"Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 685 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 96 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 наурызда № 22388 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 685 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12474 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 19 наурыздағы
№ 96 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 685 бұйрығымен
бекітілген

Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 70-20-тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) бірыңғай сатып алушы – осы Заңда көзделген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;

      2) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желісі бойынша беруді, оған техникалық қызмет көрсетуді және оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;

      3) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      4) электр қуатына болжамды сұраныс – Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің қажетті электр қуатының резерві және электр энергиясының көтерме нарығы субъектілерінің электр қуатын тұтынуының жылдық ең жоғарғы көлемінің болжамын айқындайтын жүйелік оператормен әзірленетін құжат;

      5) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет – белгіленген тәртіпте жүктемені көтеруге аттестатталған генерациялық қондырғының электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша энергия өндіруші кәсіпорынмен бірыңғай сатып алушыға көрсетілетін қызмет;

      6) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет – Қазақстан Республикасы бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде белгіленген тәртіпте жүктемені көтеруге аттестатталған генерациялық қондырғылардың электр қуатының дайындығын ұстап тұруды қамтамасыз ету бойынша бірыңғай сатып алушымен көрсетілетін қызмет;

      7) электр қуатының орталықтандырылған саудасы – электронды сауда жүйесінде электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке бірыңғай сатып алушымен энергия өндіруші кәсіпорын арасындағы келісім жасауға бағытталған жүйе.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқа ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Алдағы күнтізбелік жылдың жүктемесін көтеруге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеу тәртібі

      3. Алдағы күнтізбелік жылға жүктемені көтеруге электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны (бұдан әрі – қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің бағасы) есептеу бірыңғай сатып алушымен мына негіздерде жүзеге асырылады:

      1) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша қалыптасқан электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке орташа алынған баға;

      2) генерациялайтын қондырғыны салуға бірыңғай сатып алушы тендер жеңімпазымен жасалған, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға, сондай-ақ құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен уәкілетті органмен инвестициялық келісім жасаған электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы барлық келісімдер электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке орташа алынған баға;

      3) көтерме сауда нарығы субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдардың және тұтынушылардың тұтынуға арналған болжамды өтінімдері;

      4) алдағы және келесі күнтізбелік жылдарға электр қуатына болжамды сұраныс;

      5) бағаны есептеу жүзеге асырылатын жылдың алдындағы жылға электр қуаты нарығында бірыңғай сатып алушының қызметі бойынша аудиторлық есеппен расталған оң қаржылық нәтижесі.

      4. Бірыңғай сатып алушы алдағы күнтізбелік жылға қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны мына формула бойынша есептейді:



      мұнда:


– алдағы күнтізбелік жылға арналған қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің бағасы, айына бір МВт үшін теңгемен;

– j бойынша сома;

– 1-ден m-ге дейін өзгеретін реттік;

– бірыңғай сатып алушы мен энергия өндіруші ұйымдар арасында жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы қолданыстағы шарттардың жалпы саны;

– электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алу туралы қолданыстағы j-шартта алдағы күнтізбелік жылға көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтің көлемі, МВт-пен;

– электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы j-том қолданыстағы шартта алдағы күнтізбелік жылға көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің бағасы, айына бір МВт үшін теңгемен;

– күнтізбелік жылдың ұзақтығы, айлармен;

– электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығындардан басқа, Бірыңғай сатып алушының алдағы күнтізбелік жылда электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге байланысты экономикалық негізделген шығындары, теңгемен;

– баға есебі жүзеге асырылатын жылдың алдындағы жылға электр қуаты нарығында бірыңғай сатып алушының көрсетілетін қызметі бойынша аудиторлық есеппен расталған оң қаржылық нәтиже, теңгемен.

үшін қаржылық нәтиже:

      бірыңғай сатып алушының тиісті жылға бағаны бекіту кезінде ескерілген шығындардан аспайтын іс жүзінде шеккен операциялық шығындары;

      уәкілетті органның тапсырысы бойынша алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге арналған жабылмаған шығындар;

      есептік корпоративтік табыс салығы шегеріле отырып, бірыңғай сатып алушының электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу жөніндегі қызметінің жалпы нәтижесі және электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті көрсету негізге алынып қалыптастырылады;


– і бойынша сома;

– 1-ден n-ге дейін өзгеретін реттік нөмір;

– "Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығына (бұдан әрі – Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) сәйкес жүйелік оператор ағымдағы күнтізбелік жылы әзірлеген, алдағы және кейінгі күнтізбелік жылдарға арналған электр қуатына тиісті болжамды сұранысқа сәйкес көтерме сауда нарығы субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдардың және тұтынушылардың жалпы саны;

– Электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылы жүйелік операторға жіберілген көтерме сауда нарығы субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші і-ұйымдардың және тұтынушылардың тұтынуға арналған тиісті болжамды өтінімде көрсетілген тұтынудың алдағы күнтізбелік жылдағы ең жоғары электр қуаты.

