум немесе әріптестік қатысқан кезде консорциум немесе әріптестік қатысушыларының бірі консорциалдық келісім бойынша негізгі әріптес болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлға болады;

      5) өтініш берушінің немесе Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын консорциумға қатысушылардың бірінің мынадай өлшемшарттарға сәйкестігі:

      Қазақстан Республикасында қалдықтарды қайта өңдеуде және (немесе) кәдеге жаратуда кемінде 3 жыл тәжірибе;

      Қазақстан Республикасында жылына кемінде 30 000 тонна қалдықтарды қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату тәжірибесі;

      кешенді полифракциялық құрамдағы қалдықтарды (кемінде бес фракцияны қамтитын) жинау мен кәдеге жаратуды және Қазақстан Республикасында өзі жинаған қалдықтардың жалпы массасынан кәдеге жаратылатын қалдықтар көлемінің кемінде 90% - ын өнімнің кемінде 5 түрін ала отырып, дербес кәдеге жаратуды жүзеге асыру тәжірибесі;

      экологиялық аудит жүргізу туралы қорытындының болуы.

      11. Өтініш берушілер осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін растау үшін, сондай-ақ Тізбеге енгізу үшін комиссия мүшелеріне қазақ және орыс тілдерінде электрондық жеткізгіште мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізбеге енгізуге өтініш;

      2) Қазақстан Республикасының резиденті-өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу және (немесе) қайта тіркеу туралы мәліметтер немесе Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын өтініш берушіні тіркеу және (немесе) қайта тіркеу туралы, оның ішінде өтініш берушімен бірге консорциумдардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты апостиль қойылған мәліметтер;

      3) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату технологиясының негізгі сипаттамаларын, оның ішінде шығарындылар мен төгінділер бөлігінде экологиялық талаптарға сәйкестігін;

      4) өтінім берушінің немесе өтінім берушімен бірге мәлімделген консорциумға қатысушылардың кез келгенінің кемінде 10 объект салу тәжірибесі және энергетикалық кәдеге жарату объектілерін пайдаланудың кемінде 10 жыл тәжірибесі туралы мәліметтер;

      5) энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектінің жұмыс істеуі туралы ақпарат жылына кемінде 8 000 сағат;

      6) негізгі қатысушылары Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлға болып табылатын консорциумға қатысушылардың (консорциумның қатысуы кезінде) құқықтары мен міндеттерінің аражігін ажырататын консорциалдық келісім;

      7) өтініш берушінің немесе Қазақстан Республикасының резиденті-консорциумға қатысушылардың бірінің осы Қағидалардың 10-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;

      8) тізбеге енгізуге өтініш берген сәтте өтініш берушіге қатысты банкроттық немесе тарату рәсімдері жүзеге асырылмайтыны туралы кепілдік хат.

      Өтініш берушілер құжаттардың түпнұсқаларын немесе құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады. Түпнұсқалары шет тілінде жазылған құжаттар қазақ және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен қоса беріледі. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын құжаттар бірегей қағаз құжаттардан сканерленген көшірмелер болып табылады. Бастапқыда электрондық түрде қалыптастырылған, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған немесе қол қойылған құжаттар электрондық файлдың атауын қоса алғанда, өзгертуге және (немесе) толықтыруға ұшырамаған түпнұсқа электрондық құжат түрінде қоса беріледі.

      12. Комиссия осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің толықтығын тексереді.

      13. Құжаттар және (немесе) олардағы мәліметтер топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Комиссия осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген мерзімде қайтару себептерін көрсете отырып, оларды өтініш берушіге қайтарады.

      Құжаттар және (немесе) мәліметтер толық ұсынылған кезде Комиссия оларды күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

      14. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Комиссия осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген мерзімдер шегінде Өтініш берушінің және оның қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі технологиясының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім шығарады.

      Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады.

      Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды.

      15. Тізбені қалыптастыруды уәкілетті орган Комиссия шешімінің негізінде Экологиялық кодекстің 17-бабының 28-19) тармақшасына сәйкес бұйрық нысанында жүзеге асырады.

      16. Тізбе осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекітіледі және оны уәкілетті орган бекітеді.

