БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 685 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12474 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Н. Ногаев |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2021 жылғы 19 наурыздағы № 96 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 685 бұйрығымен бекітілген |
Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 70-20-тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) бірыңғай сатып алушы – осы Заңда көзделген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;
2) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желісі бойынша беруді, оған техникалық қызмет көрсетуді және оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;
3) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) электр қуатына болжамды сұраныс – Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің қажетті электр қуатының резерві және электр энергиясының көтерме нарығы субъектілерінің электр қуатын тұтынуының жылдық ең жоғарғы көлемінің болжамын айқындайтын жүйелік оператормен әзірленетін құжат;
5) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет – белгіленген тәртіпте жүктемені көтеруге аттестатталған генерациялық қондырғының электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша энергия өндіруші кәсіпорынмен бірыңғай сатып алушыға көрсетілетін қызмет;
6) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет – Қазақстан Республикасы бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде белгіленген тәртіпте жүктемені көтеруге аттестатталған генерациялық қондырғылардың электр қуатының дайындығын ұстап тұруды қамтамасыз ету бойынша бірыңғай сатып алушымен көрсетілетін қызмет;
7) электр қуатының орталықтандырылған саудасы – электронды сауда жүйесінде электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке бірыңғай сатып алушымен энергия өндіруші кәсіпорын арасындағы келісім жасауға бағытталған жүйе.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқа ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Алдағы күнтізбелік жылдың жүктемесін көтеруге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеу тәртібі
3. Алдағы күнтізбелік жылға жүктемені көтеруге электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны (бұдан әрі – қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің бағасы) есептеу бірыңғай сатып алушымен мына негіздерде жүзеге асырылады:
1) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша қалыптасқан электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке орташа алынған баға;
2) генерациялайтын қондырғыны салуға бірыңғай сатып алушы тендер жеңімпазымен жасалған, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға, сондай-ақ құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен уәкілетті органмен инвестициялық келісім жасаған электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы барлық келісімдер электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке орташа алынған баға;
3) көтерме сауда нарығы субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдардың және тұтынушылардың тұтынуға арналған болжамды өтінімдері;
4) алдағы және келесі күнтізбелік жылдарға электр қуатына болжамды сұраныс;
5) бағаны есептеу жүзеге асырылатын жылдың алдындағы жылға электр қуаты нарығында бірыңғай сатып алушының қызметі бойынша аудиторлық есеппен расталған оң қаржылық нәтижесі.
4. Бірыңғай сатып алушы алдағы күнтізбелік жылға қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны мына формула бойынша есептейді:
мұнда:
бірыңғай сатып алушының тиісті жылға бағаны бекіту кезінде ескерілген шығындардан аспайтын іс жүзінде шеккен операциялық шығындары;
уәкілетті органның тапсырысы бойынша алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге арналған жабылмаған шығындар;
есептік корпоративтік табыс салығы шегеріле отырып, бірыңғай сатып алушының электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу жөніндегі қызметінің жалпы нәтижесі және электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті көрсету негізге алынып қалыптастырылады;
3-тарау. Алдағы күнтізбелік жылға қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны интернет-ресурсында орналастыру тәртібі
5. Бірыңғай сатып алушы жыл сайын 1 желтоқсанға дейін алдағы жылға қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны негіздемелі есептемелерімен бірге өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген негіздемелі есептемелер, осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген барлық формула компоненттерін нақтылауымен бірыңғай сатып алушының интернет-ресурсында орналастырылады.