БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйетегі № 503 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 17453 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банк жүйесінде 2018 жылғы 09 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік жасайтын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
"___"_______ 2021 жыл
Бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 151 |
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 503 бұйрығына қосымша |
Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізбесі
№ | Білім беру ұйымы типінің атауы | Білім беру ұйымы түрлерінің атауы |
1. | Мектепке дейінгі ұйымдар | 1. Бөбекжай-бақша |
2. Балабақша | ||
3. Отбасылық бөбекжай-бақша | ||
4. Санаторлық бөбекжай-бақша | ||
5. "Мектеп-бөбекжай-бақша" кешені | ||
6. Мектепке дейінгі шағын орталық | ||
2. | Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) * | 1. Бастауыш мектеп |
2. Негізгі орта мектеп | ||
3. Жалпы білім беретін мектеп | ||
4. Гимназия | ||
5. Лицей | ||
6. Бейінді мектеп | ||
7. Мектеп-гимназия | ||
8. Мектеп-лицей | ||
9. Қосымша білім беретін мектеп-орталық | ||
10. Оқу-тәрбие орталығы (кешен) | ||
3. | Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары ** | 1. Колледж |
2. Кәсіптік даярлау оқу орталығы | ||
3. Жоғары колледж | ||
4. | Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары ** | Жоғары колледж |
5. | Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ** | 1. Институт |
2. Университет | ||
3. Академия |
Ескерту:
* шағын жинақты мектептерден, ауылдық жерде орналасқан орта білім беру ұйымдарынан, түзету мекемелері жанындағы, денсаулық сақтау ұйымдары жанындағы, мәдениет және дене шынықтыру-спорт ұйымдары жанындағы орта білім беру ұйымдарынан, республикалық орта білім беру ұйымдарынан басқа;
** медициналық, әскери, арнайы оқу орындарынан, мәдениет және дене шынықтыру-спорт саласындағы білім беру ұйымдарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясынан, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясынан басқа.