"Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 9-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 18 шілдедегі № 210 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15467 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 16 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидаларын бекіту және оны іріктеу өлшемшарттарын белгілеу туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидалары бекітілсін.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қоғамдық маңызы бар әдебиетті іріктеу өлшемшарттары белгіленсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив ісі және құжаттама департаменті заңнамада бекітілген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
министрдің міндетін атқарушы | Н. Дауешов |
министрдің міндетін атқарушы 2021 жылғы 19 наурыздағы № 74 бұйрыққа 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 18 шілдедегі № 210 бұйрығына 1-қосымша |
Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) автор – шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындысын жасаған жеке тұлға;
2) қоғамдық маңызы бар әдебиет – қоғамның рухани-білім және зияткерлік-мәдени әлеуетін арттыруға бағытталған өзекті шығармалар.
2-тарау. Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу тәртібі
3. Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу үшін бұрын шығарылмаған әдебиеттерге іріктеу (бұдан әрі – іріктеу) жүргізіледі.
4. Іріктеуге қатысу үшін автор (авторлар) не оның сенімхаты бойынша өкіл (бұдан әрі – автор) күнтізбелік жылдың 1 ақпанынан 1 мамырына дейін мәдениет саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімді жібереді. Өтінімге мынадай құжаттар мен материалдар қоса беріледі:
1) туынды авторының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, өтінімді автордың өкілі оның сенімхаты бойынша ұсынған жағдайда, туынды авторының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі қосымша ұсынылады;
2) автордың өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат;
3) А4 форматындағы әдебиеттің электрондық нұсқасы, шет сызықтары: сол жақ шеті – 25 миллиметр, оң жақ шеті – 15 миллиметр, жоғарғы шеті – 20 миллиметр, төменгі шеті – 20 миллиметр, Times New Roman қарпімен басылған, № 14 мөлшері, "біржолдық" жоларалық интервалда және (немесе) PDF форматында фотоальбом, сурет-альбом, кітап-альбом және әдебиеттің барлық түрлерінде иллюстрациялар.
Әдебиеттің көлемі авторлық парақтарда өлшенеді, ол: прозада – 40 000 белгіге, поэзияда – 700 өлең жолдарына тең. Фотоальбомның, сурет-альбомның және кітап-альбомның көлемі авторлық парақтарда өлшенеді, ол иллюстрациялық және бейнелеу материалдарының кескін ауданының 3000 шаршы сантиметріне тең.
5. Іріктеу келесі әдебиет түрлері бойынша жүргізіледі:
1) энциклопедиялық және анықтамалық әдебиет;
2) балалар және жасөспірімдерге арналған әдебиет;
3) мәдениет және өнер туралы әдебиет, оның ішінде ноталық әдебиет (ноталық шығармаларда ноталар шығарманың жалпы көлемінің 50% құрайды);
4) көркем әдебиет;
5) танымдық әдебиет;
6) қоғамдық-саяси әдебиет;
7) ғылыми-көпшілік әдебиет;
8) аударма әдебиет;
9) мерейтойлар мен атаулы күндерге арналған әдебиет;
6. Әдебиеттің бір түрі бойынша автор біреуден артық емес шығарма жолдай алады.
7. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар мен материалдар мынадай жағдайларда қараусыз қайтарылады:
1) осы Қағидалардың 4-тармағының бірінші абзацында көрсетілген мерзім өткеннен кейін уәкілетті органға келіп түскенде;
2) осы Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келмегенде;
3) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар мен материалдар тізбесі толық болмаған жағдайда.
8. Уәкілетті органға келіп түскен әдебиет Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі сараптама комиссиясының (бұдан әрі – Сараптама комиссиясы) қарауына енгізіледі.
9. Ұсынылған әдебиетті күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін Сараптама комиссиясы оның көркемдік құндылығының болуы, сондай-ақ сатып алудың өзектілігі, орындылығы тұрғысынан зерделеу және ол бойынша қорытынды дайындау үшін қарайды.
10. Сараптама комиссиясының қарау қорытындысы бойынша әрбір әдебиет бойынша қорытынды дайындалады.
11. Сараптама комиссиясының оң қорытындысын алған әдебиет қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында уәкілетті орган күнтізбелік жылдың 1 қарашасына дейін Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) қарауына енгізеді.
12. Ведомствоаралық комиссия күнтізбелік жылдың 25 қарашасына дейін уәкілетті орган ұсынған Сараптама комиссиясының қорытындыларын қарайды және қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды сатып алу бойынша шешім қабылдайды.
13. Ведомствоаралық комиссияның оң шешімі қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу үшін негіз болып табылады.
14. Сатып алынатын қоғамдық маңызы бар әдебиеттер тізімі уәкілетті органның интернет-ресурсында Ведомствоаралық комиссияның оң шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде орналастырылады.
15. Әдебиет "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Заң) 31-бабына сәйкес сатып алынады.
3-тарау. Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару тәртібі
16. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығаруға өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) қабылдау жүзеге асырылады.