      17. Уәкілетті орган тізбені қалыптастырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тізбеге енгізілмеген өтініш берушілерді комиссия қабылдаған шешім туралы себептерін көрсете отырып, еркін нысанда хабардар етеді.

      18. Энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу жөніндегі аукциондық сауда-саттыққа қатысушыны Тізбеге енгізу оның қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу жөніндегі аукциондық сауда-саттықтың сауда сессиясына қатысуы үшін негіз болып табылады.

      19. Энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу жөніндегі аукциондық сауда-саттыққа қатысушы Тізбеге енгізілген сәттен бастап осы қатысушы қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым мәртебесіне ие болады.

      20. Энергия өндіруші ұйымды уәкілетті орган бекітілген тізбеден мынадай жағдайларда алып тастайды:

      1) егер қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектінің иесі уәкілетті органға тиісті хат жіберу арқылы жобаны одан әрі іске асырудан бас тартса;

      2) жобаны іске асыру мерзімдерінен ауытқу кезінде;

      3) егер объектіні салуға арналған бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген аукциондық сауда-саттық жеңімпазының қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату технологиясы энергия өндіруші ұйымды Тізбеге енгізу шеңберінде мәлімделген технологияларға сәйкес келмесе;

      4) егер энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектінің иесі Тізбеге енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде аукциондық сауда-саттыққа қатыспаса.

      21. Энергия өндіруші ұйымды Тізбеден алып тастау туралы шешімді уәкілетті орган осы Қағидалардың 20-тармағында белгіленген жағдайлардың бірі анықталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      22. Өзекті тізбе тиісті шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      23. Уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда өтініш беруші оның әрекеттеріне 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес шағым жасайды.

      24. Осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген жағдайда тізбені қалыптастыру процесі уәкілетті органның іс-әрекетіне шағым мәні бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

  Қалдықтарды энергетикалық
кәдеге жаратуды пайдаланатын
энергия өндіруші ұйымдар
тізбесін қалыптастыру
қағидаларына
1-қосымша
  Форма

Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымды тізбеге енгізуге өтініш

      Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізуді сұраймын:

      __________________________________________________________________

      Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Бірінші басшы: ____________________________________________________

      Қолы: ______________

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "___" ________

  Қалдықтарды энергетикалық
кәдеге жаратуды пайдаланатын
энергия өндіруші ұйымдар
тізбесін қалыптастыру
қағидаларына
2-қосымша
  Форма

Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесі

Энергия өндіруші ұйымның атауы

Заңды мекенжайы

Байланыс телефоны, электрондық поштасы

Қызмет түрі

Мәлімделген технология
(қысқаша сипаттама)








Об утверждении Правил формирования перечня энергопроизводящих организаций, использующих энергетическую утилизацию отходов

Приказ и.о. Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 18 марта 2021 года № 69. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 марта 2021 года № 22368. Утратил силу приказом и.о. Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 10 августа 2021 года № 321.

      Об утверждении Правил формирования перечня энергопроизводящих организаций, использующих энергетическую утилизацию отходов

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 10.08.2021 № 321 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 28-17) статьи 17 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила формирования перечня энергопроизводящих организаций, использующих энергетическую утилизацию отходов.

      2. Департаменту политики управления отходами Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. министра экологии,
      геологии и природных ресурсов
      Республики Казахстан       Е. Нысанбаев

      Утвержден приказом
и.о. Министра экологии,
геологии и природных ресурсов
Республики Казахстан
от 18 марта 2021 года № 69

      Правила формирования перечня энергопроизводящих организаций, использующих энергетическую утилизацию отходов

      Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила формирования перечня энергопроизводящих организаций, использующих энергетическую утилизацию отходов (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 28-17) статьи 17 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года (далее – Экологический кодекс) и определяют порядок формирования перечня энергопроизводящих организаций, использующих энергетическую утилизацию отходов (далее – Перечень).