3-тарау. Алдағы күнтізбелік жылға қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны интернет-ресурсында орналастыру тәртібі

      5. Бірыңғай сатып алушы жыл сайын 1 желтоқсанға дейін алдағы жылға қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны негіздемелі есептемелерімен бірге өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген негіздемелі есептемелер, осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген барлық формула компоненттерін нақтылауымен бірыңғай сатып алушының интернет-ресурсында орналастырылады.

О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 3 декабря 2015 года № 685 "Об утверждении Правил расчета и размещения на интернет-ресурсе единым закупщиком цены на услуги по обеспечению готовности электрической мощности к несению нагрузки"

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 19 марта 2021 года № 96. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 марта 2021 года № 22388

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 3 декабря 2015 года № 685 "Об утверждении Правил расчета и размещения на интернет-ресурсе единым закупщиком цены на услуги по обеспечению готовности электрической мощности к несению нагрузки" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12474, опубликован 8 января 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующее изменение:

      Правила расчета и размещения на интернет-ресурсе единым закупщиком цены на услуги по обеспечению готовности электрической мощности к несению нагрузки, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту развития электроэнергетики Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
Н. Ногаев

  Приложение к приказу
Министра энергетики
Республики Казахстан
от 19 марта 2021 года № 96
  Утверждены приказом
Министра энергетики
Республики Казахстан
от 3 декабря 2015 года № 685

Правила расчета и размещения на интернет-ресурсе единым закупщиком цены на услугу по обеспечению готовности электрической мощности к несению нагрузки

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила расчета и размещения на интернет-ресурсе единым закупщиком цены на услугу по обеспечению готовности электрической мощности к несению нагрузки (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 70-20) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об электроэнергетике" (далее – Закон) и определяют порядок расчета и размещения на интернет-ресурсе единым закупщиком цены на услугу по обеспечению готовности электрической мощности к несению нагрузки.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) единый закупщик – юридическое лицо, определяемое уполномоченным органом, осуществляющее централизованную покупку услуги по поддержанию готовности электрической мощности и централизованное оказание услуги по обеспечению готовности электрической мощности к несению нагрузки в порядке, предусмотренном Законом;

      2) системный оператор – национальная компания, осуществляющая централизованное оперативно-диспетчерское управление, обеспечение параллельной работы с энергосистемами других государств, поддержание баланса в энергосистеме, оказание системных услуг и приобретение вспомогательных услуг у субъектов оптового рынка электрической энергии, а также передачу электрической энергии по национальной электрической сети, ее техническое обслуживание и поддержание в эксплуатационной готовности;

      3) уполномоченный орган – государственный орган, осуществляющий руководство в области электроэнергетики;

      4) прогнозный спрос на электрическую мощность – разработанный системным оператором документ, определяющий прогнозные величины максимального в году потребления электрической мощности субъектов оптового рынка электрической энергии и необходимые резервы электрической мощности единой электроэнергетической системы Казахстана;

      5) услуга по поддержанию готовности электрической мощности – услуга, оказываемая энергопроизводящими организациями единому закупщику, по поддержанию готовности аттестованной в установленном порядке электрической мощности генерирующих установок к несению нагрузки;

      6) услуга по обеспечению готовности электрической мощности к несению нагрузки – услуга, оказываемая единым закупщиком, по обеспечению готовности аттестованной в установленном порядке электрической мощности генерирующих установок в единой электроэнергетической системе Республики Казахстан к несению нагрузки;

      7) централизованные торги электрической мощностью – процесс, направленный на заключение договоров на оказание услуг по поддержанию готовности электрической мощности между энергопроизводящими организациями и единым закупщиком, в электронной системе торговли.

      Иные понятия и определения, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области электроэнергетики.