17. Автор немесе өзге құқық иеленуші өтінімді күнтізбелік жылдың 5 қаңтарынан бастап 1 маусымына дейін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына (бұдан әрі – Кітап палатасы) ұсынады. Өтінімге мынадай құжаттар мен материалдар қоса беріледі:
1) А4 форматындағы әдебиеттің және оның 2-3 парақтағы қысқаша мазмұнының электрондық нұсқасы, шет сызықтары: сол жақ шеті – 25 миллиметр, оң жақ шеті – 15 миллиметр, жоғарғы шеті – 20 миллиметр, төменгі шеті – 20 миллиметр, Times New Roman қарпімен басылған, № 14 мөлшері, "біржолдық" жоларалық интервалда және (немесе) PDF форматында фотоальбом, сурет-альбом, кітап-альбом;
2) "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Заңның 31-бабына сәйкес жасалған айрықша құқықтарды беру туралы нотариалды куәландырылған авторлық шарттың (заңды тұлғалар үшін) көшірмесі;
3) автордың ұсынған туындысын уәкілетті органмен интернет-ресурсында орналастыруға жазбаша келісімі (авторлық шартта ондай келісім болмаған жағдайда);
4) өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған заңды тұлғамен айрықша құқықтарды беру туралы авторлық шарт жасасуға автордың жазбаша келісімі.
18. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар мен материалдар мынадай жағдайларда қараусыз қайтарылады:
1) осы Қағидалардың 17-тармағының бірінші абзацында көрсетілген мерзім өткеннен кейін уәкілетті органға келіп түскенде;
2) осы Қағидалардың 17-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келмегенде;
3) осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген құжаттар мен материалдар тізбесі толық болмаған жағдайда.
19. Кітап палатасы құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде басып шығаруға келіп түскен қоғамдық маңызы бар әдебиеттің қысқаша мазмұнын алдын ала іріктеу жүргізу үшін күнтізбелік жылдың 1 тамызына дейінгі мерзімге өзінің www.kitap-palatasy.kz интернет-ресурсында орналастырады.
20. Алдын ала іріктеу Кітап палатасының интернет-ресурсында пайдаланушылардың дауыс беруі жолымен жүргізіледі.
21. Осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін Кітап палатасы жанындағы Тәуелсіз комиссия пайдаланушылардың дауыстарын ескере отырып, қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығаруға өтінімдерді алдын ала іріктеу қорытындысын шығарады.
22. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығаруға өтінімдерді алдын ала іріктеу қорытындылары бойынша уәкілетті орган күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде алдын ала іріктелген әдебиеттің көркемдік құндылығының болуы, сондай-ақ басып шығарудың өзектілігі, орындылығы тұрғысынан зерделеу және ол бойынша қорытынды дайындау үшін Сараптама комиссиясының қарауына енгізеді.
23. Сараптама комиссиясының қарау қорытындысы бойынша әрбір әдебиет бойынша қорытынды дайындалады.
24. Сараптама комиссиясының оң қорытындысын алған әдебиет қоғамдық маңызы бар әдебиет ретінде басып шығару жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу мақсатында күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанына дейін Ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізіледі.
25. Ведомствоаралық комиссияның оң шешімі қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығаруға негіз болып табылады.
26. Басып шығарылатын қоғамдық маңызы бар әдебиеттер тізімі Ведомствоаралық комиссияның оң шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
27. Басып шығарылған әдебиет азаматтық заңнамаға сәйкес шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлғалармен мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға жіберіледі.
Өтінім
Белгілі бір мерзімге қоғамдық маңызы бар әдебиеттің мүліктік құқықтарын сатып алу үшін іріктеу мақсатында келесі туындыны қарауды сұраймын:
___________________________________________________________________.
(шығарма авторының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), шығарманың атауы,
әдебиет түрі; тілі; авторлық парақтардағы көлемі; қысқаша мазмұны)
Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидаларының 4-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттар мен материалдар тізбесі:
1.
2.
______________________________
(автордың немесе сенімхат негізіндегі өкілінің қолы)
Өтінім беру күні " "________ 20__ жыл
Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығаруға өтінім
Басып шығару үшін келесі шығарманы қарастыруды сұраймын:
___________________________________________________________________.
(шығарма авторының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), шығарманың атауы;
әдебиет түрі; тілі; шартты баспа табақтағы көлемі; бояуы, қысқаша мазмұны)
Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидаларының 17-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттар мен материалдар тізбесі:
1.
2.
___________________________
(жеке тұлғаның қолы немесе Мөр орны (болған жағдайда)
заңды тұлғаның атауы)
Өтінім беру күні " "___________ 20___ жыл
министрдің міндетін атқарушы 2021 жылғы 19 наурыздағы № 74 бұйрыққа 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 18 шілдедегі № 210 бұйрығына 2-қосымша |
Қоғамдық маңызы бар әдебиетті іріктеу өлшемшарттары
1. Көркемдік құндылық;
2. Зияткерлік-білім беру және танымдық мазмұн;
3. Рухани-адамгершілік мәдениетті тәрбиелеу;
4. Тарихи шынайылық;
5. Берілген тақырыпқа сәйкес келетін сапалы иллюстрациялық және бейнелеу материалдар (болған жағдайда);
6. Аударманың әдебиеттің түпнұсқасына сәйкестігі.