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) аукционные торги – процесс, организуемый и проводимый организатором аукционных торгов в электронной системе на основе аукциона и направленный на отбор проектов по строительству новых объектов по использованию возобновляемых источников энергии с учетом плана размещения данных объектов, объектов по энергетической утилизации отходов и определение аукционных цен электрической энергии, производимой объектами по использованию возобновляемых источников энергии, объектами по энергетической утилизации отходов;

      2) организатор аукционных торгов – юридическое лицо, определяемое центральным исполнительным органом, осуществляющим руководство и межотраслевую координацию в области поддержки использования возобновляемых источников энергии, осуществляющее организацию и проведение аукционных торгов;

      3) расчетно-финансовый центр по поддержке возобновляемых источников энергии (далее – расчетно-финансовый центр) – юридическое лицо, создаваемое системным оператором и определяемое центральным исполнительным органом, осуществляющим руководство и межотраслевую координацию в области поддержки использования возобновляемых источников энергии, осуществляющее централизованную покупку и продажу электрической энергии, произведенной объектами по использованию возобновляемых источников энергии, объектами по энергетической утилизации отходов и поставленной в электрические сети единой электроэнергетической системы Республики Казахстан;

      4) энергетическая утилизация отходов – процесс термической обработки отходов с целью уменьшения их объема и получения энергии, в том числе использования их в качестве вторичных и (или) энергетических ресурсов, за исключением получения биогаза и иного топлива из органических отходов;

      5) участник аукционных торгов по отбору проектов по энергетической утилизации отходов - лицо, прошедший регистрацию у организатора аукционных торгов и получивший статус участника;

      6) объект по энергетической утилизации отходов – совокупность технических устройств и установок, предназначенных для энергетической утилизации отходов, и взаимосвязанных с ними сооружений и инфраструктуры, технологически необходимых для энергетической утилизации отходов;

      7) энергопроизводящая организация, использующая энергетическую утилизацию отходов – юридическое лицо, включенное в Перечень, осуществляющее производство энергии, получаемой от энергетической утилизации отходов;

      8) уполномоченный орган в области охраны окружающей среды (далее – уполномоченный орган) - центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области охраны окружающей среды и природопользования, а также его территориальные органы.

      3. Перечень предназначен для организации и проведения аукционных торгов по отбору проектов по строительству объектов по энергетической утилизации отходов.

      Глава 2. Порядок формирования перечня энергопроизводящих организаций, использующих энергетическую утилизацию отходов

      4. Для осуществления отбора технологий по энергетической утилизации отходов, определения группы населенных пунктов для внедрения объектов энергетической утилизации и проведения аукционных торгов решением уполномоченного органа создается Комиссия по вопросам формирования Перечня (далее – Комиссия), которая состоит из председателя и ее членов. Комиссия формируется из нечетного количества членов, численностью не более семи членов.

      Состав Комиссии определяется уполномоченным органом.

      Решение о создании Комиссии размещается на официальном интернет-ресурсе уполномоченного органа.

      5. В течение пяти рабочих дней после создания Комиссии членами Комиссии открытым голосованием принимается решение об определении группы населенных пунктов для внедрения объектов энергетической утилизации. Результаты голосования определяются большинством голосов членов комиссии.

      Решение Комиссии об определении группы населенных пунктов для внедрения объектов энергетической утилизации оформляется протоколом, подписывается председателем и членами Комиссии.

      6. Уполномоченный орган направляет организатору аукционных торгов информацию об определении Комиссией группы населенных пунктов для внедрения объектов энергетической утилизации для проведения аукционных торгов по отбору проектов по энергетической утилизации отходов с приложением соответствующего протокола Комиссии.

      7. Уполномоченный орган в течение пяти рабочих дней со дня получения от организатора аукционных торгов по отбору проектов по энергетической утилизации отходов информации о проведении аукционных торгов публикует на своем интернет-ресурсе информацию о начале и дате завершения сроков приема заявок для формирования Перечня.

      8. Перечень формируется из числа участников аукционных торгов по отбору проектов по энергетической утилизации отходов, прошедших регистрацию у организатора аукционных торгов.

      Участниками аукционных торгов по отбору проектов по энергетической утилизации отходов являются юридические лица и (или) консорциумы, заинтересованные в осуществлении деятельности по производству энергии, получаемой от энергетической утилизации отходов и юридические лица, осуществляющие производство энергии, получаемой от энергетической утилизации отходов.