Глава 2. Порядок расчета цены на услугу по обеспечению готовности электрической мощности к несению нагрузки на предстоящий календарный год

      3. Расчет цены на услугу по обеспечению готовности электрической мощности к несению нагрузки (далее – цена на услугу по обеспечению) на предстоящий календарный год осуществляется единым закупщиком на основании:

      1) средневзвешенной цены на услугу по поддержанию готовности электрической мощности, сложившейся по результатам централизованных торгов электрической мощностью;

      2) средневзвешенной цены на услугу по поддержанию готовности электрической мощности всех договоров о покупке услуги по поддержанию готовности электрической мощности, заключенных единым закупщиком с победителями тендеров на строительство генерирующих установок, вновь вводимых в эксплуатацию, а также с победителями аукционных торгов, с действующими энергопроизводящими организациями, которые заключили инвестиционное соглашение на модернизацию, расширение, реконструкцию и (или) обновление с уполномоченным органом, а также с действующими энергопроизводящими организациями, в состав которых входят теплоэлектроцентрали;

      3) прогнозных заявок на потребление энергоснабжающих, энергопередающих организаций и потребителей, являющихся субъектами оптового рынка;

      4) прогнозного спроса на электрическую мощность на предстоящий и последующий календарные годы;

      5) положительного финансового результата, подтвержденного аудиторским отчетом, по деятельности единого закупщика на рынке электрической мощности за год, предшествующий году, в котором осуществляется расчет цены.

      4. Цена на услугу по обеспечению на предстоящий календарный год рассчитывается единым закупщиком с точностью до целых по следующей формуле:

     


      где:

     

– цена на услугу по обеспечению на предстоящий календарный год, в тенге за один МВт в месяц;

     

– сумма по j;

     

– порядковый номер, изменяющийся от 1 до m;

     

– общее количество действующих договоров о покупке услуги по поддержанию готовности электрической мощности, заключенных между единым закупщиком и энергопроизводящими организациями;

     

– объем услуги по поддержанию готовности электрической мощности, указанный на предстоящий календарный год в j-том действующем договоре о покупке услуги по поддержанию готовности электрической мощности, в МВт;

     

– цена на услугу по поддержанию готовности электрической мощности, указанная на предстоящий календарный год в j-том действующем договоре о покупке услуги по поддержанию готовности электрической мощности, в тенге за один МВт в месяц;

     

– длительность календарного года, в месяцах;

     

– иные, помимо затрат на покупку услуги по поддержанию готовности электрической мощности, экономически обоснованные затраты единого закупщика в предстоящем календарном году, связанные с оказанием услуги по обеспечению готовности электрической мощности к несению нагрузки в предстоящем календарном году, в тенге;

     

– положительный финансовый результат, подтвержденный аудиторским отчетом, по деятельности единого закупщика на рынке электрическом мощности за год, предшествующий году, в котором осуществляется расчет цены, в тенге.

      Финансовый результат для расчета

формируется исходя из валового результата от деятельности единого закупщика по покупке услуги по поддержанию готовности электрической мощности и оказания услуги по обеспечению готовности электрической мощности за вычетом:

      фактический понесенных операционных затрат единого закупщика, но не выше затрат, учтенных при утверждении цены на соответствующий год;

      непокрытых затрат на разработку предварительного технико-экономического обоснования по заказу уполномоченного органа;

      расчетного корпоративного подоходного налога;

     

– сумма по i;

     

– порядковый номер, изменяющийся от 1 до n;

     

– общее количество энергоснабжающих, энергопередающих организаций и потребителей, являющихся субъектами оптового рынка, согласно соответствующему прогнозному спросу на электрическую мощность на предстоящий и последующий календарные годы, разработанному системным оператором в текущем календарном году согласно приказу Министра энергетики Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 152 "Об утверждении Правил организации и функционирования рынка электрической мощности" (далее – Правила организации и функционирования рынка электрической мощности) (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10612);

     

– максимальная в предстоящем календарном году электрическая мощность потребления, указанная в соответствующей прогнозной заявке на потребление i-той энергоснабжающей, энергопередающей организации и потребителя, являющегося субъектом оптового рынка, направленной системному оператору в текущем календарном году согласно Правилам организации и функционирования рынка электрической мощности.

Глава 3. Порядок размещения на интернет-ресурсе цены на услугу по обеспечению на предстоящий календарный год

      5. Единый закупщик ежегодно до 1 декабря размещает цену на услугу по обеспечению на предстоящий год на своем интернет-ресурсе вместе с подтверждающими расчетами.

      Подтверждающие расчеты, указанные в части первой настоящего пункта, размещаются на интернет-ресурсе единого закупщика с детализацией всех компонентов формулы, указанной в пункте 4 настоящих Правил.