      9. Включение уполномоченным органом участников аукционных торгов по отбору проектов по энергетической утилизации отходов в Перечень осуществляется при условии соответствия их требованиям, установленным пунктом 10 настоящих Правил, и соответствия предлагаемых ими технологий требованиям к эксплуатации объектов по энергетической утилизации отходов, утверждаемым уполномоченным органом.

      10. Требованиями к участникам аукционных торгов по отбору проектов по энергетической утилизации отходов (далее – заявители) для включения в Перечень участники являются:

      1) опыт заявителя или любого из участников консорциума, партнерства, заявленного вместе с заявителем, строительства должен составлять не менее, чем 10 объектов, и не менее 10 лет опыта эксплуатации объектов по энергетической утилизации;

      2) заявителем или любым из участников консорциума, партнерства, заявленного вместе с заявителем, осуществлено строительство объекта по энергетической утилизации, которое функционирует не менее 8 000 часов в год;

      3) соответствие предлагаемой заявителем технологии экологическим требованиям, эквивалентным Директиве 2010/75/ЕС Европейского Парламента и Совета Европейского Союза "О промышленных выбросах (о комплексном предотвращении загрязнения и контроле над ним)";

      4) при участии консорциума или партнерства, одним из участников такого консорциума или партнерства выступает юридическое лицо-резидент Республики Казахстан, которое является основным партнером по консорциальному соглашению;

      5) соответствие заявителя или одного из участников консорциума, который является резидентом Республики Казахстан, следующим критериям:

      опыт не менее 3 лет в переработке и (или) утилизации отходов в Республике Казахстан;

      опыт переработки и (или) утилизации не менее 30 000 тонн отходов в год в Республике Казахстан;

      опыт осуществления сбора и утилизации отходов комплексного полифракционного состава (включающих не менее пяти фракций) и самостоятельной утилизации не менее 90% объема утилизируемых отходов от общей массы собранных им отходов в Республике Казахстан с получением не менее 5 видов продукции;

      наличие заключения о проведении экологического аудита.

      11. Заявители для подтверждения соответствия требованиям, указанным в пункте 10 настоящих Правил, а также для включения в Перечень представляют членам Комиссии на электронном носителе на казахском и русском языках следующие документы:

      1) заявление на включение в Перечень по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      2) сведения о государственной регистрации и (или) перерегистрации заявителя-резидента Республики Казахстан или апостилированные сведения о регистрации и (или) перерегистрации заявителя, не являющегося резидентом Республики Казахстан, в том числе в отношении юридических лиц, являющихся вместе с заявителем участниками консорциумов;

      3) основные характеристики технологии по энергетической утилизации отходов, в том числе соответствие экологическим требованиям в части выбросов и сбросов;

      4) сведения об опыте заявителя или любого из участников консорциума, заявленного вместе с заявителем, строительства не менее, чем 10 объектов, и не менее 10 лет опыта эксплуатации объектов по энергетической утилизации;

      5) информация о функционировании объекта по энергетической утилизации не менее 8 000 часов в год;

      6) консорциальное соглашение с разграничением прав и обязанностей участников консорциума (при участии консорциума), основным из участников которого является юридическое лицо-резидент Республики Казахстан;

      7) документы, подтверждающие соответствие заявителя или одного из участников консорциума-резидента Республики Казахстан требованиям, указанным в подпункте 5) пункта 10 настоящих Правил;

      8) гарантийное письмо о том, что в отношении заявителя не осуществляются процедуры банкротства или ликвидации на момент подачи заявления на включение в Перечень.

      Заявители представляют оригиналы документов либо нотариально заверенные копии документов. Документы, оригиналы которых изложены на иностранном языке, сопровождаются нотариально заверенным переводом на казахский и русский языки. Документы, представляемые на электронном носителе, являются сканированными копиями с оригинальных бумажных документов. Документы, изначально сформированные в электронном виде, заверенные или подписанные электронной цифровой подписью, прилагаются в виде оригинального электронного документа, не подвергавшегося изменению и (или) дополнению, включая название электронного файла.

      12. Комиссией в течение 5 (пяти) рабочих дней с момента получения документов, указанных в пункте 11 настоящих Правил, проверяется полнота представленных документов и (или) сведений, содержащихся в них.

      13. В случае предоставления неполного пакета документов и (или) сведений, содержащихся в них, Комиссия в срок, указанный в пункте 12 настоящих Правил, возвращает их Заявителю с указанием причин возврата.

      При предоставлении полного пакета документов и (или) сведений Комиссия рассматривает их в течение тридцати календарных дней.

      14. По результатам рассмотрения представленных документов Комиссия в пределах сроков, указанных в пункте 13 настоящих Правил, выносит решение о соответствии или о несоответствии Заявителя и его технологии по энергетической утилизации отходов требованиям настоящих Правил.

      Решение Комиссии принимается открытым голосованием.

      Результаты голосования определяются большинством голосов членов комиссии.

      Решения Комиссии оформляется протоколом, подписывается председателем и членами Комиссии.

      15. Формирование Перечня осуществляется уполномоченным органом на основании решения Комиссии в форме приказа в соответствии с подпунктом 28-19) статьи 17 Экологического кодекса.

      16. Перечень утверждается по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам и утверждается уполномоченным органом.

      17. Уполномоченный орган в течение пяти рабочих дней со дня формирования Перечня уведомляет заявителей, не включенных в Перечень, о принятом Комиссией решении в произвольной форме с указанием причин.

      18. Включение участника аукционных торгов по отбору проектов по энергетической утилизации в Перечень является основанием для его участия в торговой сессии аукционных торгов по отбору проектов по энергетической утилизации отходов.

      19. С момента включения участника аукционных торгов по отбору проектов по энергетической утилизации в Перечень данный участник приобретает статус энергопроизводящей организации, использующей энергетическую утилизацию отходов.

      20. Энергопроизводящая организация исключается уполномоченным органом из утвержденного Перечня в следующих случаях:

      1) если владелец объекта по энергетической утилизации отходов отказывается от дальнейшей реализации проекта путем направления соответствующего письма уполномоченному органу;

      2) при отклонениях от сроков реализации проекта;

      3) если технология энергетической утилизации отходов победителя аукционных торгов, предусмотренная в утвержденной проектной (проектно-сметной) документации на строительство объекта, не соответствует заявленным технологиям в рамках включения энергопроизводящей организации в Перечень;

      4) если владелец объекта по энергетической утилизации в течение года с даты включения в Перечень не участвует в аукционных торгах.

      21. Решение об исключении энергопроизводящей организации из Перечня осуществляется уполномоченным органом в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней с даты выявления одного из случаев, установленных пунктом 20 настоящих Правил.

      22. Актуальный Перечень размещается на официальном интернет-ресурсе уполномоченного органа в течение 3 (трех) рабочих дней с даты принятия соответствующего решения.

      23. В случаях несогласия с решением уполномоченного органа заявитель обжалует его действия в соответствии с Гражданским процессуальным кодексом Республики Казахстан от 31 октября 2015 года.

      24. В случае, предусмотренном пунктом 23 настоящих Правил, процесс формирования Перечня приостанавливается до вынесения решения по существу жалобы на действия уполномоченного органа.

      Приложение 1
к Правилам формирования перечня
энергопроизводящих организаций,
использующих энергетическую
утилизацию отходов

      Форма

      Заявление на включение в Перечень энергопроизводящих организаций, использующих энергетическую утилизацию отходов

      Прошу включить в перечень энергопроизводящих организаций, использующих энергетическую утилизацию отходов:
      __________________________________________________________________________________________________________
      К заявке прилагаются следующие документы: __________________________________________________________________
      ________________________________________________________________ _________________________________________

      Первый руководитель: ____________________________________________

      Подпись: ______________
Дата заполнения "___" ________ 20__ года

      Приложение 2
к Правилам формирования перечня
энергопроизводящих организаций,
использующих энергетическую
утилизацию отходов

      Форма

      Перечень энергопроизводящих организаций, использующих энергетическую утилизацию отходов

Наименование энергопроизводящей организации

Юридический адрес

Контактный телефон, электронная почта

Вид деятельности

Заявленная технология

(краткое описание)